79
дәуірінде туған деп топшылайды
86
. Тек Жиренше мен Асан
емес ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген Доспамбет, Шалкиіз,
Қазтуған, Шобандар да ноғайлы-қазақ жыраулары болып
саналуға тиіс. Бұл пікірді принципті түрде алғаш айтқан
зерттеуші Қ.Өмірәлиев: «Қазтуған туралы сөз», «Доспамбет
сөзі» деген жыр, «Әділ сұлтан жыры» т.б.сөз үлгілері қазақ
халқының құралу қарсаңында, одан бергі дәуірде өзге терри-
торияда Еділ мен Жайық бойында, Еділ, Қырым аралығында,
Алтын Орданың өзге бір ордасында ұйтқы болған ноғайлар
арасында туды. Ал бұл жырларды осы құрамда болып, қазақ
халқына кейін қосылған ру-тайпалар өзімен бірге әкелді.
Кейінгі дәуірлердегі қайта жырлаулар негізінде бұл жырлар
өзінің бұрынғы ноғай әрі Қырым жұрты редакциясынан біраз
өзгеріп, біршама қазақыланды. Осы себепті де бұл сипаттас
біраз сөз үлгілеріне қазақ, ноғай, қарақалпақ т.б. халықтардың
ортақ еншілігі бар мұра ретінде қарау керек»,
87
– дейді.
XV-ХVI ғасырлар – қазақ ру-тайпаларының өз алдына ұлыс
(народность) болып құрала бастаған дәуірлері. Бұған дейін
ноғайлылар мен қазақтың ру-тайпалары Алтын Орда құрамында
бірге, аралас-құралас өмір сүргені мәлім. Ш.Уәлихановтың
сөзімен айтқанда, «төрде басы, төскейде малы бір болған»
осы ғасырлардың өзінде бірсыпыра ру-тайпалар ноғайлы мен
қазақ одақтарының біресе біреуіне қосылып, біресе ажырап
жүрді. Біртектес түркі тілінде (қыпшақ тобында) сөйлейтін
ру-тайпалардың бұл араластығы олардың мәдени-әдеби өмір-
інде де, тілдерінде де үлкен із қалдырды. Сондықтан Асан,
Шалкиіз, Қазтуған, Шобан сияқты сөз зергерлерін ноғайлы,
қазақ болып бөлінгенде, әрқайсысы өзімдікі деп ала кетуі әбден
заңды. Осы себептен бұлардың туындыларын қазақ кітап-
тарымен қатар, Магомет Османов құрастырған «Ноғай уа
құмық шиғырлары» (СПб., 1883) атты жинақта да, А.Жәнібек
құрастырған «Ауыл поэзиясы иа де ноғай әдәбиеті» (Мақачқала,
1935), «Ноғай жырлары» (Астрахан, 1912), «Шолпан» (ноғай
яжувшыларының ортақ иынтығы, түзеген – Б.Қарасов. - Чер-
касск, 1969) деген жинақтар мен кітаптардан да таба аламыз.
86
Достарыңызбен бөлісу: