дар), құж-құж қайнау сияқты тіркестерде тұрғанда ғана сақталған.
Келесі мысалдар: күн сөзінің «ел, халық» мағынасындағы тұлға
екенін тек ел-күн деген қос сөз тіркесінде тұрғанда ғана байқауға бо-
лады. Құты қашу, құтын алу дегендердегі құт көне түркі тілдерінде
«рух, адамның жан дәрмені» (орысша: «жизненная сила») дегенді
білдірсе, күн жайлату дегендегі жайлату (жады>жайы + ла + т)
сөзі көне түркілік түбірден жасалғанын көреміз. Олар өздерінің көне
мағыналарын сөз тіркестерінде тұрғанда ғана сақтаған.
Мұндай фактілер қазіргі қазақ тілінде едәуір баршылық. Гәп –
олардың бар екенін көрсетуде емес, әңгіме, біріншіден, бірқатар
сөздердің мағынасы ұмыт болғанмен, өздері сақталып жетуін және
ол үшін белгілі бір жағдайдың (амалдың) болғандығын байқатуда.
Ол амалдың пәрменді (актив) бір түрі – тіркес құрамы, яғни күрделі
сөздер және тұрақты тіркестер мен қос сөздердің құрамында тұру
арқылы сөздің түпкі мағынасы және түптұлғасы ретінде этимондық
рөл атқаруы.
§3. Бұл құбылыс тек көне түркілік тұлғалардың хатқа түскендеріне
қарай ғана емес, сонымен қатар кейбір сөздердің тіркес құрамында
келген көне мағыналарына қарай да орын алатындығын ала сөзінің
талдауынан байқауға болады.
Қазіргі түркі тілдері сөздіктерінің барлығында дерлік бұл сөздің
негізгі мағынасы – «біркелкі емес, әр түсті», одан ауысқан мағынасы
«келіспеушілік, ала-құлалық», одан да әрі ауысқан мағынасы – «жа-
сырын ой, бүкпе», «әділетсіздік» дегендер деп көрсетілген. Бұл –
дұрыс. «Тегіс емес, біркелкі емес, анық емес» және «бейберекеттік,
187
аласапырандық» деген ауыспалы мағыналары «ала-құлалық» де-
ген түпкі идеяға негізделеді. Бұл идея (мағына) қазақ тіліндегі ала
көлеңке, алагеуім, ала көбеде, алаң-елеңде елең-алаңда, алағаншық
боран, алажаулы бұлт, алақанат немесе алашабыр жер, аласабыр
шер, ала құйын, апақ-сапақ кез, қырғыз тіліндегі ала шабыраң не-
месе ала шалбырт («көктемнің ерте кезі, аласабыр шақ»), алағанчық
чыбырғақ, алабарман, аладүн, татар тіліндегі ала қар («ерте көктемдегі
бір жерде еріп, бір жерде сақталған қар»), ұйғыр тіліндегі күн ала
қашқа болғанда («алагеуімде»), алатайин («күмәнды, белгісіз») де-
ген сөздерде көрінеді. Қырғыз тіліндегі ала жай («ерте көктем, яғни
қыс емес, бірақ әлі жаз да емес аласабыр шақ») сияқты тіркестердегі
ала сөзінің семантикалық кілтін де осы жерден іздеу керек.
«Біркелкі емес, тегіс емес, анық емес» деген мағынадан «бейбе-
рекеттік, тәртіпсіздік, дүрбелеңдік» идеясы туады. Сондықтан бұл мо-
дификацияны, яғни ала сөзінің ауыспалы мағынасын қазақ тіліндегі
алағай-бұлағай, алас-қапас, алагүлік, аласапыран деген сөз тізбегінен
табамыз. Бұл талданған мысалдардың барлығы – ала сөзінің түпкі
көне түркі тілдерінде де бар мағынасына қатыстылар. Ал қазақ тілінде
(мүмкін, кейбір өзге түркі тілдеріңде де) ала компоненті (морфемасы)
бұл көрсетілгендерден өзге мағынада келетін сөз тіркестері мен туын-
ды сөздер бар. Мысалы, алақ, алақта-, алақ-жұлақ (қарау), көзі ала-
ру, қырғыз тіліндегі алағар немесе алағай көз, алақсы- дегендердегі
ала түбірі көздің аласы (орысша белок глаза) дегенге апарады.
Қазақ тілінде ала элементінің бұл аталған мағыналардан өзгеше
идеяны (семантиканы) беретін тағы бір тұсы бар екенін біздің осы
кітаптағы ала балта, ала ту, ала сүргін, ала қырғын, аламан, аласат,
Достарыңызбен бөлісу: |