Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет125/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

чау>чұу> шу. Демек, аты шулы деген тіркес аты даңқты дегеннің 

көне сөзбен берілген баламасы екен.

Осы  қатарға  жылы-жұмсақ  деп  айтылатын  қос  сөздің  жылы 

компонентін  қосуға  болады:  бұл  –  көне  түркілік  жаулы  «майлы» 

сөзінің араларына сан ғасырлар салып, қазақша жеткен тұлғасы. Бұл 

сөздің тұлғалық жағынан өзгергендігі соншалық: көне түркілік эти-

мон – йағ, ол «май» деген сөз, йағ қыпшақ тілдерінде йау, оның ішінде 

қазақ, қырғыз тілдерінде жау болуы ғ~г/, й~ж (бағ ~ бау, тағ ~ тау, 



сағыр ~ сауыр дегендердегі сияқты) дыбыстық алмасудың нәтижесін 

көрсетеді.

Ұсынған тұжырымымызды дәлелдей түсу үшін мысалдарды әрі 

қарай жалғастырсақ, өлім-жітім деген қос сөздің жітім компонентін 

келтіруге болады. Бұл сөздің түбірі – көне түркілік йіт- етістігі, ол – 

«жоқ болу, жоғалу» мағынасын берген сөз, сонда өлім-жітім «өліп, 

жоқ болу» деген ұғымды білдіретін тіркес болып сақталған. Келесі 

мысал.  Сырт  қарағанда,  жағаласу  сөзінің  түбірі  –  жаға  (киімнің 

жағасы) сөзі деп тануға әбден болатын сияқты, өйткені төбелескен, 

жанжалдасқан  адамдар  бірін-бірі  жағадан  алады  деп  ұғамыз.  Ал, 

шындығында,  қазіргі  жағаласу  сөзінің  түптөркіні  көне  түркілік 



184

йағы сөзіне алып барады, ол сөз «дұшпан, жау» деген ұтымды береді. 

Сонда й~ж, с~ш дыбыс алмасуларын есепке алғанда, көне түркіше 



йағылаш- – «бір-бірімен соғысу, ұрысу» деген сөздің қазақшасы бо-

лып шығады. Қазақ тілінде көне йагы сөзінен туған екі етістік бар 

деп табамыз: йағы>жау тұлғасынан жасалған жаула- етістігі және 

йағы>жағы тұлғасынан пайда болған жағыла- >жағала-, олардың 

ортақ  етіс  түрлері  –  жаулас-  және  жағалас-.  Жағаласу  сөзі,  сірә, 

қазақ топырағында жасалған етістік емес, көне түркіден келе жатқан 

қалдық  деп  тану  керек,  өйткені  көне  түркі  ескерткіштері  тілінде 



йағылаш- деген ортақ етіс тұлғасы қолданылған.

Көне  бір  түбірден  екі  туынды  сөздің  жасалғанын  қазақ  эпоста-

ры тілінде кездесетін қатуланып, қаттанды деген трафареттегі екі 

сөзден  де  көреміз:  екеуінің  де  түбірі  –  көне  қатығ  («қатты,  берік, 

мықты»)  тұлғасы.  Оның  осы  көне  тұлғасынан  қатулан-  етістігі 

(қатығ>қатыу>  қату  +  лан+н)  және  қат  (ол  да  –  «қаттылық, 

мықтылық»  мағынасын  беретін  сөз)  тұлғасынан  қаттан-  (қат 

+  та  +  н)  етістігі  жасалған.  Қат  сөзі  зат  есім  түрінде  көне  түркі 

ескерткіштерінде  тіркелмегенімен  (ал  қат-  деген  етістік  бар),  бұл 

түбір қазіргі түркі тілдеріндегі қатты, қатыр- сияқты туынды сөздерді 

жасаған.  Сірә,  бұлар  көне  түркілердегі  қатығ  тұлғасының  соңғы 

«әлсіз»  ығ  (ғ)  дыбысы  түсіп  қалған  замандарда  жасалған  сөздер 

болуы  да  мүмкін,  өйткені  көне  ескерткіштер  тілінде  қатығлан-, 



қатты, қатығды (соңғы екеуі – осы күнгі қатты сөзінің баламасы) 

тұлғалары тіркелген (сөздікке енген). Демек, қатуланды сөзінде көне 

қатығ тұлғасы сақталған (қатығ>қатыу> қату) да, қаттанды сөзінде 

соңғы ығ дыбысы сусып түсіп қалған немесе қат тұлғасы о бастан-ақ 

есім сөз болған. Сөйтіп, қатуланды, қаттанды деген шаблон (кәнігі) 

фраза  «әбден  күшейді,  қатайды»  деген  тура  мағынасынан  ауысып, 

контекске қарай «қатты ашуланды, буырқанды» деген ұғымды береді 

деп тануға болады.

Соңғы  екі  мысалдың  екеуі  де  сөздер  тарихындағы  мына  бір 

құбылысқа көңіл аудартады. Тілдің басы артық дүниені көтермейтіні 

мәлім.  Сондықтан  дәлме-дәл  түсетін  бір  мағынадағы  екі  тұлға 

қалайша  сақталған  (жұмсалып  келген)  деген  сауал  туады.  «Осы 

іспеттес  сөздер  әрқашан  дәлме-дәл  мағынада  жұмсала  ма?»  деген 

сұраққа жауап іздеу керек болады. Мұндайда тіл фактісі жауапты өзі 

береді, яғни қосарлана жүретін тұлғалардың біреуі екіншісінен ажы-

ратылатын  мағыналық  реңқ  үстеп  алуы  мүмкін.  Мысалы,  жауласу 

етістігі «өштесу, соғысу, ұрысу» деген келіспеушілікті, қарсыласуды 

білдіретін  жалпы  ұғымды  берсе,  жағаласу  сол  келіспеушілік, 




185



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет