Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет211/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

қу  толағай  бастанбай  деген  тіркесін  іздестіре  бастағанда,  бұл  сөз 

осы  тіркесте  және  тек  Махамбетте  ғана  бар  сөз  екен  деп  ойлаған 

едім. Өйткені сол кезде өзім оқыған «Алпамыс батыр», «Қобыланды 

батыр», «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», 

«Айман-Шолпан» жырларында толағай сөзін кездестірмедім. Кейін 

келе, ауыз әдебиетінің өзге де жырларын оқып отырып, «Ер Қосай» 

деген  жырдан  таптым.  Қосай  батыр:  «Ер-тоқымын  жастанып,  Қу 

толағай бастанып, Сол бұлақтың басында Үш күн, үш түн жатады». 

Демек, бұл сөз тіркес құрамында (қу толағай бастану) поэтикалық 

бейне (образ) ретінде өзге жырларда да қолданылған екен деп түйіп 

жүрсем,  толағай  сөзі  тағы  кездесті.  Оны  XIX  ғасырдағы  орыс 

ғалымы  Н.Ф.Катанов  жинап  жариялаған  қазақ  мақал-мәтелдері  ба-

«Сөздер  сөйлейді»  деген  еңбегіміздің  жазыла  бастағанына  40-50  жылдай 



болыпты, ол әрі қарай толықтырылып, жарық көріп отыр және келесі басылымына да 

біраз материалдар жиналып келеді.




310

сылымынан  көрдім:  «Құдайдан  іздегенім  қолаң  қара  шашты  еді, 

Құдайдың  өзі  қосты  қу  толағай  бастыны»  деген  мәтел  бар  екен. 

Бұдан  келе,  XVІІІ-ХІХ  ғасыр  ақындарының  туындыларын  мұқият 

қарап отырып, XVIII ғасырда Көкшетау маңында жасап өткен Шал 

Құлекеұлының  бір  толғауынан:  «Тау  толағай  көрінер  тасы  кетсе» 

деген өлең жолын, XIX ғасырда Аягөз маңында өмір сүрген Дулат 

Бабатайұлынан: «Төрт түлікке толтырды Толағай тұлдыр қыратты» 

деген  жолдарды  кездестірдім.  Соңғы  екі  мысалда  толағай  сөзі  қу 

компонентінсіз жеке қолданылған. Бәрінде де мағынасын адамның, 

таудың, қыраттың «тақыр басы, жалаңаш басы» деп топшылауға бо-

лады. Демек, толағай сөзі бұрыннан тек батыс аймағында емес, қазақ 

даласының барлық өлкесінде қолданылған сөз екенін жиналған біраз 

материалдар көрсетіп тұр.

Дәл осындай құбылысты сой сөзінің түптөркіні мен мән-мағына- 

сын  іздестіру  барысында  да  көрдім.  Сой  сөзін  диалектолог  маман- 

дар Қазақстанның батыс өлкесіне, Түрікмен қазақтарына тән жергі- 

лікті сөз деп анықтайды. Бұл сөз әсіресе ноғайлық циклдегі эпостық 

жырларда  да,  батыс  өлкесінде  жасап  өткен  ақын-жыраулардың 

өлең-толғауларында да кездеседі. Бұл күнде сой сөзі – «тұқым, тек, 

нәсіл»  мағынасында  тек  батыс  облыстары  тұрғындарының  тілінде 

сақталған  диалектизм.  Ал  сой  сөзін  тек  қана  жергілікті  сөз  емес, 

ертеректен сақталған ескі сөз деп табамыз, өйткені бұл сөзді қазақ 

даласының  қиыр  оңтүстік-шығысынан  да  таптық.  Аягөз  маңында 

өмір  кешкен  Дулат  Бабатайұлы  (XIX  ғасырдың  орта  тұсы):  «Алал 

сойымен емес, Пірдің сөзін тұтынған», – дейді. Сондай-ақ Абайдың 

баласы – Ақылбайдың «Зұлыс» деген поэмасында кемедегі кісілердің 

біреуін  суреттегенде  «Үлбіреген  ақ  тәнді,  көзі  көкшіл,  Неғылса 

ол  да  жақсы  адам  сойлы»,  –  дейді.  Демек  сойлы  адам  тіркесін 

Ақылбай  батыс  ақындарынан  алған  жоқ  (Ақылбай  түгіл,  Абайдың 

өзі  қазақ  даласының  батысында  жырлап  өткен  ақын-жыраулардың 

жақсы  білмегені  айтылып  жүр  ғой).  Сой-дың  –  оғыз  тілдеріне  тән 

мағынасы – «ата тек, нәсіл». Ал қазақтың батырлар жырларындағы 



сой  сөзін  ноғайлы-қазақ  одағы  кезінен  сақталған  ескіліктердің  бірі 

деп табамыз. Бұл сияқты жеке сөздер оғыз-қыпшақ тайпалары ара-

ласа  өмір  сүрген  орта  ғасырлардан  (XI-XIII  ғасырлар)  келе  жатқан 

ауыс-түйістердің сарқыншағы болу керек (мысалы, ету, қылу деген 

көмекші етістіктердің бір синонимі оғыз тайпалары тілінде әйләмақ 

тұлғасы  болған,  бұл  да  қазақ  тілінде  зар  илеу  (зар  әйләу)  сияқты 

тіркестерде  сақталған).  Демек,  материалды  әр  қиырдан,  әр  үлгіден 

жинаған абзал.

Көне,  ескі  сөздерді  тапқан  соң  оның  түптөркінін  («сүйегін»), 

морфологиялық  құрылымын,  беріп  тұрған  мағынасын  іздеу  керек 




311

болады.  Бұларды  іздеу  үшін  жақын-алыс  түрік  тілдерінің  әр  алуан 

сөздіктерін,  монғол,  парсы,  араб  тілдерінің  лексикасын  сөз  ететін 

ғылыми, анықтамалық әдебиеттерді түгел қарау керек. Бұл іске көне 

түркі  тілдері  сөздігінен  (Древнетюркский  словарь.  -  Ленинград, 

1969) бастап, Э.В.Севортянның көп томдық «Этимологический сло-

варь тюркских языков» деген атақты еңбегін және өткен ғасырларда 

жарық көрген орысша-қазақша сөздіктерді, B.В.Радлов, Л.З.Будагов, 

Н.И.Ильминскийлердің  қазақ  тілін  зерттеуге  арналған  еңбектері 

мен  сөздіктерін,  біздің  заманымыздағы  атақты  түркітанушылар  – 

Ә.Наджиптің,  Ә.Фазыловтың,  Н.А.Баскаковтың,  К.К.Юдахиннің 

еңбектерін қалдырмай қарап шығу керектігін айтуға болады. Ал қазақ 

лексикологтары мен тіл тарихшылары – І.Кеңесбаев, C.Аманжолов, 

Ә.Қайдаров, Ә.Құрышжанов, Қ.Өмірәлиев, Е.Жұбанов, Ж.Досқараев, 

Ж.Сарыбаев,  Е.Жанпейісов,  С.Омарбеков,  Р.Сыздықова,  Б.Әбілқа- 

сымовтардың зерттеу жұмыстары, сөз жоқ, көп материал мен мәлімет 

береді.  Бұлардан  басқа  да  Орта  Азия  халықтарының  тарихына,  эт-

нографиясына  арналған  зерттеулердің  құны  ерекше,  бұлардан  тек 

иллюстритивтік  материал  ғана  емес,  танымдық,  анықтамалық 

көптеген жайттардан хабардар боламыз.

Ана тіліміздің сөздік қазынасының қымбат дүниесінің бірі болып 

танылатын,  бірақ  бұл  күнде  еркін  қолданылмайтын,  түсініксіздеу 

ескі сөздерге назар аударып, олардың білдіретін мағынасын түсіндіру 

әрекеті  әр  кез  орын  алып  келеді.  Бұл  қасиетті  міндетті  қолына 

алғандар тек тіл мамандары емес, қазақ халқының өткен кездердегі, 

қазіргі тұрмыс-тіршілігін, таным-түсініктерін, өзінің ана тілін жақсы 

білетін  әр  саладағы  қайраткерлер  бар  екенін  айту  керек.  Олардың 

ішінде  Жағда  Бабалықұлы,  Жәрдем  Кейкін,  Дәркембай  Шоқпаров, 

Балғабек Қыдырбекұлы сынды адамдардың ұмыт бола бастаған си-

рек қолданылатын сөздерді күнделікті баспасөз беттерінде көрсетіп, 

мағыналарын  түсіндіріп  келе  жатқандарын  атап  көрсетеміз.  Және 

көбінесе ол түсіндірмелер дұрыс, сәтті орындалған жұмыстар екенін 

де айтамыз. Бірақ бұл түсіндірмелерде ол сөздердің түптөркіні, яғни 

«сүйегі»  қай  тілдік,  ескі  не  жаңа  бірлігі  екендігін,  фонетикалық-

морфологиялық  бітіміне  қарай  қозғалысы,  этимологиясы  сөз  бол-

майды,  өйткені  бұндай  талдаулар  тіл  мамандарының  құзырындағы 

шаруа  болмаққа  керек.  Сондықтан  біздің  талдауларымыз  бен 

түсіндірмелеріміз – тек сөздің семантикалық қозғалысына ғана емес, 

этимологиясына  да  барған,  өзге  түркі  тілдерімен  салыстырулар  да 

жүргізілген, теориялық негіздеріне де үңілген ғылыми ізденістер.

Өткен  кезеңдердегі  әдеби  үлгілерден  жинайтын  лексикалық 

ескіліктерді  тауып,  танып  зерттеуде  кездесетін  үлкен  тағы  бір 

қиындық бар. Ол – жеке сөздердің бүгінгі жазуымызбен хатқа дұрыс 



312

түспейтіндігі  және  жалпы  орфографиялық  қателердің  көп  екендігі. 

Сол  себептен  бірқатар  таныс  сөздер  өзгеріп,  бейтаныс  (көне  сөз 

не  өзге  тілдік  тұлға)  болып  көрінуі  мүмкін.  Ал  ескі  сөздер  мүлде 

қате жазылып, одан сайын тұлғасы да, мағынасы да түсініксізденіп 

зерттеушінің бірақ қиналуы тағы мүмкін. Мысалы, «Едіге» жырында: 

«Он жеті ды ойлықты, Ойлыққанның белгісі – бір-біріне сылықты» 

(Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996. - 69-бет). Бұл – жырдың Шоқан 

Уәлиханов  жинаған  нұсқадағы  жазылуы.  Ал  осы  жолдар  «Едіге» 

жырының Қ.Сәтбаев жинаған нұсқасында сылықты сөзінің орнына 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет