Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Тақырыптың теориялық негіздері мен принциптері



Pdf көрінісі
бет228/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Тақырыптың теориялық негіздері мен принциптері

«Тіл – қоғамдық құбылыс» деген қағиданы ескерсек, тілдің негізгі 

қызметі қарым-қатынас құралы болу, яғни коммуникативтік қызметі 

саналады.  Демек,  тіл  қоғам  өмірімен  байланысты,  сол  қоғамның 

тіршілік-болмысының  кезеңдеріне,  ахуалына  қарай  әр  сипаттағы 

өзгеріс, жаңалықтармен өмір сүреді. Әсіресе оның лексикалық қабаты 

– ең бір «жанды» жері; дыбыстар әлемі мен грамматикалық бітіміне 

қарағанда, тілдің сөздік қазынасы сол халықтың әлеуметтік, рухани, 

мәдени, саяси өмірінде болып жататын өзгеріс, жаңалықтарды бойы-

на тез сіңіреді, соған орай кейбір сөздер қолданыстан ығыса түседі, 

көнере  бастайды,  енді  біреулері  жаңадан  пайда  болады,  сөздердің 

тағы бір тобы байырғы мағынасын өзгертеді не үстемелейді. Сөздік 

қабаты «кірме» деп аталатын шеттілдік сөздермен толығады. Ұмыт 

бола  бастаған  бір  алуан  сөздер  дүниеге  қайта  оралады,  сондай-

ақ  азын-аулақ  сөздер  тобы  «төменгі  дәрежеден»  (ауызекі  сөйлеу 

элементі немесе қарапайым сөз деген «атақтан») «жоғары дәрежеге» 

(«әдеби нормадағы қолданыс» деген «лауазымға») көтеріліп жатады. 

Қысқасы,  тілдің  лексика  қаттауы  үздіксіз  қозғалыста  болады  және 

ол қозғалыс, дүниедегі өзге де құбылыстар сияқты, бір қалыпты, бір 

ыңғайда, бір бағытта болмайтыны тағы аян.

Әрине,  тілдің  грамматикалық,  фонетикалық  бітімі  де  өзгеріссіз 

қалмайды. Оның өзге тілдермен қарым-қатысына, ықпалына байла-

нысты бөгде тілдік сөздермен сол тілге бұрын жат кейбір дыбыстар 

күнделікті  сөйлеу  дағдысында  да,  әсіресе  жазба  үлгілерінде  орын 

алып кетеді. Мысалы, ф, х, в, ч, ц дыбыстары қазақ тілінің табиғи 

фонетикалық жүйесіне тән болмаса да, қазақтың төл сөздеріне енбесе 

де, қазіргі қазақ тілінде сөйлеушілердің ауызекі сөйлеу үрдісі мен жазу 

тәжірибесінде бұл дыбыстар кездесетін сөздер жиі қолданылады және 

олар көбінесе бұзылмай (өзгермей) орыс, араб, парсы тілдеріндегідей 

дұрыс дыбысталады. Бұл – әрине, қазақ тілінің ішкі табиғатына ен-

бегенмен,  қолданысында  орын  алған  жаңа  құбылыс.  Осы  сияқты 

мәселелерді  шешудің  де  теориялық  негіздері  болуы  керек.  Тілдегі 

жаңалық, өзгерістер, әрине, тілдің даму, жетілу процестеріне тікелей 

қатысты. Бұлардың барлығы да белгілі бір теориялық танымдар мен 

лингвистикалық талдауларға сүйеніп, іске асырылады.

Тілдегі жаңа лексикалық бірліктерді сөз еткенде, оның теориялық 

негіздерін тіл білімінің «номинация» деп аталатын тармағымен бай-

ланысты  қарастыру  керектігі  белгілі.  Номинация  (атауыш,  атау,  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет