Ықшамдаудың келесі түрі – ықшам немесе сығымдалған
қолданыстар деуге болады. Бұл – қазақ тілінде сирек кездескенмен,
бар құбылыс. Мысалы, «бала бес жасқа толды» деудің орнына «ба-
лам бесте» дейміз. Бұл амалмен үнемделген жаңалықтар да көп емес.
Солардың бірі ауызекі тілде кездесетін «балам бес оқиды», «балам
жетіге көшті» деген сияқты қолданыстарды айтуға болады.
Тілдің неологизмдер тудыратын ішкі заңдылықтарының пәрмен-
ді және өнімді түрі – белгілі бір атаудың (көбінесе зат есімнің) ба-
ғалауыш немесе сипаттама сыңарын ұсыну. Бұл – тілдің эстетикалық
сұранысын өтейтін амал. Бір ұғымды (затты, құбылысты, ішінара
іс-әрекетті) бейнелеп, бағалап (құрметтеп), сипаттап (әспеттеп не
кемсітіп дегендей) атау – қай кезеңде де қолданылатын заңдылық. Ал
баспасөз өркендеген кезде радио, теледидар сияқты көпшілікке ха-
бар тарататын көздер дүниеге келіп, қарқынды жұмыс істей бастаған
кезеңдерде, қалың оқырманға ақпаратты әсерлі етіп ұсынуда сөздер-
дің бағалауыш, сипаттама сыңарлары дүниеге келеді. Мысалы, мем-
лекет басшысы ресми түрде Президент деп аталса, сол Президентті
зор құрметпен атау үшін Елбасы деген бағалауыш сыңары жасалды
(орысша мұндайларды «слова-оценки», «характериологические на-
звания» деп те атайды).
Бұл күнде қазақ тілі тәжірибесінде, әсіресе баспасөзде номи-
нативтік (лексикалық) атауымен қатарласа бағалауыштық (бейнелі,
қосалқы) атаулары жиі қолданылып жүр. Бұлардың қатары едәуір:
отбасы деген әдеби атаудың жанұя деген варианты дүниеге келді,
бұл да – нормативтік (нормадағы) сөз емес, бағалауыш сөз, отбасы
дегеннің көрікті, экспрессивтік (әсерлі) сыңары. Сондай-ақ о ба-
ста космос деген интертерминді ғарыш деп, космонавт, аэронавт
дегендерді ғарышкер деп қазақшалағанда, оларды бейнелеп атау
үшін тапқан болармыз, әйтпесе ғарыш сөзі «космос» ұғымын дәл
бермейді, ол араб тілінде – тақ (Құдай отырған аспандағы тақ), ау-
ыспалы мәнде «көк, аспан», ал космос – тіпті аспан да емес (аспан
– тек Жер планетасына қатысты кеңістіктің атауы), оның ғылыми
терминдік мағынасы әлдеқайда кең, ғылымның космология саласы
тек жердің айналасындағы көкті, жердің аспанын ғана зерттемейді
ғой (ал ғарыш сөзінің космос терминінің таза баламасы ретінде жиі
қолданылып, әдеби нормаға айналып бара жатқаны – өз алдына бөлек
мәселе).
Сипаттама, бағалауыш атаулар бұрыннан да бар болатын, мысалы,
көмірді қара алтын, мақтаны ақ алтын, тауықты қанатты түлік деп
атау публицистикада жиі қолданылып келе жатқанын айтуға болады.
377
Бүгінде жаңа сөздер деп жүргендеріміздің шағын тобы – осын-
дай бағалауыш, сипаттама бірліктер. Олардың пайда болуы заңды,
сұраныстың да жөні бар: бұларды ең алдымен жасайтын да, қол-
данатын да орын – баспасөз, ішінара ауызекі тіл болуы мүмкін. Гәп
– олардың едәуір көп мөлшерде пайда болуында емес, жұмсалатын
орындарын шатастыруда. Жанұя сөзін кез келген сәтте отбасы
сөзінің орнына жұмсауға болмайды: ол көтеріңкі (пафосты) үні
бар тұстарда айтылғаны жөн. Бұл – әрине, сөз мәдениетіне, тілдік
норманың сақталуына қатысы бар бөлек әңгіме.
Тіл дамуының, оның лексикасын соны бірліктермен толықты-
ратын ішкі заңдылықтарының және біреуі жұмсалу аумағы тар
жергілікті сөздердің әдеби дәрежеге ие болуы, кейбір қарапайым
сөздердің де осындай қозғалысын тілдің өз тәртібі реттеп отыра-
ды. Мысалы, шылаулардың өнімді жұмсалуы – жазба тілдің жемісі,
демек, шылаулардың жаңа тұлғалық түрлерінің қосылуы немесе
жаңаша қызмет атқаруы да неологиялық көрініс болмақ. Мысалы,
соңғы онжылдықтарда ауызекі тілден (сірә, жергілікті сипаты да жоқ
болмас) дей тұрғанмен шылауы дегенмен вариантының синонимі
ретінде қолданыла бастады. Бұл – бірақ өте сирек кездесетін құбылыс.
Жаңа сөз жасайтын ішкі факторлардың ең күштісі де, өнімдісі
де – сөз мағынысының ауысуы: кеңеюі, тарылуы, тіпті мүлде жаңа
мағынаға ие болуы, сондай-ақ үстеме мағыналық реңк алуы.
Сөзден жаңа мағына тудырудың бір жолы – сөздерді тіркестіріп
жұмсау.
Лексикалық жаңалықтарды сөз еткенде, тек дара тұлғаларды ғана
емес, тіркеспен келген, көбі терминдік дәрежеде тұрған тіркестерді
де есепке алу керек. Оларды лексикалық тіркес деуге болады.
Лексикалық тіркес арқылы жаңа ұғымды атау – қазақ тілі үшін
табиғи (лингвистикалық) құбылыс. Бірігіп барып кірігіп (дыбыстық
өзгерісгерге ұшырап) кеткен бүгін (бұ(л)+күн), быйыл (бұ+йыл),
Достарыңызбен бөлісу: |