Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет35/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   284
чы, Нурин ақтачы т.б. 

Парсы тілінің өте білімді маманы – Ислам Жеменей құрастырған 

«Парсыша-қазақша  сөздікте»  («Санат»  1994)  әхта  (ахта)  сөзінің 

қазақшасы бедеу деп көрсетеді. «Бедеу» мағынасындағы эхта (ахта, 



ақта ат) парсының өз сөзі ме, кірме сөз бе – оны мамандар айқындар, 

ал бізге бұл жерге көңіл аудартып отырған – ахта ат пен бедеу ат 

деген тіркестердің таза синонимдер болып келетіндігі. Сірә, ХV-ХVІІ 

ғасырларда қазақ тілінде мықты ат, жорық аты деген мағынада бе-



деу ат тіркесі өлең-жырларда жиі қолданылса, жазба тілде ақта ат 

атауы  да қолданылған  деп  түюге  болады. Ақта  ат  синонимі  парсы 

тіліндегі тарихи жазбалардың ықпалы болуы да мүмкін. 

Ахта  (ақта,  ағта)  сөзінің  этимологиясы  мен  мағынасы  

Э.В. Севортян сөздігінде берілген. Зерттеуші бұл сөз иран тілдерінен 

келген дейді, мағынасы – «азбан» («мерин»). П.М. Мелиоранскийдің 

ахта сөзі түркі мен монғол тілдеріне монғол жаулап алулары кезінде 

енген дейді. Ахта/ақта атауының түркілік ақта – «малды тартты-




61

ру, піштіру» деген сөзімен қатысты болуы да мүмкін. Қазіргі қазақ 

тілі  сөздіктерінде  ақта-  етістігінің  бұл  көне  түркілік  мағынасы 

көрсетілмеген. 

«Азбан, яғни ақтатылған, піштірілген жылқы малы» деген мағы- 

надағы  ақта  атауы  қазақ  тілінде  жұмсалмағанын  ертедегі  өлең-

жырлар тілінде, ХV-ХVІ ғасыр ақын-жырауларының тілінде кездес- 

пейтіндігі  дәлелдейді.  Бірақ  жорыққа,  ұзақ  сапарға  мінетін  мықты 

атты  қазақтар  да  жақсы  білген,  ол  бедеу  ат  деп  аталған.  Демек, 

бедеу  ат  сөзі  де,  ақта  ат  сөзі  де  құлындамайтын  бие  мен  үйірге 

түспейтін айғырды, яғни ұрпақ бермейтін ұрғашы да, еркек те малды 

(бұл жерде жылқы малын) атаған болып шығады. Ақта ат пен бе-

деу ат – бір-біріне синоним тіркестер. Қазақ тілінде соңғы варианты 

қалыптасқан. Ақта ат жазба тілде, оның өзінде де парсы тіліндегі 

әдебиеттің ықпалы болған үлгілерде, мысалы, Қадырғали бидің жаз-

басында қолданылған деп топшылауға болады. 



БЕРЕН. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері бұл сөздің көп мағы- 

налы екенін дұрыс танытып келеді. Бірақ мағыналарының көпшілігі 

бұл  күнде  ұмыт  бола  бастаған.  Мысалы,  көп  томдық  түсіндірме 

сөздік берен сөзінің бір мәні «қымбат, асыл мата» десе, екі томдық 

түсіндірме сөздік «гүл салып тоқылған масаты, жібек мата» дейді. Ал 

өткен ғасырда сөздік құрастырған Н.И.Ильминский берен сөзінің екі 

мағынасын көрсетеді: бірі – «ең жақсы барқыт», екіншісі − «ең мықты 

болат»  (Ильминский,  88).  Біздіңше,  Ильминскийдің  түсіндірмесі 

нақты.  Қазақтар  берен  деп  жалпы  жақсы  матаны  емес,  ең  жақсы 

(құлпырған)  барқытты  атаған.  Мақта  матаны  көбінесе  мата  деп, 

барқытты барқыт, мақпал деп, жібекті шұға, шәйіатлас, масаты 

деп  атағаны  белгілі.  Сондықтан  өлең-жырларда  кездесетін  берен 

сөзінің бір мағынасын «ең жақсы барқыт» деп түсінген жөн сияқты. 

Мысалы, «Қобыландыда»:

Байдың қызы жамылар

Масаты мен беренді.

Бұл сөздің Ильминский көрсеткен екінші мағынасынан ауысып, 

берік металл шығыршықтардан жасалған сауытты да (көбе, сауыт, 



кіреуке  сөздерін  қараңыз),  асыл  болаттан  жасалған  семсер  немесе 

қылышты да (кейде тіпті кездік, пышақтарды да) берен деп атағаны 

көбінесе ескі өлең-жырларда жиі ұшырасады:

Қынабынан суырып,

Қолына алды беренді...

Керегеде ақ берен

Мұны да белге шалады.



62

Берен  сөзінің  «болаттай  мықты,  күшті  адам,  асыл  адам»  деген 

үшінші ауыспалы мағынасы өткенде де, қазірде де жиі қолданылады. 

Мысалы:

Бөкенбайдай жас берен 

Жылқыны іздеп барғасын... 

Сансызбай атты жас берен 

Толғана мойнын бұрады... 

Тал бойына бір берен 

Таба алмайды жарасар.

Соңғы мысалдағы берен сөзін осы жырды бастырушылар «ақыл- 

ды» деп түсіндіреді, дұрысында бұл да – жоғарғы мысалдардағыдай 

«батыр, мықты адам» деген мағынада жұмсалған сөз. Бұл сияқты әр 

кітапта әртүрлі (бір-біріне жуық болғанмен) түсіндірілуі берен сөзінің 

өткендегі қолданысының (мағынасының) көмескілене түскендігінен. 

Сондықтан батырлар жырлары мен лиро-эпостарда Махамбет, Дулат 

сияқты  ақындарда  жиі  кездесетін  берен  сөзін  контекске  қарай  бес 

түрлі мағынада түсіну керек: «1) ең мықты болат, берік металл, 2) сол 

болаттан, металдан жасалған қылыш, семсер, кездік, қанжар, пышақ 

т.б.  3)  сауыт,  көбе,  4)  батыр,  күшті,  мықты  адам,  асыл  адам,  5)  ең 

жақсы барқыт».



БҮЛУ.  Батырлар  жырларында  да,  қазақ  ақын-жырауларының 

тілінде де бүлу етістігі кездеседі:

Он сан ноғай бүлгенде

Ормамбет хан өлгенде... 

Осы айтқаным болмаса

Ноғайлы елің бүледі... 

Кіші қара қалмақ бүлерде... 

Еңсесі биік кең сарай

Мортық болар бүлген соң. 

«XVIII-XIX  ғасырлардағы  қазақ  ақындарының  шығармалары» 

атты кітапта (Алматы, 1962) соңғы жолдағы соңғы сөздер бөлген соң 

болып жазылған, алдыңғы жолдағы бүлерде деген сөзге «бүлінерде» 

деп түсінік берілген. Әрине, екеуі де қате және бұлар – бүлу сөзінің 

бұл күнде мағынасы көмескі тартқандығынан туған қателер.

Бұл сөзді Махамбет ақын да қолданады:

Біздің Ер Исатай өлген күн, 

Он сан байтақ бүлген күн.

Бұл  мысалдардың  барлығында  да  бүлу  етістігі  «белгілі  бір 

халықтық  ойрандалуы,  ыдырауы,  тозуы»  мағыналарын  білдіреді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет