Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет269/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   284
Жұрнақ  жалғау  арқылы  жаңа  сөз  жасау  бүгінде  де  күшін  жой-

майды,  керісінше,  толық  мағыналы  сөздерге  сөз  тудырушы  қызмет 

жүктеліп,  олар  семантикалық-морфологиялық  жаңа  статусқа  ие 

болып  отыр,  яғни  оларды  тілдің  өзі  жұрнақ  тақылетті  бірлік,  ал 

бір  терминмен  атағымыз  келсе  аффиксоид  деген  сияқты  қалыпқа 

түсіріп  отыр.  Бұл  –  қазақ  неологиясындағы  соңғы  кезеңдерде  бел 

алған жаңа құбылыс. Соңғы кезеңдерді аударма әдебиеттің әсерімен 

көптіктің қосымшасын жалғау арқылы жаңа сөз жасау да орын алып 

жүр.  Мысалы  ашылулар  (әлемдік  ашылулар  –  мировые  открытия), 

басымдықтар, бітімгерлер. Бұл әдіс термин жасауда қолданылады 

(сүтқоректілер,  буынаяқтылар,  жарғаққанаттылар),  бірақ  аса 

өнімді емес.

Өткен алғашқы онжылдықтардағыдай, соңғы 10-15 жылғы қазақ 

тілінің болмысында жаңа сөз тудырудың ең бір өнімді актив түрі сөз 

біріктіру болып отыр. Дербес мағыналы екі (өте сирек – үш) сөзді 

біріктіріп, жаңа ұғым, жаңа зат атауын жасау амалы қашан да, әсіресе 

соңғы 70-80 жыл барысында кеңінен қолданылып келді. Бұған қазіргі 

жазу  жүйеміздің  емле  ережелері  де  (қосып  жазу)  себепкер  болды. 

Грамматикада «біріккен сөз» деген статусы бар тұлғалар бір мағына 

беретін  дербес  лексикалық  бірлік  ретінде  әр  алуан  сөздіктердің 

сөзтізбесіне  (реестрге)  шығарылып  тіркелетін  болды.  Жаңа  сөз 

жасаудың  бұл  амалына  қатысты  көңіл  аударатын  бір-екі  тұсын  сөз 

етуге  болады.  Ол  –  нөлдік  морфемалардың  бірігу  арқылы  жаңа 

бірліктердің пайда болуы. Нөлдік морфемалардың бірігуі – олардың 

бірігуінің,  кейде  екеуінің  де  қосымшаларын  түсіріп  қолданылуы. 

Бұл  әдісті  ықшамдау  тәсілі  деп  те  қарауға  болады.  Бұл  әдіс  қазақ 

тілінде ежелден бар болатын балтасап (балта+ның саб+ы), қаламұш 




395

(қаламның  ұшы,  яғни  ұшы  бар  қалам),  кейін  XX  ғасыр  туындыла-

ры кәсіподақ (кәсіп+ші+лер+дің одағ+ы), қаламақы (қалам+ы+ның, 

яғни қаламмен жазғанының ақы+сы), шегара (бір нәрсенің, айталық, 

мемлекет жерінің шек+тері+і+нің ара+сы) т.т. Соңғы онжылдықтарда 

жиі  қолданыла  бастаған  субұрқақ  (су+дың  бұрқақ+тап  атылуы), 



бағдаршам (бағдар көрсететін, яғни бағдарлайтын шам), демеуқаржы 

(дотация,  демейтін  қаржы),  балабақша  (балалардың  бақшасы), 



мұражай (мұра+лар сақталатын жай-орын).

Бұл тәсілдің едәуір жандануына орфографиялық ережелерді тал-

дап-танитындар мен емле сөздіктерін түзушілер көңіл аударды. Нөлдік 

тұлғаларда біріккен сөздер деп изафеттік құрылыстар сөздердің ілік 

септігі мен тәуелдік жалғауын түсіріп айтылуы (жымдасуы) жатады. 

Сондай-ақ өзге де аналитикалық бірліктер де нөлдік морфемалардың 

бірігуіне бара алады. Тәуелдік семантикасының көрсеткіштері (-ның, 

-ы) түсіріліп айтылуы немесе өзге де қосымшалар түсіріліп бірігуі 

тілдің ішкі даму заңдылықтарының бірі – ықшамдау тәсіліне барып 

тіреледі. Бұл тіл білімінде атаудың нақтылана түсуі (актуализация но-

минация) деп аталады.

Біздің  байқауымызша,  бұл  амал  да  келешекте  жандана  түсетін 

сияқты. Сондай-ақ фразеологиялық тіркес іспетті келетін бірліктердің 

де жаңа мағына беретін тұтас бір сөз ретінде қалыптасуы да бел алып 

келеді.  Мысалы,  соңғы  жылдарда  жаңа  шыққан  туындыны  ресми, 

салтанатты  түрде  атап,  жұртшылыққа  таныстыру  үрдісі  етек  ала 

бастады,  ол  орыс  тілінде  презентация  деп  интертерминмен  атал-

са,  қазақша  бейнелі  фразеологизмнен  жасалған  тұсаукесер  сөзі 

эквиваленті болып отыр. Жазалы адамды тексеріс біткенше түрмеге 

отырғызбай,  үйінде  отыруын  талап  ету  орысша  домашний  арест 

деп құранды тіркеспен келген термин болса, қазақша үйқамақ деген 

біріккен бір сөзбен атау ұсынылып жүр, ал Қытай қазақтары мұны 

тіпті бейнелі тіркеспен мырзақамақ деп атапты. Мемлекеттік табы-

сты өндірістің бір ғана түріне сүйене берудің жемісті емес екендігін 

айту үшін баспасөзде сыңаржақ экономика деген сөздер пайдаланса

оны баспасөздің біреуінің бетінде мұнайжақ экономика деп атапты. 

Соңғы  атау  –  әрине,  ресми,  кәнігі  термин  емес,  бірақ  публицисти-

ка стилінде орын алатын жаңа қолданыстардың бірі болып таныла-

ды.  Ұлтаралық  мәселе  сөз  болатын  жерлерде  баспасөзде  қазақтар 

дегенді қаракөздер деп бейнелеп атау да – неологиялық қолданыс.

Жеке  сөздердің  бірігуі  арқылы  жасалған  неологизмдердің  біраз 

тобы суреттеме немесе экспрессивтік тіркестерден жасалған болып 

келеді.  Мысалы,  белгілі  бір  ресми  әкімшілік  орындарын  орынтақ 

деп  атау  соңғы  жылдары  пайда  болды,  мұнда  орын  –  жай  нейтрал 

мәнді сөз де, тақ – хан, «патша, император отыратын орын» деген 




396

жоғарылықты,  әкімшілікті,  әміршілдікті  меңзейтін  семантикалық 

реңкі (семасы) бар сөз, демек, атау көбінесе әңгіме сынау, наразы болу 

эмоциясымен  айтылған  кезде  орын  алады.  Қазақ  елінің  тәуелсіздік 

алып, бірінші Президенті сайланып, еліне тән рәміздері пайда болған 

күннен  бастап  қолданыла  бастаған  Елбасы  сияқты  жаңасөз  ресми 

терминнің  экспрессивті  сипаты  күшті  екінші  метафоралық  атауы 

болғаны  даусыз.  Елбасы  неологизмі  осы  мәнде,  яғни  Президент 

терминінің  бейресми  суреттеме  баламасы  –  экспрессоид  болып 

қолданылып жүр.

Бұл  күнде  елтаңба,  әнұран,  тәттідәм,  ойтолғам,  ойтүрткі, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет