Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет273/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ЕҚҚБ (Еуропадағы қайта құру және даму банкі), СІМ (Сыртқы істер 

министрлігі), ІІМ (Ішкі істер министрлігі) т.б.




403

Қысқарған  атаулардың  ішінде  ҚазМҰУ  (Қазақ  Мемлекеттік 

Ұлттық университеті), ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік), 

АҚ (Акционерлік қоғам), ҚазҰПУ (Қазақтың Ұлттық педагогикалық 

университеті),  ТМД  (Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы),  БҰҰ 

(Біріккен  Ұлттар  Ұйымы),  ҚР  (Қазақстан  Республикасы),  ҰБТ 

(Ұлттық бірыңғай тестілеу), ҰҒА (Ұлттық Ғылым академиясы) деген 

түрлері – бұл күнде әрбір оқырманға бірден түсінікті болып келетін 

қолданыстар.  Уақыт  өткен  сайын  бұлардың  саны  көбейе  түседі, 

өйткені  тілдегі  үнемдеу  заңы,  баспасөз  тілінің  ерекшелігі  сияқты 

факторлар барған сайын күшейе түсетін шындық екендігі – даусыз.

Дегенмен бұл құбылыстың тіл мәдениетіне тигізетін кері әсері де  

жоқ емес. Газет беттерінде жеке мақалалар мәтінінде кездесіп қала- 

тын кейбір қысқартулардың «ашылған, толық» түрін тап басу оңай 

емес.  Өйткені  кейде  атаудың  ашылған  толық  тұлғасы  мәтін  ішінде 

келтірілмейді.

Бүгінгі қазақ тіліндегі жаңа сөздердің бірқатары көпшілік қолда- 

нысына бірден сіңісіп кетті, өйткені олар тілдік норманың шарттары-

на жауап бере алатын жаңа бірліктер болып шықты. Атап айтқанда: 

а)  беретін  ұғымға  семантикалық  өлшемі  сай  келді;  ә)  әлеуметтік 

талғамның  үдесінен  шықты;  б)  қолданыста  олардың  ортақтық, 

дәстүрлілік,  тұрақтылық  сипаттары  қалыптасты.  Мысалы,  орыс 

тіліндегі  -изация  жұрнағымен  жасалған  сөздердің  қазақша  бала-

малары  дәл  беріледі,  өйткені  бұл  термин  адам  баласы  жасайтын 

іс-әрекеттің атауын білдіреді, ал іс-әрекетті атау үшін қай тілдің де  

қауқары  күшті  болып  келеді:  приватизация  –  мүлікті  т.б.  жеке 

меншіктің қолына беру, бір таңбамен бергенде – жекешелендірумо-



билизация – (бір іске) жұмылдырумодернизация – жаңалау; глоба-

лизация – жаһандану, либеризация – ырықтандыру.

Мағыналық  сәйкестікке  семантикалық  деривацияның,  яғни 

сөз  мағынасын  кеңейтіп  не  тарылтып  жаңа  мағына  берудің  орны 

айрықша.  Айталық  шамшырақ  деген  сөздің  лексикалық  мағынасы 

–  «жарық  беретін  зат»:  шам  мен  шырақ,  жаңа  мағынасы  –  «жол 

көрсететін,  үлгі  болатын  адамдар  немесе  олардың  іс-әрекеттері». 



Телеграмма сөзінің жеделхат деген баламасы неологизм ретінде тез 

қабылданып  кетуіне  телеграмма  сөзінің  семантикалық  ауқымында 

«жазылған дүние – хат» және «жедел жететін хабар» ұғымдары бар 

екендігі себеп болған.

Неологизм  ретінде  ұсынылған  (ұсынылатын)  кейбір  сөздердің 

тілде: оның әдеби жазба түрінде де, тіпті ауызекі сөйлеу тілінде де 

көп қолданылмай, тұрақтай алмауының екі-үш себебі бар. Біріншіден, 

белгілі  бір  орыс  тілінде  айтылып  жүрген  сөздердің,  оның  ішінде 

терминдердің ғана емес, тұрмыстық лексикаға жататын кейбір жай 



404

сөздердің де қазақша баламасы сәтсіз болып шығады. Бұл сәтсіздікке 

алдымен аударылып отырған сөздің мағынасын тура бере алмайтын 

семантикалық  сәйкессіздігі  себепкер  болады.  Мысалы,  браконьер 

сөзіне  суқаншы  (сірә,  сұқаншы  дегісі  келген  болар)  деген  қазақша 

неологизм  ұсынылыпты;  қазақша  атаудың  мағынасы  түсініксіз:  ол 



суқаны  сүймейді  дегендегі  суқан  сөзі  ме,  сұқ  семірмес,  ұры  бай-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет