Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет37/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   284
БҰЛАН, ҚҰЛАН, ТАРПАН/ТАРПАҢ. Ауыз әдебиеті мұралары 

мен  өткендегі  ақын-жыраулар  тілінде  белгілі  бір  поэтикалық  жүк 

арқалап, жиі қолданылған сөздердің қатарына құланбұлан, тарпаң 

атаулары кіреді.



Құланнан атты қодықты («Қыз Жібек»),

Құлан жортпас құла дүз...

Емен шайнап, тал қайзар



Құлан, бұлан баласы (Шалкиіз).

Бүлдіргесі – бұлан терісі,

Өрімі – құнан білдің қайысы (Доспамбет).

Ерді ырғытқан бұландай (Сейфуллин, VI, 201).

Тағыдай таңдап су ішкен,

Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген

Тағы сынды жан едік (Махамбет).

Бұл үзінділердің барлығында құлан, бұлан, тарпаң – мықтылық- 

тың, қайсарлықтың, бас имейтін өрліктің символы. Әңгіме – осы жан-

жануарлардың өздері жайында емес, олар образ үшін қолданылған. 

Бұлардың  ішінде  құлан  –  «тағы  жылқы»,  біздің  кезімізге  дейін 

сақталып,  осы  күннің  өзінде  қорықтарда  өсіп-өніп  жатқандықтан, 

бұл сөз түсінікті. Ал бұлан – орысша лось деп аталатын бұғы тектес 

ірі жануардың атауы, ертеде қазақ жерінде көп болып, бұл күнде жой-

ылып кеткен. Өзге кейбір түркі тілдерінде де бұлан «лось» дегенді 

білдіреді (Будагов, I, 289). Бұлан сөзін қазақ ақындары күні кешеге 

дейін (тіпті қазірде де) еркіндіктің, мықтылықтың образы ретінде жиі 

пайдаланады. Мысалы, Махамбетте:

Бұландай ерді кескен күн, 

Қара бұланның терісі 

Етік қылар күн қайда!

Дулат Бабатайұлында (XIX ғ. орта тұсы):

Бозда жүрген бұландай

Үйде тұрмас ойқастап.

«Бұланға ерген шешекке аунар, доңызға ерген балшыққа аунар» 

деген көне мәтелде де бұлан – еркіндіктің символы.




65

Ал тарпаң (тарпан) сөзін В. В. Радлов қазақ тілінде «тағы жылқы» 

деген сөз дейді (Радлов, II, 373). Қазақ совет энциклопедиясы тарпаң 

–  Еуропа  жабайы  жылқысы,  кәдімгі  жылқының  түр  тармағы,  түсі 

сұрғылт, арқасы қара жолақты деп анықтама береді (ҚСЭ, X, 567). 

Демек, тарпаң да – құлан сияқты, тағы жылқының бір түрі.

Сөйтіп, бұл үш атаудың үшеуі де – қазақ ауыз әдебиеті мен XV-

XIX ғасырлар поэзиясында белгілі бір образ үшін актив қолданылған 

сөздер болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет