Вознееновка ЖОББМ Тексерілді:______________ Қысқамерзімді жоспар №1-сабақ Сабақтың тақырыбы: Экологиялық апат
Бөлім:
4- бөлім. Ұлттық экологиялық мәдениет. Қадыр Мырза Әлі «Аралым» өлеңі
Педагогтің аты-жөні:
Муканова Д.А.
Күні:
6.11.2023ж
Сыныбы:10
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Экологиялық апат
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
10.1.2.1.Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру
10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіре біледі; Көпшілік оқушылар үшін: пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу;
Кейбір оқушылар үшін: сыни пікірін дәлелмен айта алады.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Мұғалім таратқан қима қағаздар бойынша топқа бірігеді. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ;
2 топ;
3 топ.
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.