Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 4. Ақындар мектебінің дами бастауы және оның әдеби



Pdf көрінісі
бет68/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   161
§ 4. Ақындар мектебінің дами бастауы және оның әдеби 
тіл барысындағы рөлі
XVIII ғасырға дейін қазақ көркем әдебиеті әлемінде орын 
алып келген жыраулық дәстүр өз күшінде болуымен қатар, 
онымен жарыса ақындар мектебі бел ала бастады. Бұл жерде 
біз әдебиеттану ғылымында арнайы зерттеу объектісі болып 
жүрген жыраулар типі, ақындар типі дегендердің пайда болу
немесе күшею кезеңі туралы сөз етіп отырған жоқпыз. Ақын- 
дар, мүмкін, жыраулар типіндегі сөз иелерінен бұрын пайда 
болған болар. Ол жөнінде зерттеуші Е.Тұрсынов арнайы еңбек 
жазып, ғылыми дәлелдері бар пікірлер айтқан болатын
138
.
Біздің бұл жердегі әңгіме өзегіміз XVIII ғасырда қазақ по-
эзиясын қызмет еткен сөз зергерлері мектебінің түрлері жай-
ында.
Әдебиеттанушылардың тұжырымдарына қарағанда, «қазақ- 
тың ақын дегені – жыраудың кейінгі кезде шыққан атауы 
(Н.С.Смирнова), «тарихи деректерге қарағанда, жыраулар-
ды ақындардың ең көне типі деп есептеуге болатын сияқты 
(Е.Ысмайылов)
139
. Түпнегізі қандай болған күнде де (қайсысы 
бұрын, қайсысы кейін шықса да), біз бір жайтты ашып айта 
аламыз. Ол – қазақ топырағында ақындар мен жыраулар 
137
Соңғы кезде Бұхардың туған-өлген жылдары мен шығармашылығы жайында 
әзірге қолға түскен материалдарды пайдаланып, ғылыми негізде соны пікірлер айтқан
Қ.Мұхаметханов Бұхардың туған-өлген жылдары бұрынғы көрсетіліп жүрген 1693-
1787 емес, 1685-1777 жылдар деп дәлелдеді (қараңыз: Қазақ әдебиеті. 1982, 30 июль 
- 6 август).
138
Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. - Алматы, 
1976. - 102-104-б. 
139
Өзгелерден келтірген сөздер жоғарғы аталған кітап бойынша берілді. - 102-бет. 


153
дегендердің о бастан (яғни қазақ халық болып құралған заман-
нан) қатар өмір сүріп келгені. Бірақ олардың қоғам өмірінде 
алған орны мен сол қоғамға қызмет етудегі арасалмағы 
барлық кезеңде бірдей болмаған. XVIII ғасырға дейін жырау-
лар дәстүрі басым болса, осы кезеңнен бастап ақындар тобы 
әлеуметтік үнге ие бола бастайды. Әйтпесе айтысқа түсіп, 
ауыларалық, ағайынаралық жайттар мен күнделікті тұрмыс 
жайын жырлаған ақындар XV-ХVII ғасырларда да болған. 
Бірақ тақырып ұсақтығы мен идея таяздығынан, олардың 
тарихи-әлеуметтік үндері болмай, есімдері де, мұралары да 
халық жадында сақталмаған.
Жырау – ақындық қабілеті бар жай ғана адам емес, ол – ең 
алдымен, қоғам қайраткері, ақылшы, көсем. Жырау кез кел-
ген ұсақ-түйек күнделікті тұрмысқа қатысты жай-күйлерді 
жырлауға тиісті емес, ол «тынымсыз көшпенділер арасында 
күнделікті болып тұратын кикілжің оқиғаларға араласпайды, 
күйкі өмірдің қамы туғызған от басы, ошақ қасының жайы 
да жырау назарынан тысқары жатады»
140
. «Халық жырау-
лары – хан ордасында жүріп, мемлекет басқару ісіне тығыз 
араласқан, хандар мен батырларға, бүкіл халыққа ақыл-өсиет 
айтқан, болашақты болжап, істің жөнін нұсқап жүрген дуалы 
ауыз, ақылгөй кеңесшілері, хандар мен ерлікпен аты шыққан 
батырлардың, қолбасшылардың ерліктерін мадақ етіп, жыр 
айтқан жыршылары»
141
. Демек, жырау жоғары тақырыптарды 
– қоғамдық мәні бар жайттарды толғайды, адамдарға ақыл 
айтып, кеңес беру, жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа 
үндеу сияқты жүк арқалайды.
Ал ақынның мұндай әлеуметтік биік сатыда тұруы – шарт 
емес, ол – қарапайым халық ішінде жүріп, олардың күнделікті 
қуаныш-ренішін, мұң-мұқтажын, арман-тілегін көріп-біліп, 
соларды жырлайтын дарын иесі. Ақынның өлең шығыруы 
үшін ел басына түскен үлкен оқиға, дау-жанжал, қырғын 
соғыстардың болуы – тағы міндет емес. Ақын поэзиясының 
азығы – күнделікті өмір, өз айналасы, өзін қоршаған табиғат, 
сондықтан ақынның тақырып өрісі еркіндеу. Мұның тіл үшін 
үлкен мәні бар.
140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет