атаулық (атауыш) бірлік бола алады. Демек, сөздерде номинативтік
мүмкіндіктер аз болмайды. Сөздердің семантикалық кеңістігі неоло-
гияда (жаңа сөздердің пайда болуында) белгілі рөл атқарады.
Демек, неология тақырыптары номинацияның:
1) жаңа атаулардың пайда болу уәждері;
2) жасалу амалдары;
3) заттық және ұғымдық атаулары;
4) номинативтік классификацияның параметрлері;
5) номинация кластары сияқты мәселелерді орайластыра қарас-
тырады. Номинацияның тек теориялық жақтары ғана емес, жаңа
атауларды кезең-кезеңге қарай сөз ету, лексикалық жаңалықтарды
жинастыру, сұрыптау, сөздіктерін жасау сияқты практикалық қаре-
кеттер де ұмыт қалмауға тиіс. Бұл көрсетілген зерттеу қырларының
әрқайсысы қазақ тіліндегі неология құбылысын әр кезеңге қарай зер-
делеген алдағы тақырыптарда кеңінен сөз болады.
Жаңа сөздер туралы зерттеулердің тағы бір таңымдық негізі –
Достарыңызбен бөлісу: |