Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет232/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

сөзжасам теориясына барып тіреледі. Бұл күндердегі сөзжасамдық 

процесті  когнитивтік  аспектіде  қарастырудан  гөрі,  орыс  тіліндегі 

атаулардың  дұрыс  (дәл)  қазақша  аудармасын  ұсыну,  тілде  бар  ата-

уларды  үйлестіріп,  сұрыптау,  яғни  ең  дұрыс  деген  вариантын  тау-

ып,  қалыптандыру,  жаңа  пайда  болып  жатқан  зат,  ұғым  атауларын 

ұсыну (ол да көбінесе өзге тілдердегі сөздердің сол күйінде не ауда-

рылып берілуі болып келеді) сипатында (аспектісінде) орын алады. 

Мұнда  көпмағыналық,  синонимдік,  антонимдік  қатарлардың  рөлі 

айтарлықтай емес екендігін көруге болады.



338

Бүгінгі  сөзжасамда  ұғым,  мағына,  атау  категориялары  назарға 

ілінеді,  бұл  да  –  тілдегі  жаңалықтарды  танудағы  теориялық  негіз- 

дердің бірі екендігі осы жұмыстың өн бойында көрсетіледі. 

Қазақ тілінің неологиялық ізденістері үшін номинация саласының 

тағы  бірнеше  тұсының  мәні  зор.  Солардың  бірі  –  құрама  неме-

се  қосынды,  я  болмаса  аналитикалық  деп  аталатын  екі-үш  жеке 

сөздерден жасалған лексикалық бірліктер. Олардың табиғаты, жаса-

лу жолдары, бір сөз болып келетін атаулардан тек тұлғалық емес, ішкі 

(семантикалық) айырмашылықтары, бір тұстас тұлғаға ұласу әлеуеті 

де  арнайы  зерттеу  нысаны  болмақ.  Сондай-ақ  құрама  аталымдар 

заттық не ұғымдық бір сөз жасаудың «әзірге, запастағы» амалы ма 

әлде номинативтік «тең праволы» тәсілдердің бірі болып қала бере 

ме  деген  проблеманы  ғылыми-теориялық  тұрғыдан  шешу  міндеті 

тұрады, ол үшін жаңа құрама аталымдардың қолданыс жиілігі, үлгілік 

сипаты, терминдік «қасиеті», мағыналық дәлдігі есепке алынуға тиіс. 

Бұл да – қазақ тіл білімінде жеке өз алдына монографиялық ғылыми 

зерттеу түрінде әлі кең етек алмаған тақырып.

Екінші  –  арнайы  тағы  бір  зерттеу  нысаны  етіп  бірнеше  үлкен 

еңбектер жазылуға тиіс проблема – кірме бірліктер, яғни кірме сөз, 

кірме лексикалық тіркес, кірме сөз алды форманттар.

Кірме (заимствование) сөз деп танудың белгілері, кірме сөз бен 

өзге тілдік немесе бөгде сөз, интернационалдық терминдер, термин 

емес  қарапайым  интербірліктер,  олардың  арасалмағы  («тілдің  жат 

сөздермен былғану» проблемасы) сияқты тақырып та – бүгінгі қазақ 

тіл білімінің ең өзекті түбегейлі шешімін таппаған проблема.

Неология саласы терминология мәселелерімен тығыз байланы-

ста  екендігі  белгілі.  Демек,  лексикалық  жаңа  бірліктер  тақырыбын 

зерттеу барысы термин жасам теориясымен және ұстанымдарымен 

ұштасып жатады. Сондықтан болар, қазақ тіл біліміңдегі неологиялық 

жұмыстар  (ізденістер,  зерттеулер,  сөздіктер,  анықтамалық  басы-

лымдар)  терминдерден  алынған  материалдың  негізінде  жүргізіліп 

келеді.  Қарапайым  жұртшылық  та  жаңа  сөздер  проблемасы  тек 

терминологияға қатысты деп санайды. Ал терминжасам проблемасы 

– неологиялық ізденістерге қатысты болғанымен, бұл номинацияның 

бірден-бір,  жалғыз-дара  объектісі  емес.  Лексикалық  неологизмдер 

тек  зат  есім  (затты  не  ұғымды  атау)  ғана  емес,  сындық  (сын  есім, 

үстеу),  қимылдық  (етістік),  тіпті  сөздің  морфемдік  сегменттері  са-

ласында  да  (автоқалам,  авиабайланыс,  телебейне,  ультракүлгін 

сияқты  бірліктерде)  көрініс  табады.  Демек,  қазіргі  қазақ  тіліндегі, 

оның соңғы 10-15 жыл кезеңіндегі лексикалық жаңалықтары туралы 

зерттеу жұмысының ізденіс шеңбері әлдеқайда кең және кей тұстары 

(мысалы,  қазіргі  ауыл  мен  қала  тұрғындарының  сөйлеу  тіліндегі 




339

жаңа қолданыстарды жинап, саралап, анықтау сияқты жұмыстар) – 

әлі қолға алынбаған зерттеу нысандары.

Қазақ тіліне келгенде, номинация мәселесін зерделеу барысында 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет