217
лада көрінеді: бірі – морфологиялық тұлғалардың қызметінде,
екіншісі – сыртқы формасында, үшіншілері – қиысу, меңгеру
т.б. амалдарында.
Белгілі бір грамматикалық
категорияның қызметінде екі
тұлғаның жарыса атқару фактісі бар. Мысалы, шаққа бейта-
рап, әрдайым болып жататын іс-әрекетті есімшенің
-ар/-ер
жұрнақты түрімен
және ауыспалы шақ тұлғасымен (-ады )
беру көзге түседі. Бұл – бұрыннан келе жатқан варианттылық.
Айырмасы – алдыңғы кезендерде
-ар тұлғасымен білдіру
жиірек байқалса, XIX ғасырдан бастап сөз иелері екінші вари-
антын да реті келген тұста қиналмай қолданады: «Екі кісі тең
барса,
Онды төре береді Ақылы жетік би адам» (Махамбет),
«Алғаның жақсы жолықса, Қадірінді
біледі» (Шортанбай).
Жарыспалылық
әсіресе – арға мен
-уға тұлғаларының
қолданысында күшті сезіледі. Осы күнде
-уға (баруға, келуге)
түрінде берілетін амал XIX ғасырда әлі де
-арға вариантында
жиі кездеседі: «Өлең айтып толғандым, Көкірегімді
басарға»
(Махамбет), «Бармайды ауыз шіркін
жамандарға» (Шернияз),
«Таяңдық енді
өлерге. Күн қанша дүр
көрерге»
(Шортанбай).
Супиндік (мақсаттық) қызметте барыс септікте
-у жұрнақты
қимыл есімінің орнына
-ар жұрнақты есімше тұлғаны қолдану
– өзге тілдердің (айталық, татар тілінің) әсері емес, қазақ
тілінің өзіне тән және бір кезеңдер үшін норма болған тәсіл.
XIX
ғасырда -уға варианты да кездесе бастайды: «Жұрт
меңгеріп
тұруға Әділ төре хан керек» (Шернияз), «
Қорғалауға
қара таппадым» (Алмажан), «Олардың кегін
алуға Кезек бізге
жетті деп» (Махамбет). Бұл қызметте үшінші және бір тұлға
-маққа/-маға варианты да ішінара орын алады: «Қабанбай
елге жар салды,
Аттанбаққа қалмаққа» (Дулат), «Өксікті кет-
кен қалмақтан, Елдің кегін
алмаққа» (Дулат), «Талабың бар
жалғанда, Әлде болса
аспаққа»
(Шортанбай). Алмажан ақын
-маққа жұрнақты тұлғаның
-маға вариантын қолданады және
оны
жеңгеге сияқты сөзге ұйқастырып келтіреді: «Шығып едік
елімнен,
Хан Жәңгірді көрмеге, Арызымды айтып
бермеге,
Ниеттеніп қана келемін,
Ұсынып мойын өлмеге»
...
Бұл тұлға –
-мақ жұрнақты қимыл есіміне барыс септігінің
жалғауы
- а жалғанған түрі, ол ортағасырлық түркі ескерткіш-
218
тері тілінде қолданылған. Бұл тұлға қазақтың ертеректегі өлең-
жырларында да некен-саяқ кездесіп отырады.
Қимыл есімінің өзі әлі де екі вариантта кездеседі: олар –
Достарыңызбен бөлісу: