Мəдениет жəне өнер факультеті «Театрлік – хореографиялық өнер жəне кітапханатану» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет60/85
Дата27.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#130354
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85
1.Күнделікті тексеру 
2.Жоспарлы сараптау
Сараптаудың мақсаты каталогтардың бөлімдерін тексеру, қордың толық
бейнеленуін тексеру, сипаттаманың дұрыс жазылуын тексеру, кездескен
қателерді жөндеуді тапсырады. Қарастырады. 


Жоспарлы сараптаудың толық жəне таңдамалы түрде өткізілуі мүмкін. 
Толық сараптау АК-тан бастап аяғына деген сөз, ал таңдамалы
сараптау оның жеке бір бөліктерін ғана тексеріп, керек өзгерістерін
толықтыруды енгізу керек деген сөз.
 
Ө
зін – өзі тексеретін сұрақтар:
Орталық каталогтар мен картотекалар, 
есеп каталогы, қызмет бабына арналған орталық АК дегеніміз не. 
Əдебиеттер тізімін қара 
Дəріс №27 
Тақырыбы:
Каталогтау процесстерін механикаландыру мен
автоматтандыру 
Дəрістің мақсаты:
Каталогтау процесстерін механикаландыру мен
автоматтандыру 
жалпы əдістемесін анықтау
 
Дəрістің мазмұны:
Кітапханашылар тəжірибесінде құжаттың бірыңғай
карточкаларын алу принципі қалыптасқан. Яғни, құжаттарға сипаттама бір
рет жасалады да анықтама библиографиялық аппаратта толық бейнелеу
үшін, карточканы қажет мөлшерде көбейтеді. Кішігірім кітапханаларда
карточкаларды қажет мөлшерде көбейту үшін басатын машиналар
қолданылады. ОКЖ жағдайында құжаттарды барлық филиалдардың
каталогтарындай бейнелеу үшін карточкаларды көбейту саны өсті. 
Карточкаларды көбейтуді жеңілдетіп əрі жылдамдату үшін əр түрлі
механикалық құралдар қолданылады. Бұрынғы КСРО-да 80 ж. Бастап
көптеген кітапханаларда карточкалардың қажет тиражын жасау үшін
операциялау əдістері қолданылады. 
Мысалы: «эра», «вега», »ксерокс» жасалған
. Электронды графикалық
аппараттардың көмегімен ксерокстық əдіс бойынша сағатына 300 дейін
карточкалардың копиясын алуға болады. Ксерокопия əдісі бейнені
пленка түсіргендей-ақ фотографиялық жолмен алуға негізделген. 
Машинкамен басылған каталогтық карточкаларды əйнек астына салып
қойып, фотоға түсіреді. Карточкаларды көбейтуде механикалық
құралдарды қолдану бибилографиялық сипаттама жазу əдісіне əсер
етпейді. Кейбір кітапханашылар каталогтарда микрокарточкаларды
қолданады. Яғни стандартты размердегі карточкаларда құжаттардың
библиографиялық сипаттамасы бірге 100 бетке дейін оның тексті де
беріледі. Микрокарточкадағы текст арнаулы аппараттардың көмегіңмен
оқылады. Микрокарточкаларға микроафишалар жатады. Оларды
пайдалану, пайдалануға ақпараттарды тез жеткізуге жағдай жасалады 
жəне баспа түрінде шыққан құнды материалдарды, кітап-журналдарды
тез тозудан сақтайды. Карточкаларды көбейту үшін бұрынырақ уақытта
электрографикалық машинкаларды пайдаланды. Мұндай машинка
арқылы копия алғанда текст рулон қағазда басылады да, олардан қиып
карточка жасалады. Арнаулы көбейту, машинка электрографикалық
апараттарын басқа автоматты жазу машинкаларын перфорациялық
қосындысы (приставкасы) болуы мүмкін. Яғни мұндай машинкада текст
басқанда перфоматаға оның кодын жасау іске асырылады да,


перфоматадағы текст қажет мөлшерде көбейтіп басып алуға болады. 
Автоматты жазу машинкалары тек карточкаларды көбейту үшін ғана
емес, сонымен бірге коды жазылған тексті қажет мөлшерде қағазға
бастырып, қажет мөлшерде жаңа түскен əдебиеттердің бюллетенін
жасауға болады. Баспа материалдарының көбейту құралдарын пайдалану
құжаттардың сипаттамасы, кітапхана каталогы мен библиографиялық
картотека үшін жəне библиографиялық құралдар мен жаңа түскен
бюллетень үшін бір мезгілде көбейту үшін мүмкінлік береді. 
Библографиялық сипаттаманың халықаралық стандартын тəжірибеде
қолдану каталогтардың процестерді автоматтандыруды жеңілдетеді жəне
елдер арасында библиографиялық ақпараттарды алмасуды жүргізуге
жағдай жасайды. Кітапханада қарапайым баспа каталогтарын,
бюллетендер мен ақпараттық тізімдерді, жоғарыда аталған көбейту
техникаларын қолдану арқылы əзірлеуге болады. Бірақ олардың көлемі 
(тиражы) кіші болады. Бибилографиялық сипаттамалар массиві көп
көлемді баспа каталогтарын жасау үшін үлкен техниканы қолдану
арқылы əзірлеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет