Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет69/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   161
Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968. - 129-б.
141
Тұрсынов Е. Көрсетілген кітап. - 158-б. 


154
Жыраудың басты жанры – толғау. Толғау дегеніміз – ой, 
толғаныс, түйін, мораль. Сондықтан жыраулар аз сөзбен көп 
ойды түйетін ықшам құрылымды поэзия түрін жасайды. Осы 
себептен де толғаулар көп сәттерде бір-біріне ұқсас үзіктерге, 
афоризмдерге айналып кетуге бейім. Жыраулар тілінде 
стандарттық күшті болады, әсіресе грамматикалық тұлға-
тәсілдер біртектес түрде келеді. Мысалы, жоғарыда айтылды, 
толғауға тән констатация сипаты етістіктің шақ категориясы-
на бейтарап, үздіксіз болып тұратын іс-әрекетті білдіретін -ар 
жұрнақты есімше тұлғасымен берілуін қол көреді. Сондай-ақ 
жырау поэзиясының синтаксисіне тән параллельдер белгілі 
бір сөздер мен тіркестердің және грамматикалық тұлғалардың 
үнемі қайталап отыруын қажет етеді, бұл да тілдегі стан- 
дарттықты туғызады. Бұл тәсіл әдеби айналымға көптеген 
сөздерді қатыстыруға және түрлендіріп отыруға мүмкіндік 
бере бермейді.
Зерттеуші Қ.Өмірәлиев: «Шешендік толғау-өлеңдерде 
өлеңнің ұзын-ырғасындағы сөз мөлшеріне шаққанда, дара 
сөздер де, дара формалар да әдебиеттегі өзге өлең түрлерінен 
барынша аз болады», – деп дұрыс байқайды. Ол тіпті толғаудан 
алынған үзінді мен Абайдан келтірілген 12 тармақ өлеңнің 
мәтініндегі дара сөздердің санын салыстырып көрсетеді. 
12 жолдық толғау мәтінінде жалпы 44 сөздің 17-сі ғана 
қайталанбай дара тұрса, Абайда 45 сөздің 40-ы – дара
142
.
Ал ақындар шығармашылығындағы еркінділік, ең алды- 
мен, өлеңнің толғауға тән 7-8 буынды түрінен өзге өлшемді 
түрлеріне көшуге де, өлеңнің өзге шарттарын құбылтып қол- 
дануға да мүмкіндік береді. Бұл өз кезінде поэзия тіліне көпте- 
ген жаңа сөздер мен грамматикалық тәсілдерді қатыстыруға 
жол ашты. Оның үстіне ақындар туындысының күнделікті 
тұрмысқа, айналаға қатысты тақырыбы өлең тіліне әр алуан 
сөз топтарын енгіздірді.
XVIII ғасырда жасаған Тәтіғара, Көтеш, Шал ақындарда 
жыраулық дәстүрден гөрі, ақындар мектебінің сипаты басым. 
Бұлар – ру басындағы ақылгөй, қолбасшылар емес, керісінше, 
біреуі (Тәтіғара) – өз кезіндегі сырт жауға қарсы ұрыстарға 
142
Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ... - 127-б.


155
қатысушы жауынгер ақын, енді біреулері (Шал, Көтеш) – ел 
аралап, айтысқа түсіп, жас кездерінде жұрт арасында ойын-
сауық той-думанға араласқан қатардағы адамдар.
Бұл ақындар 7-8 буынды аралас ұйқасты өлеңмен қатар, 
11 буынды ааба ұйқасты қара өлең үлгісің жиірек қолдана 
бастайды. Бұл – әдеби тілдің көркемдеу тәсілдерін де, сөздік 
байлығын да түрлендіруге әсерін тигізді. Өйткені қазақ 
өлеңінің буын саны ең үлкен қара өлең өз тармақтарына 
әлдеқайда күрделі эпитеттерді, теңеулерді сыйғызуға немесе ба 
ұйқасымен берілген соңғы екі жолға күрделі құрмалас сөйлемді 
орналастыруға жағдай туғызды. Мысалы, Шал ақынның:
Таяққа қартайғанда асыларсың,
Төбеңнен тас ұрғандай басыларсың.
Күтімсіз сол кезекте кедей болсаң,
Бұтыңды отқа қақтап қасынарсың, – 
деген шумағында тас ұрғандай басылу, күтімсіз кедей тәрізді 
«образды теңеу, эпитеттер бір-бір жолға орналасқан, ал 
үшінші, төртінші жолдарда құрмалас сөйлем берілген. Деген-
мен жыраулар толғауы мен ақындар өлеңі әдеби тілді түбірлі 
айырмашылыққа ие ететіндей дәрежеде бір-бірінен ажыра-
тылмайды. Бір-бірімен жалғасып, ұштасып жатқан бұл жанр-
лар өзара әсер етіп, көркемдеу құралдары мен тілдік тұлға-
тәсілдерді бір-бірінен алғандығы байқалады. XVIII ғасырдағы 
ақындардың өзі кейбір шығармаларын толғау түрінде ұсынды. 
Мысалы, Шал ақындағы «Бұл дүниенің мысалы» дейтін толғау 
(егер оны біз авторсыз ортақ мұра қатарына жібермесек), «Па-
сыл да, пасыл, пасылман», «Арғымақ ат кімде жоқ» сияқты 
шығармалары тақырыбы, идеясы, баяндау стилі жағынан жы-
раулар толғауларынан еш айырмасы жоқ. Керісінше, кейбір жы-
рауларда (мысалы, Бұхарда) ақындарға тән тақырып пен стиль 
еркіндігі бары байқалады. Демек, бұл екі мектеп әлі үзілді-
кесілді ажыраспаған. Сөйтсе де ақындық әдеби тілдің одан да 
әрі халықтық сипат ала түсуіне жол ашты деуге болады.
Күнделікті өмір құбылыстарын, айналадағы ірілі-ұсақты 
зат, нәрсе т.б. әңгіме желісіне байлаған ақындар солардың 
атауын немесе оларға қатысты сын-сипат, қимыл, іс-әрекетті 
білдіретін сөздерді поэзия тіліне енгізе бастайды. Енді өгіз 
терісі талыс, бұзау терісі шөншіктер жыраулар тіліндегідей 


156
образ үшін теңеу, метафоралар ретінде келуінен гөрі (бұл амал 
да бар), өзінің номинатив мағынасында жиірек қолданылады.
Ақындарда портрет жасау активтенеді. Әрине, әзірге бұлар 
– жеке белгілі бір адамдарды суреттеу емес, «жаман, жақсы 
қатынның», қыздың, жігіттің, шалдың, кедейдің, байдың, 
сараңның т.б. портреттері. Және олар мақтау немесе даттау 
мақсатымен салтанатты, көтеріңкі үнде (стильде) не сарказм-
мен берілген дерексіз портреттен гөрі, жақсы, жаман әйелдің, 
сараңның, қарт адамның күнделікті өмірде байқалатын мінез-
құлықтарын, іс-әрекетін суреттеу болып келеді. Мысалы, Шал 
ақын «жақсы қатын» таңертең тұрады, түндікті оңынан аша-
ды, киіміне кір жұқтырмайды, асында қылшық тұрмайды... 
деп бейнелейді.
Адамның әр 5-10 жылдықтардағы өмірін суреттеп, оның 
туғаннан 90-дарға (кейде 100-ге) келгендегі портретін беретін 
дәстүрлі өлең-толғаулар жырауларға да, ақындарға да тән. 
Бірақ екеуінде екі түрлі сурет беріледі. Мысалы, жыраулар әр 
кезеңді алып жалпы метафорамен суреттейді: отыз жасқа кел-
генде дүниедей кең едің, отыз бес жасқа келгенде қара судың 
бетінде сығылып аққан сең едің немесе: жетпіс деген – жел 
екен, сексен деген – сор екен, тоқсан бес деген – тор екен 
(Бұхар). Ал ақындар бұл тақырыпқа келгенде «жерге түседі»: 
оларда әр кезеңнің өзіне тән сипаты суреттеледі: Жетпісте 
жер таянбай тұра алмассың (жоғарғы жетпіс деген жел 
екен дегенмен салыстыр), сексенде селкілдеген шал боласың, 
қайда деп он бес қайран дал боласың... Келгенде мен тоқсанға 
торғайдаймын, жылқымды атқа мініп зорға айдаймын. Мұнда 
болмыс, ақиқат суреттері кәнігі метафора, теңеулерді азайтып, 
жаңа образдар ұсынады: бұл кәрілік – күлге аунаған қотыр 
бура... тоқсаннан соң жарандар, келеді күз, жоқ жоғалтқан 
жоқшыдай сенделдік біз (Шал).
Әрине, XVIII ғасыр ақындары дәстүрлі образдардан, тұрақ- 
ты эпитеттерден бірден қол үзіп, алшақтап кете қойған жоқ. 
Оларда да жастық шағын сауырдан су төгілмес боз жорға едім, 
тарлан тартса танбайтын жорғасынан... Асу-асу жерлерді 
арыстадым, қайда бір дүбір шықса қалыспадым (Шал) деген 
метафоралар әлі де бар.


157
Ақындарда өлең тақырыбы нақтылау болғандықтан, өз 
тұстарындағы қоғам өміріне байланысты іс-әрекет, кәсіп, 
күнкөріс т.т. өз атауларымен беріледі, сол себептен кейбір 
сөздер мен тұрақты тіркестердің бұл кезеңдегі мағынасын, бар-
жоғын аңғаруға мүмкіндік туады. Мысалы, Көтеш Абылайға: 
Абылай, күйіп кетті салған қалаң десе, Мұнда қала – дәл осы 
күнгі «город» мағынасында емес, «кішкене бекініс, қорған» 
ұғымында келтірілген. Сол сияқты Көтеш: Көтеш қалды 
қыстауда жалғыз ауыл; Шал ақын: алдынан орыс, қазақ 
тарқар еді... сіздер аршын болғанда, біз бір ширек, ширектен 
құралған соң кез болатын, (бай) бір кедейді жалдайтын пайда 
көріп десе, сол кезеңнің хал-ахуалынан, тұрмыс-тіршілігінен 
хабар беретін, бұрынғы поэзияда көп кездеспейтін сөздерді 
көреміз.
Қысқасы, етек жая бастаған ақындық дәстүр – қазақтың 
көркем поэзиясы тіліне бұрынғыға қарағанда, жаңа леп, жаңа 
тілдік-стильдік құрал-тәсілдер әкеле бастаған соны бағыт бол-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет