су, айқасу», одан қалды «қосамжарланып араласу, қоса қабаттасу»,
соңғысы – ауыспалы мәні. Сырт қарағанда, бұл сөз тайталасқан
адамдардың бір-бірінің жағасынан алуына қатысты айтылған болу
керек деп ойлаймыз. Ал, шындығында, сөздің түбірі – жағы/йағы/ жау сөзінің көне түркілік түрі (түркі тілдерінде ғ ~ у дыбыстарының
алмасуы − кәнігі құбылыс: тағ ~ тау, бағ ~ бау дегендердегі сияқты).
шаға «аударсақ» жаумен жауласу болып шығады. Әрине, бір тү-
бірден жасалған жауласу мен жағаласу деген екі тұлға өз алдына
мағыналық реңктері бар екі дербес сөзге айналған: жағаласу тұлғасы
«жауласу» сияқты жалпы ұғымның ішінде «арпалысу, тайталасу,
қоса қабаттасу» сияқты нақтылау реңкті білдіретін сөзге айналған,
өйткені тіл «артық дүниені көтермейді», егер жауласу мен жағаласу
сөздері дәлме-дәл бір мағынада тұрып қалса, біреуі артық дүние бо-
лып шығар еді.