Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет34/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   161
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. - Алма-Ата, 1961. - Т. I. - С. 218.
87
Өмірәлиев Қ. XV-XVI ғасырлардағы қазақ... - 15-б.


80
Қазақ қауымы халық ретінде XV ғасырларда құрала бас- 
тағаннан кейін тілі ж-мен айтылатын топта қалыптасып, өзге 
түркі тілдерінен ажырай бастағаны мәлім. Бірақ бұған дейінгі 
пайда болған әдеби мұралар әлі де ұзақ уақыт қазақ халқы- 
ның рухани қажетін өтей алатын, сондықтан оңай қазақшs- 
ланатын дүниелер болғанға ұқсайтынын жоғарыда айттық. 
XV-ХVI ғасырлардан қалған өлең-жырлар әлі де ноғайлы, 
қазақ жұрттарына ортақ, мүмкін, көп ретте ж-мен емес, й-мен 
айтылған болар. Бұған кейбір тарихи есімдерге қатысты жыр- 
лар мен шағын өлеңдердің Қырым татарларында да (ноғай- 
ларында) сақталғаны куә. Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазту- 
ғандарды кейбір зерттеушілердің ноғайлы- қыпшақ жырау- 
лары деп атайтыны да, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет жырла- 
рының, Тоқтамыс, Сыпыра жырау толғауларының жалпақ 
қазақ ішіне тарамай, оның батыс бөлігінде – Ноғай ордасы-
нан бөлінген тайпалар арасында ғана айтылды деген пікірлер
де
88
осыны дәлелдей түседі. Қайткен күнде де бұларды қазақ- 
тың XV-ХVI ғасырлардағы әдеби тілі туралы пікір айтқыза- 
тын нұсқалар деп тану керек.
Ноғайлы-қазақ толғау жырларының ауызша таралып, ау-
ызша сақталуына қарамастан және варианттылық, ортақтық 
фактілерінің барын есептегеннің өзінде, XV ғасырдан келе 
жатқан авторлы поэзия өз негізін, бастапқы қалпын түп- 
тамырымен өзгертпеген деп табамыз. Оған, біздің байқау- 
ымызша, бірнеше фактор себеп болған. Бұл факторлардың
бірі – поэзия үлгілерін халықтың қастерлеп сақтау дәстүрі
болса, екіншісі – ол дәстүрді жүзеге асырушы «құралдары- 
ның» болғандығы. Мұндай «құралдар» деп отырғанымыз – 
ақын-жыраулардың өз бастары мен арнайы жыршылар, яғни 
өлең, толғау, жырларды жаттап айтушылар. Оның үстіне үлкен 
толғау, жырларды жаттап үйренудің белгілі мектебі болғанын 
және айту қажет. Жырды үйренушілер айтушының жанын-
да айлап-жылдап жүріп, шығарма мәтінін дәл жаттап алатын 
болған, оның алдында «емтихан» тапсырып, жырды тұтас не-
месе бөліп-бөліп бұлжытпай айтып беруді дәстүр еткен. Мы-
салы, зерттеуші Қ.Сыдиықов атақты «Қырымның қырық ба-
88
Бұл да сонда, 91-102-б.


81
тырын» жырлаушы Мұрын жырау Сеңгірбайұлы (1859-1954) 
ұстазы – Нұрым Шыршағұлұлының (1831-1908) қасында 
бірнеше рет бірге жүріп, жыр-толғаулар жаттап, батасын алған 
дейді
89
. 1880-1884 жылдары Қашағанмен бес жыл бір жүріп, 
жыр үйренеді дегенді тағы айтады
90
.
Жырды жаттап жеткізушілердің көпшілігінің естігенін жа-
дында сақтау қабілеттері күшті болғандығы
91
туралы да жа-
зылып келеді. Сөз жоқ, мұндай феномендер ертедегі әдеби 
мұраларды тілі жағынан біршама өзгертпей жеткізуге себеп-
кер болғанға ұқсайды. Мұны кезінде Ш.Уалиханов жақсы 
байқаған еді. Ол «Киргизское родословие» деген еңбегінде: 
«Барлық көне жырлар мен аңыз-әңгімелер дәуір өткен сайын 
ұрпақтан ұрпаққа ауызша түрде жеткеніне қарамастан, жыр-
шы- жыраулардың жаттау әрі есте сақтау қабілеті мен өз ата-
бабаларының ерлік істері туралы өлең-жыр, аңыз-әңгімелерін 
халықтың шексіз сүйгендігінің арқасында күні бүгінге дейін 
өзгеріссіз таза жеткен. Олардың жырланыс нұсқалары (список-
тары) ұланғайыр кең даланың қай түкпірінен жиналған болса 
да, бір-біріне өте ұқсас, тіпті бірдей түседі»,
92
– деп бір жазса, 
осы пікірін екінші шығармасында және қайталайды
93
.
Екінші фактор мынадай. Өлең шарттылығына байланы-
сты және белгілі бір өлке тұрғындарына (Батыс Қазақстан 
өлкесіне) біршама түсінікті болғандықтан, кейбір лексикалық 
және грамматикалық көнеліктер өзгермей жеткен. Ал бірқатар 
грамматикалық тұлғалардың сақталуы ертедегі әдебиеттің 
стильдік-жанрлық сипатына тікелей байланысты. Мысалы, 
дидактикалық толғауларда, мақал-мәтелдер сияқты, есімшенің 
-ар жұрнақты тұлғасы актив жұмсалады, өйткені мұнда да 
өмірде үнемі болып жататын, белгілі бір шаққа бейтарап 
құбылыс баяндалады: «Шағырмақ бұлт жай тастар, Ағытқан 
қойды жол бастар» (Шалкиіз). «Құйрығы жоқ, жалы жоқ 
Құлан қайтіп күн көрер. Аяғы жоқ, қолы жоқ Жылан қайтіп 
89
Сыдиқов Қ. Ақын-жыраулар. - Алматы, 1974. - 68-б..
90
Сыдиықов Қ. Мұрын жырау //Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - 1991. - № 4.
91
История казахской литературы в 3-х томах. - Алма-Ата, 1968. - Т.І. - С. 396; 
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. - Алматы, 1974. - 191-б.
92
Валиханов Ч.Ч. Көрсетілген кітап. 210-б.
93
Бұл да сонда, 391-б.


82
күн көрер» (Асанқайғы). Мұндай баяндау дидактикалық тол- 
ғаулардың құрамды бөлігі болып келеді, ол – үгіт айтуға қажет 
фон, ой астары. Демек, бұл жанрдың өзі-ақ етістіктерді оның 
өзге тұлғаларымен алмастыруға жібермейді. 
Үшінші ескеретін жайт – ол авторлы әдебиеттің фольклор 
дүниесімен қатар өмір сүріп келген фактісі. Екеуінің сақталу, 
таралу амалы бірдей болғанымен, біздің ойымызша, елеулі 
айырмашылықтары да бар: біріншіден, авторлы әдебиетте 
фольклор мұрасын жеткізуге қарағанда, еркіндік кемдеу се- 
зіледі. Оның бір себебі – ақын-жыраулар туындыларының дені 
белгілі бір оқиғаға, нақтылы жер-су, адам аттарына қатысты 
айтылатындығына байланысты. Жеткізуші оларды алып тас- 
тау немесе өзгерту сияқтыларға көп бара алмайды. Содан соң
авторлы әдебиетте ортақ сәттер (дәстүрлі клишелер), фоль- 
клорға қарағанда, әлдеқайда аз кездеседі. Оған қоса әр автор- 
дың өзіне тән жырлау мәнері, өзі сүйіп қолданған көркем- 
деуіш элементтері болуы мүмкін. Бұлардың барлығы – дара- 
лықты, авторлықты танытатын белгілер. Ал даралық тұрақ- 
тылықты көбірек қалайды. Қазақ поэзиясын ауызша жеткізу- 
шілер осыны интуитивті түрде жақсы сезген деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет