Табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Республикамыздағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекетіміздің және азаматтардың күш–жігерін келесі негізгі бағыттарға жұмылдыру қажеті туындайды, оның құрамына экологиялық мәдениеттің, экологиялық білімнің, экологиялық насихаттың дамуы енеді. Тіршілік етіп отырған табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты пайдалана білу –адамзат алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған ортаны қорғау – әрбір қазақстандық азаматтың төл міндеті екендігі көрсетілсе, ел басымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауында аса пәрменді шаралардың бірі –қазақстандықтардың өсіп –өркендеуі, қауіпсіздігі, экологиялық ахуал екендігі көрсетілген. Сонымен бірге мемлекеттік
деңгейде қабылданып жатқан әр түрлі саладағы заңдар аясында экологиялық бағыт –бағдар көрсетілмейтін тармақтар аз.(4 – кесте) [39].