Мәдениет атты арнайы курсты оқу барысында пайдалануға, мәдениетті зерттеуге қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған. Экологиялық МӘдениет


Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары



бет15/22
Дата12.02.2022
өлшемі329,17 Kb.
#25338
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
treatise23053

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары
  • Қазақстан халқын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету;
  • Ластанған өндіріс орындарын жабу немесе модернизациялау негізінде экологиялық жағдайы ауыр аймақтарға реабилитация жасау;
  • Ұлттық ландшафтты күзету, топырақ тоқырауының алдын алу, табиғатқа зиян келтіретін «ғасыр жобасынан» бас тарту;
  • Шетелден радиоактивті қалдықтардың кіруіне тыйым салу, радиациялық қауіпсіздіктің ұлттық бағдарламасын құру;
  • «Таза» қайта қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалануды (күннің, желдің), энергия үнемдеуші технологияларды пайдалануды марапаттау, қолдау;
  • Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешу үшін халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін аз пайдалану.
  • Экологиялық сақтандыру, экологиялық айыппұл жүйесінің әсерін күшейту.
  • Құқықтың бір саласы ретіндегі экологиялық заң шығару жүйесін құрастыру;
  • Экологиялық мәдениеттің, экологиялық білімнің, экологиялық насихаттың дамуы.

Экология соңғы уақытта ішкі саясаттың, сонымен қатар халықаралық саясаттың да объекті бола бастады. Әлемдік қоғамдастық, оның ары қарай тұрақты дамуының негізі болып үш негізгі элементтердің саясаттың, экономиканың және экологияның келісуі екендігін мойындайды.

Қазіргі кезде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі –экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға көшу. Экологиялық қауіпсіздік деңгейі ұлттық және аймақтық деңгейлерде қамтамасыз етілу керек. Сондықтан, экологиялық мәселелерді шешудегі саяси, идеологиялық, экономикалық және құқықтық құралдарды өндіру, іске асыру өзекті мәселе болып табылады.

Заңнаманы жетілдіру негізінде Қазақстан Республикасының заңдары халықаралық стандарттарды енгізді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне байланысты төменде көрсетілген маңызды заң құжаттары мен нормативтік –құқықтық құжаттар қабылданды:

ҚР «Арал өңіріндегі экологиялық апаттан зардМап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы (1992);

ҚР Президентінің «Мұнай туралы» Заң күші бар жарлығы (1995);

ҚР Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң күші бар жарлығы (1996);

ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы (1997);

ҚР «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Заңы (1998);

ҚР «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңы (2002);

ҚР Премьер –Министрінің «Азғыр» және «Капустин Яр» полигондарының әсері тиген Атырау және Батыс Қазақстан облыстары аудандарының аумақтарына кешенді тексеру жүргізу жөніндегі ведомство аралық жұмыс тобын құру туралы» өкімі (2003);

ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық келісім жасау туралы» Қаулысы (2004);

ҚР Үкіметінің «Жануарлар әлемі объектілерін пайдалануды шектеу және тыйым салу ережелерін бекіту туралы»Қаулысы (2005);

ҚР Үкіметінің «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру және қолдану қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қаулысы (2005);

ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы ядролық материалдар мен ионды сәулелендіру көздерін есепке алу және қадағалаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қаулысы (2005);

ҚР «Экологиялық кодексі» (2007).

Алға қойылған міндеттерді орындау барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалауды күшейту мен міндетті экологиялық сараптаманы енгізу нәтижесінде 1990 жылдың басындағы жағдайлармен салыстырғанда қоршаған ортаның ластану қарқындылығы едәуір төмендеді.

Алайда, аумағы әлі де экологиялық тұрғыдан әлсіз болып табылатын Қазақстанда экологиялық мәселелер түбегейлі шешілмеген. Қазіргі жағдайда елдің стратегиялық басымдықтарына сай экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделіп отыр [49]. Бұл орайда экономиканы экологияландыру саясатының рөлі зор маңызға ие. Шаруашылық қызмет нәтижесінде табиғатқа келтірілген залалдар салдарынан қоршаған табиғи ортаның күннен-күнге тозуы мен ластануы табиғатты қорғау қызметін қаржыландыру мәселесін алдыңғы қатарға шығаруда. ҚР бюджеттік жүйесіне сәйкес қоршаған табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіруге арналған қаражаттарды мемлекет республикалық және жергілікті бюджеттер арқылы бөледі. Мысалы, республикалық бюджеттің шығын бөлігіне қатысты табиғатты қорғау қызметіне жұмыс-қаражат мөлшері 2000ж. 1,9%, 2001ж. 1,2%, 2002ж. 1,5%, 2003ж. 2%, 2004ж. 2,9% құрады. Табиғатты қорғауға арналған қаражаттың 62,3% мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау және жер мен жер қойнауын, су қорын, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалануға және табиғи ресурстарды қалпына келтіруге 28,8%,тазарту ғимараттарының ауызсумен қамтамасыз ету объектілерінің құрылымы мен оларды жаңадан тұрғызуға, әкімшілік шараларға 67%, тиісті саладағы автоматтандырылған ақпараттық мәліметтер қорын құруға 1,6% және 0,7% ғана ғылыми-зерттеуге жұмсалған [50].

2006 жылы ҚОҚП табиғат қорғау комитеті 15 мыңнан астам табиғат пайдаланушы нысандарды тексеріп, 13мыңнан астам табиғатты қорғау заңдарын бұзушылық әрекеттері анықталған. Негізгі заң бұзушылар қатарына шетелдік «СNPS-Ақтөбе мұнайгаз», «ҚазақОйл-Ақтөбе», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Қаражамбас Мұнай», «Петро-Қазақстан Құмкөл», «Ресорсиз» және «Торғай петролеум» компаниясы бар [52].

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қауіп –қатердің үш түрімен байланысты: экологиялық агрессиямен, сыртқы экологиялық мәселелердің әсерінен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп– қатермен және ұлттық қауіпсіздікке ішкі экологиялық мәселелердің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етумен.

Біз экологиялық білім беруде, тәрбие беруде мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы негізделетін принциптерге баса көңіл аударуымыз қажет (5 – кесте)[39,310].

5 – кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет