258
Түсініктеме текстің өз ішінде түпнұсқада болуы мүмкін, со-
нымен қатар кейбір зат, ұғым, құбылыстардың не мәнін ашып
немесе қазақша баламасын келтіріп түсіндіру де орын алады.
Мысалы, 1897 жылғы қазақ үшін шығарылған календарьдағы
планета туралы материалда:
Осы күннен айналып жүретүн
томалақтарды планета деп атайды. Оның мәні жүретүн
жұлдұз дегені. Мұнда соңғы сөйлем түсіндірме ретінде келті-
рілген. Осы календарьдан тағы мысалдар келтірейік:
Көзге
қойып қарағанда алыс нәрсені жақындатып, үлкейтіп көрсе-
тетін телескоп деген құрал бар... Бұл жарқыраған жұлдызды
комета дейді, құйрықты жұлдыз дегені, бұлар бөтен күннің
қауымынан келеді... Мәскеуде кәзір күндіз болса,
Америка-
да (бір Америка деген жер бар)
түн... Бұл мысалдарда білім-
ғылымнан таным дәрежесі әлі төмен көпшілік оқырманға сол
білім-ғылымның әр саласынан хабар (информация) берумен
қатар, сол хабарды түсіндіріп отыру принципі көзге түседі.
Ол түсіндіру әртүрлі жолмен жүзеге асырылған. Көбінесе «де-
ген құрал бар, деген жер бар» деген сияқты қосалқы баяндау
амалы пайдаланылған. Айталық,
Америка сөзі көпшілік қазақ-
қа түсініксіз: ол заттың аты ма, адамның аты ма, іс-әрекеттің
атауы ма, сондықтан жақша ішіне оның материктің аты екенін
қазақтың «жалпақ тілімен»
бір Америка деген жер бар деп
түсіндірмені қыстырады.
Бұл стильге тән белгілердің басты-бастылары мыналар:
1. Жартылай
ғылыми мазмұнды болғандықтан, мұнда
алғашқы ғылыми-техникалық терминдер қолданыла бастайды.
Сөз жоқ, қазіргідей әр ұғымға сай орныққан, әр ғылым саласы-
на қарай сараланған терминдердің жүйесі әлі жоқ. Бұл кезең
– қазақ тілінде терминдерді жасаудың (немесе қабылдаудың)
принциптері мен жолдары айқындалмаған,
тіпті ол жөнінде
сөз болмаған дәуір. Дегенмен білім-ғылымға қатысты тер-
минологияның алғашқы нышандары осы кезде, аталған стиль-
де көріне бастады деуге болады.
Ол терминдер екі түрлі: көбі – түпнұсқадан – орыс тілінен
– дайын түрде алынғандар:
планета,
комета,
компас,
теле-
Достарыңызбен бөлісу: