Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет97/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   161
-мақ және жұрнақтары арқылы келетін тұлғалар. Мұның 
алдыңғы кезеңдерде өнімдірек болған -мақ жұрнақты түрін 
бірте-бірте -у жұрнақты варианты алмастыра бастағаны 
байқалады. Дулат, Шортанбай, Шал ақындар көбінесе соңғы 
тұлғаны қолданады: «Өлгеніңше тою жоқ, Жегенін қазақ қою 
жоқ» (Шортанбай). Тіпті «Тумақтың өлмегі бар» сияқты сен-
тенцияны Шортанбай: «Өлуі болмай қоймайды Туғаннан соң 
пенденің» деп қайта құрастырады. Әрине, -мақ жұрнақты ва-
риант та ара-тұра қолданылып отырады: «Құбылаға бас қоймақ 
Мұсылманның тарығы...», «Жиырма тоғыз әріптің Жайын 
білмек керек-дүр» (Шортанбай).
Қимыл есімінің осы күнгі норматив -у жұрнақты түрінің ак-
тив қолданыла бастаған тұсы XIX ғасыр деуге болады.
Келесі варианттар қатарын етістіктің ашық райдағы 
-ма+й+мын және -ман аффиксті тұлғалары түзеді. Біз сөз етіп 
отырған кезеңдегі көркем әдебиет тілінде ауыспалы осы шақ- 
тың I жақта жекеше болымсыз аспектіде қолданылатын 
-ма+й+мын қосымшалы түрінің орнына көбінесе ықшамдал- 
ған -ман жұрнақты варианты қолданылады. Мысалы, Махам-
бет аталған категорияны білдіру үшін тек қана осы тұлғаға 
жүгінеді: «Мен кеткенмен, тек кетпен...», «Мен кескекті 
ердің сойымын Кескілеспей бір басылман...», «Ар-намысым 
қашырман...», «Бұлтқа жетпей шарт сынбан...», «Бас кесермін, 
жасырман». Бұл амалды ақын көпше мағынада да жұмсайды: 
«Бесеуіміз жүргенде, Алашқа болман деуші едік».
Аталған тұлғаны стильдік қолданыспен байланыстырып, 
оны айтылмақ ойға қайсарлық, жігерлілік реңкін білдіретін 
құрал деп танушылық бар
161
. Бірқатар өлеңдердің контексіне 
қарағанда, мұндай стильдік қызметін жоққа шығаруға да бол- 
мас (мысалы, осы тұлғамен келетін Махамбет жолдарын
қараңыз), дегенмен -ман аффиксті тұлғаны белгілі бір кезең- 
дердегі поэзия тілі үшін жалпы норма деп таныған дұрыс, 
161
Балақаев М. Баспасөздің тіл мәдениеті туралы //Тіл мәдениеті және баспасөз. - 
Алматы, 1972. - 15-б.


219
өйткені мұның -маймын қосымшалы қатары кемде-кем 
ұшырасады, тіпті жоққа тән.
Тұлғалық варианттар қатарына –тұғын ~ тын, -соң ~ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет