Мәдениет әлеуметтануы


Мәдениеттің интегративтік және дезинтегративтік қызметі



бет6/6
Дата05.04.2023
өлшемі29,67 Kb.
#79495
1   2   3   4   5   6
Мәдениеттің интегративтік және дезинтегративтік қызметі. Э.Дюркгейм өз зерттеулерінде осы қызметке ерекше көңіл бөледі. Э.Дюркгейм бойынша мәдениетті игеру адамдарда, қандай да бір қауымдастықтарда, қауымдық сезімін бір ұлтқа, халыққа, дінге, топқа жату сезімін қалыптастырады. Осылайша мәдениет адамдарды шоғырландырады, қауымдастықтың тұтастығын қамтамасыз етіп, біріктіреді. Осы үлкен қоғамдастықтар мен қауымдастықтар ішінде мәдени жанжалдар пайда болуы мүмкін. Осылайша мәдениет дезинтеграциялану қызметін атқарады.
3) Мәдениеттің реттеуші қызметі. Әлеуметтендіру процесі барысында құндылықтар, мұраттар, нормалар мен жүріс-тұрыс үлгілері тұлғаның сана-сезімінің бөлшегіне айналады. Олар адамдардың жүріс-тұрыстарын реттейді және қалыптастырады. Мәдениет адам әрекет жасай алатын шеңберді анықтайды деуге болады. Мәдениет адамның отбасындағы, мектептегі, өндірістегі, күнделікті тіршіліктегі жүріс-тұрысын реттейді, өйткені ол тиым салу мен ережелер жүйесін қамтиды. Бұл тиым салу мен ережелерді бұзу қоғамдастықтармен бекітілген және институционалды мәжбүрлеудің әр түрлі формасы мен қоғамдық пікір күштерінен қолдау алатын қандай да бір санкциялардың әрекет етуіне алып келеді.
Мәдениет дамуындағы ең маңызды сәттердің бірі - мәдениет үлгілерінің таралуы. Француз мәдениет зерттеушісі А.Моль осы процесс жолында пайда болатын мәдени үлгілер мен бөгеттердің таралуының әр түрлі кезеңдерін анықтауға болатын қазіргі қоғамда мәдениетті таратудың әмбебап үлгісін өңдеп шығарды . А.Мольдың үлгісі бойынша мәдени үлгілерді таратудың кез келгені шығармашылық тұлғаның іс-әрекетінен басталады, олардың әрқайсысы өздерінің ақылды іс-әрекетінің, экспериментінің, бұрынғы тәжірибелері негізінде кейбір әлеуметтік топтарда қолдану үшін өзінің сапасы бойынша жарамды өнім жасайды. Жаңа мәдени үлгіні көрсеткен кіші топта ол алғаш рет бағаланады. Ондай жағдайда, егер үлгі кіші топ мүшелерін қанағаттандырса, онда ол қабылданады және ол микро ортада мәдени үлгінің алғашқы таратылуы болып саналады. Осында мәдениет нормалары мен құныдылықтардың таратылуы аяқталады. Қандай да бір отбасына немесе шағын жұмысшылар ұжымдарына тән және үлкен әлеуметтік жиынтықтарға таралмайтын нормаларды жиі байқауға болады.
Мәдениет үлгісінің әрі қарай таралуы үшін біріншіден, үлкен топтармен қоғамдар шегінде құндылықтары мен мәні болу керек, екіншіден, бұқаралық ақпараттар құралдары көмегімен үлкен аудиторияға жеткізілуі және көбейтілуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік құндылықтарды қалын қауымға немесе макро ортаға дейін жеткізеді. Алайда бұқаралық ақпараттар көмегімен таралған идеяларды бұқаралық мәдениеттің бір бөлігі деуге болмайды. Біз күнде үлкен аумақта ақпараттар аламыз, бірақ одан игеру үшін аз ғана бөлігін аламыз. Егер де жаңа мәдени норма немесе құндылық кең аудиториямен, микро ортамен мәдениеттің пайдалы, қажетті бөлігі ретінде қабылданатын болса, егер де ол қазіргі қоғамның басқа мәдениет үлгілерімен таласта төтеп бере алса, онда ол осының бөлігі болып қалыптасады. Әрі қарай қолдану барысында мәдени үлгі адамдармен игеріледі, тұлғаның жеке дара мәдениетіне ажырамас бөлік ретінде енеді, процесс қайталана береді.
Мәдениеттің икемділігі, оның қоршаған ортаға бейімделу және өзгеру қабілеті көбінесе мәдени үлгілердің негізін құратын жаңа идеялардың айналу жылдамдығына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет