230
5. Патша үкіметінің әкімшілік органдары мен жергілікті
әкімдердің қазақ тілінде жазысқан
ресми-кеңсе қағаздары
(бұйрықтары, шағымдары т.б.).
6. Шығыстың классикалық әдебиетінің қазақша еркін ау-
дармалары, яғни шығыс сюжеттерін қайталап қазақша жыр-
лаған туындылар: «Шаһнама», «Лейлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зы-
лиха», «Фархад-Шырын», «Ескендір», «Мұңлық-Зарлық», «Сей-
фүлмәлік», «Бозжігіт», «Шахмаран», «Шәкір-Шәкірат» т.б.
7. Ислам дінін уағыздап, оның пайғамбары мен әулиелерін
дәріптейтін таза діни тақырыпта «кітаби тілде» жазылған
қиссалар («Салсал», «Зарқұм», «Жұмжұма», «Кербаланың
шөлінде» т.б.) мен ислам діні канондарының аудармасы: Әбу-
бәкір «Исламның бес парызы», Нұржан Наушабаев «Қырық
қадис» т.б.
8. Өткен ғасырдың II жартысында
тұңғыш пайда болған
қазақ тілінің алғашқы грамматикалары мен хрестоматиялары,
оқулықтар және екі тілді сөздіктер: Н.И.Ильминский «Ма-
териалы к изучению киргизского наречия». -Казань, 1861;
А.Е.Алекторов «К мудрости ступенька». Азбука для учеников
начальных русско-киргизских школ. - М., 1891 және «Кир-
гизская хрестоматия». - Оренбург, 1898. - Ч.І; И.Алтынсарин
«Начальное руководство к обучению киргиз русскому языку. -
Оренбург, 1871; «Жазуға үйрететін кінеге». - Қазан, 1892, 1894;
Л. Будагов «Сравнительный словарь турецко-татарских наре-
чий». - СПб., 1869-1871; И.Букин «Русско-киргизский и кир-
гизско-русский словарь». Ташкент, 1883 т.б.
9. Көпшілікке арналып, медицина, ветеринария т.б. қатысты
тақырыптарға жазылған кітапшалар: «Трахома деген жаман
көз ауру». - Қазан, 1898; «Егіншінің қызмет аты жайында». -
Орынбор, 1899 т.б.
10. Миссионерлік мақсатпен жазылған, христиан дінінің
канондарын қазақ тілінде түсіндіріп уағыздайтын кітаптар:
«Евангелие». - Қазан, 1899; «Езги Иосиф». - Қазан, 1892 т.б.
Бұл аталған әдебиет үлгілері
мазмұны мен көздеген мақ-
саттары (оқырмандары) жағынан бірнеше топқа бөлінгенімен,
тілі жағынан екі топқа жинақталады: 1) қазақтың ауызша
тараған байырғы төл әдеби тілі мен ұлттық әдеби тіліне негіз-
делген үлгілер; 2) қазақтың ескі жазба дәстүрінде, яғни сол
231
кезеңде қазақ топырағында «кітаби» деп аталған тілде жа-
зылған үлгілер. Алғашқы топқа
ауыз әдебиеті нұсқаларынан
бастап, жоғарыда аты аталған ақындардың көпшілігінің
өлең-жырлары; Абай мен Ыбырайдың әдеби, педагогикалық,
философиялық
шығармалары, яғни өлеңдері, Ыбырайдың
оқулық-хрестоматиясы, Абайдың «Қара сөздері»; екі тілдік
сөздіктің
қазақша материалдары; көпшілікқолды жартылай
ғылыми кітапшалар, ішінара алғашқы баспасөз және... христи-
ан дінін уағыздайтын миссионерлік діни әдебиет үлгілерінің
тілі жатады. Соңғысына діни тақырыптағы кейбір қиссалар,
ислам дінін уағыздайтын аудармалар, ресми-кеңсе қағаздары
және эпистолярлық үлгілердің тілі жатады.
Алғашқы топ-
тағылардың өзін екіге бөліп қарау керек болады: бірі – ауыз-
ша тараған көркем поэзия дәстүрін сақтаған әдеби тіл үлгілері,
екіншісі – соның жазба түрге көшкен жаңа сипатты жалғасын
танытатын нұсқалар тілі.
Достарыңызбен бөлісу: