Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет212/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   284
жыйлықты  тұлғасы  жазылыпты  (сонда,  102-бет).  Бұл  жолдардағы 

ойлықты мен сылықты сөздерінің қазіргі оқырмандарға түсініксіздігі 

былай  тұрсын,  бір  сөздің  екі  түрлі  оқылғандығы  (ойлықты  – 



ұйлықты, сылықты – жилықты) бұларды одан сайын күңгірттеп тұр. 

Екінші бір мысал: Мектепке арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының 

бірінде Махамбет ақынның бір өлең жолдары: Мен алмаған Алғай-ай 

деп жазылыпты да, оған «Алғай – Таловка ауданындағы кішілеу бір 

поселкенің аты» – деп түсініктеме беріліпті. Бұл жерде өлең жолының 

қате  оқылып,  қате  жазылғаны  былай  тұрсын,  мүлдем  қисынсыз 

түсініктеме  берілген:  Алғай  деген  поселкені  «жаулап  алу»  дегенді 

Исатай-Махамбет бастаған көтерілісшілердің үш ұйықтаса ойларына 

кірмеген болар, өйткені белгілі мекенді басып алу деген болмаған, ол 

– үлкен бір бекініс емес, не хан әскерінің шоғырланған мекені емес. 

Ал  ең  негізгі  қателік  –  өлең  жолының  мүлде  қате  оқылуы.  Бұл 

жерде өлең жолы Міне алмаған алаға-ай! болу керек. Ала – қазақтың 

ертеден  келе  жатқан  поэтикалық  тілінде  «жақсы,  мықты,  жорық 

аты, азбан» деген мағынада жиі кездеседі. «Жылқы ішінде аламын

қылшық жүнді қарамын» деген жыр жолдарында ала сөзі түсті емес, 

«мықты ат, азбан» дегенді білдіріп тұр. «Қобыланды» жырындағы: 

«Ерлер мінер алаға, Көңілім толды санаға» немесе «Мінген аты ала 

еді, Қылшық жүнді қара еді» деп жырланғанда да ала – «жақсы ат, 

көрнекті ат» деген мағынаға саяды. Ала сөзінің мағынасы жалпы «ат, 

жылқы» дегеннен гөрі «азбан, мықты ат, жорық аты» дегенге көбірек 

келеді.  Оның  алаша  (ат)  варианты  да  бар.  «Ер  Тарғын»  жырында 

«Алаша аттың басы деп, Қалмақы ердің қасы» деп келген жолдарда 

Тарғын  батырмен  жекпе-жекке  шығатын  қалмақ  батырының  «алты 

құлаш ала аты» алаша ат деп суреттелген. Демек, ала – қазақ поэзи-

ясында мықты, күшті жылқы символы. Аланың синонимі – азбан, ал 

азбан – үйірге түсіп жүрген, әбден есейіп күш жиған еркек малдың 

ақтатылған кездегісі. Сондықтан батырлардың мінген аты ала болып 

келеді. 

Ала  аттың  тағы  бір  синонимі  –  ақта  ат,  бұл  қазақ  жырла-

рында  көп  кездеспейді.  Ол  XVI  ғасырдың  ескі  қазақ  жазба  тілінің 




313

ескерткіші – Қадырғали бидің «Жами ат-тауарих» атты жазбасында 

жиі қолданылған: «Ечкілі оғлы Хасан Едіге бинің ахта атын алып 

тұрар ерді» (Қадырғали бидің жылнамасы. - Алматы, 1991. 295-бет). 

Бұл ескерткіште ахтачы сөзі де бар, ол – қазақша атбегі дегеннің 

баламасы (сонда).

Сөйтіп, алаға міну (Ерлер мінер алаға) – батырлықтың, ерліктің 

символы.  Махамбет  ақын  міне  алмаған  алаға  деп  Жәңгір  ханды 

атап отыр, яғни өзінің ерлігін көрсете алмайтын хан орыс әскерінің 

күшімен  «Қара  қазақ  баласын  Орынбор  деген  қалаға  (қамауға, 

айдауға)  көзінен  тізіп  жіберді-ау»  деп  тұр.  Ұлы  ақын  суреткерлік 

үрдісінде қазақтың ертеден келе жатқан поэтикалық үлгілерін еркін 

және  кеңінен  пайдаланған,  сондықтан  ақыннан  алаға  міну  («ұрыс-

соғысқа қатысу үшін атқа қону, жорыққа шығу» дегенді білдіретін) 

сөз-образды таба аламыз.

Мұндай әртүрлілікті «Едіге» жырынан да көреміз. «Едіге» жыры- 

ның бір басылымында (Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996) орын 

алған  екі  нұсқасының  (Ш.Уәлиханов  жазып  алған  және  Қ.Сәтбаев 

жинап алып жариялаған) мәтіндерін мұқият салыстырғанда, мынадай 

әртүрлілікті таптық: Шоқан нұсқасында: Торылы жылқы тобышақ 

(61-бет) – Қ.Сәтбаев нұсқасында: Торылы жылқы тобыншақ (91-бет). 

Әрі  қарай  бірінші  келтірілген  мысал  Шоқан  нұсқасында,  екіншісі 

–  Қ.Сәтбаев  нұсқасында  деп  оқимыз.  Ертістің  басы  қара  дөң  Екі 

арасын қуыр-ды бұғай құбаша ұғыл (61-бет) – ...екі арасын қосар-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет