Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет18/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   284
АЛА  КӨЗ.  АЛАБҰРТУ.  АЛА  АУЫЗ.  Ала  сөзінің  үшінші  бір 

мағынасы бірқатар түркі тілдерінде «келіспеушілік, араздасу, бөліну» 

екені  көрсетіледі.  Қырғыз  тілінде  ала  «келіспеушілік,  араздық, 

бөлінушілік» (Юдахин, 45). Көне түркі тілдерінде де ала сөзінің бір 

мағынасы «келіспеушілік, қастандық» екенін М.Қашқари көрсетеді: 

Qarγa qarisin kim bilir, kici alasin kim tapar – «Қарғаның қарасын кім 

2

  Жақша  ішінде  жазылған  х  әрпі  –  монғол  тілінің  тұйық  етістікті  көрсететін 



жұрнағы (қазақша  жұрнағына сай: алах – алау).


32

білер, кісінің аласын кім табар». Қазірде қолданылатын «Жылқы ала-

сы – сыртында, адам аласы – ішінде» деген мақал XI ғасырда да дәл 

осы түрінде болғанын көреміз.



Ала көз, алабұрту, ала ауыз тіркестеріндегі келіспеушілік, қастық 

мәнін жасауға ала сөзінің мағынасы негіз болғанын байқау қиын емес. 

Бұл сөздердегі ала тұлғасының не түске, не ұрыс-соғыс ұғымына, не 

жоғарыда талданған «азбан»-ға қатысы жоқ. 



АЛАПА.  Бұхар  жыраудың  Шоқан  Уәлиханов  жазып  алған  бір 

толғауында (Абылай ханға арнаған жоқтауында):

Қырық сан қара қалмақты

Жарлығына қаратқан.



Алафасын арттырып,

Арпалап атты қунатқан (Валиханов, 1, 191), – 

деген жолдар бар. Мұндағы алафа сөзі бұл күнде бейтаныстау. Қазақ 

тілінің  толық  (10  томдық)  түсіндірме  сөздігі  алапа  сөзінің  көне  

екенін көрсетеді де оған «Қазақ совет энциклопедиясы» берген анық- 

таманы қайталап береді. Бұл екі анықтағыш кітаптың түсіндіруінше, 



алапаның  бір  мағынасы  «олжа,  пайда,  табыс»,  екіншісі  –  «пара, 

алым, ауызбастырық», үшіншіден, бұл сөз – кәделі сыйлықтың, жөн-

жоралғының атауы (ҚТТС, 1974, 1, 196). Ал Шоқан жазбаларын жа- 

риялаған  кезде,  осы  толғауды  аударушылар  академик  Ә.Марғұлан 

мен  Дж.  Кармышева  алафа  сөзі  келген  өлең  жолын  «айналасына 

ұлылықтың нұрын шашқан (окружил себя ореолом величия)» деп ау-

дарады (Валиханов, I, 170). Демек, бұл жерде алапа сөзінің және бір 

мағынасы көрсетіледі.

Қазақ  тілінің  жергілікті  ерекшеліктерін  жинап  зерттеушілердің 

мәліметіне  қарағанда,  бұл  сөз  Қазақстанның  әр  өлкесінде  әртүрлі 

мәнде жұмсалатыны байқалады. Атырау, Маңғыстау өңірінде бұл сөз 

– кәденің атауы. Семей, Абай аудандарында – «қалыңмал», Қостанай, 

Қызылорда өңірінде – «олжа, пайда, табыс», ал Жамбыл, Шу аудан-

дарынан  жиналған  материалдардың  көрсетуі  бойынша,  бұл  сөздің 

(алапа-ның) мағынасы – «адамгершілік, бедел». Жоғарыдағы Бұхар 

толғауындағы  алафа  (алапа)  сөзінің  контекстегі  мәні  осы  соңғы 

мағынаға  жуықтайды:  алапасын  арттырып  –  «беделін  арттырып» 

деп түсінуге болады.

Біздіңше, о баста алапа сөзі (алапай тұлғасында да келеді) «соғыс-

ұрыста  түскен  олжа»  дегенді  білдірсе  керек.  Оның  бұл  мағынасы 

қырғыз  тілінде  сақталған.  Ала  түбірінен  жасалған  «олжа,  трофей» 

мәніндегі  сөз  өзге  түркі  тілдерінде  де  бар.  Мысалы,  түрік  тілінде: 



аланж 1) олжа, 2) тартып алу, конфискация (Турец.-русск. сл., 43).


33

Қазақ тілінде де алапа-ның «олжа» мәні жай олжа емес, соғыста 

түскен  олжа  екенін  Қазақ  энциклопедиясынан  көруге  болады:  ерте 

заманда  жаудан  түскен  олжа  алапай  (алапа)  деп  аталған  (ҚСЭ,  I, 

246). Тіпті алапаға қызықпа деген халық мәтелі, энциклопедия мен 

түсіндірме сөздік көрсеткендей, «параға қызықпа» деген ұғымда емес, 

«жаудан түскен олжаға қызықпа», яғни «бүлген елден бүлдіргі алма» 

дегенді  білдіретін  тәрізді.  Келе-келе  көне  сөз  мағынасы  құбылып, 

бір жерде «жалпы олжа», бір жерде сол олжаның бір түрі – «кәдеден 

түскен олжа» (одан барып кәденің өзінің атауы) деген мағыналарда 

қолданылатын болған.

Сөйтіп,  алапа  негізінен  екі  түрлі  мағынада  ертеректе  жиі 

қолданылған,  бұл  күнде  әртүрлі  ұғымда  әр  жерде  сақталған  көне 

сөздердің бірі деп танимыз.



АЛАШ.  Қазақтың  ауыз  әдебиеті  тілінде,  әсіресе  жырларда,  со-

нымен қатар өткен ғасырлардағы ақын-жыраулар тілінде, тіпті күні 

кешегі  Бұхар,  Махамбет,  Шернияздарда,  айта  берсек,  Абайдың 

өзінде алаш сөзі өте жиі қолданылған. Бұл сөздің екі-үш мағынада 

жұмсалғаны байқалады. Бірі – ел, жұрт, байтақ сөздерінің синонимі 

ретінде.  Мысалы,  «Қамбар  батырды»  жырлаушы  қызыма  күйеу 

таңдатам дегенді:

Бұл хабарды Әзімбай 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет