Мәдениет және Өркениет Мәдениет туралы түсінік



бет2/5
Дата19.10.2023
өлшемі4,99 Mb.
#119237
1   2   3   4   5
Байланысты:
Культуралогия през

Батыс мәдениеті

  • Орта ғасырлар — эллиндік-классикалық мәденіеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы — «романдық бастаудан» нәр алатын Батыc Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және тағы да басқалары. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің «варварлармен» күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыc Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларыньщ мәдени өміріңце өз жалғасьш тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыc Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениетганушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытгы қамтиды, яғни V ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қолданған. «Орта ғасырлар» терминінің сол бір тарихи кезенде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мәнін жойған жоқ.

Шығыс мәдениеті

  • Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет – шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән. Медицина едәуір табысқа жетті. Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта қытайлықтарға екі ондық музыкалық аспаптар белгілі болды: барабан, дабыл, сыбызғы, металл қоңыраулар, ішекті шертпелі аспаптар, үрмелі – бамбуктен, балшықтан жасалған және басқалар. Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта арнайы сарай маңындағы музыкалық қызмет құрылады, сонымен мәдениеттің барлық сфералары реттеуге бағынып, мемлекеттің билігінде болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет