Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет257/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

сөйтіп  (солай+етіп),  көгал  (көк+алаң)  сияқты  тіркестерді  былай 

қойғанда,  экстралингвистикалық  фактордың  ықпалымен  дүниеге 

келген  кәсіподақ  (кәсіпкерлер  одағы),  баспасөз  (басылып  берілген 

сөз), күнкөріс («өмір сүру» мағынасында күн көру), жанталас (жа-

нын  сақтау  үшін  күресу,  таласу),  бойжеткен  (бойы  жетіліп  өскен; 

өткен  ғасырлардағы  өлең-жырларда  бойға  жеткен  тұлғасында 

келеді), есалаң (есі адасып алаңдаған) т.б. сияқты бұл күнде біріккен 

сөз  түрінде  тұлғаланып  жүрген  жеке-жеке  бірліктердің  бәрі  де 

тіркестерден шыққан.

Осы амал бүгінгі жаңа сөздердің, тіпті терминдердің жасалуында  

үлкен орын алады. XX ғасырдың 30-40-жылдарынын бермен қарай 

қолданылып  келе  жатқан  оттегі,  сутегі,  үшбұрыш,  тікбұрыш, 




378

қылтүтік,  қылтамыр  деген  химия,  геометрия,  ботаника  тер- 

миндерінен бастап, бұл күнде біріккен сөз дәрежесінде (белгісінде) 

көрінетін  жағажай,  саябақ,  тәттідәм,  гүлсағақ,  гүлдесте,  гүл- 

шанақ,  бунақденелілер,  жолсерік,  кірепұл,  орынтақ,  түпсана  (под-

сознание),  мәнмәтін  (контекст)  сияқты  жаңа  сөздердің  түпнегізі 

тіркес  екені  айқын.  Мұндай  біріккен  сөздердің  жасалу  амалдары, 

оларды  жасайтын  компоненттерінің  семантикалық-функционалдық 

сипаты арнайы зерттеліп, жақсы түсіндірілді (Р.Сыздық Тілдік нор-

ма және оның қалыптануы. - Алматы: Елорда, 2001) атты кітаптағы 

Қ.Күдеринованың  «Құрама  сөздер  және  олардың  емлесі»  атты 

қосымша материалын қараңыз). Сөз тіркесі арқылы 1970 жылдарда 

пайда болған жаңа сөздер (біріккен сөз ретінде қосылып жазылған- 

дары да, тіркес ретінде берілгендері де) «Қазақ лексикасындағы жаңа 

қолданыстар» деген атпен 1983 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан 

жұмыста тіркелген болатын. Мысалы: мұндағы ақжайма, Ақшақар, 

аскөгі  (кейін:  аскөк),  балабақша,  басқосулар,  гүлтәж,  жағажай, 

жаяусоқпақ,  желаяқ,  жолсерік,  көкөніс,  күйтабақ,  мұзойнақ  де-

гендер  тіркестен  барып  біріккен  сөзге  айналған  неологизмдер  бол-

са,  аграрлық-өнеркәсіптік  бірлестік,  алтын  той,  астам  держава, 

бұқаралық информация (кейін  ақпарат) құралдары, дөңгелек стол 

(кейін  –  үстел),  материалдық  көтермелеу,  шетке  шығару  (экс-



порт), шеттен келтіру (импорт) сияқты атаулар – бір семантикалық 

құрылым ретінде терминдік мәндегі тіркес неологизмдер. Осы әдіс 

әрі қарай да жалғасып, бұл күнде, яғни соңғы 10-15 жылдың бары-

сында бетесеп (лицевой счет), аққандылық (белокровье), ғаламшар 



(планета), нәруыз/ақуыз (белок), іссапар (командировка), сауалнама 

(анкета),  орамжапырақ  (капуста),  тұсбағдар  (компас),  үйқамақ 

(домашний  арест)  сияқты  біріккен  сөздер  мен  бос  орын  (вакан-

ция), ұлғайтатын қоләйнек (лупа), сынақ-тәжірибе (эксперимент), 

сыбайлас  жемқорлық  (коррупция),  жылжымайтын  мүлік,  атау-

лы  көмек,  сынақ  алаңы,  ұялы  телефон,  тұтыну  қоржыны  сияқты 

неологиялық тіркестерді таба аламыз. Демек, соңғы жылдарда тілдің 

ішкі  заңдылықтарының  бірі  –  аналитикалық  тәсілдің  бұрынғыдан 

күштірек жанданғаны байқалады, бұл амалдың жаңа бірліктер жасау-

да кеңінен қолданылып отырғаны көзге түседі.

Тіл дамуының ішкі мүмкіншіліктерінің тағы бірі – сөз мағынасы- 

ның  кеңеюі  мен  тарылуы  болса,  мұның  екеуі  де  неологизмдердің 

жасалуында кеңінен болмағанмен, орын алып келеді. Айталық, ашу-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет