Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 2. Жазу (графика) және емле мәселелері



Pdf көрінісі
бет155/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   161
§ 2. Жазу (графика) және емле мәселелері
Қазақ халқы сан ғасыр бойы араб жазуын пайдаланып 
келді. Бұл жазу халықтың рухани-мәдени мұқтажын белгілі бір 
дәрежеде өтеуге де, түркі халықтарына тән әдеби мұраларды 
оқып-білуге де, өзге туысқан халықтармен қарым-қатынас жа-
сауларына да, ең негізгісі – сауаттарын ашып, хат тануға, мұсыл- 
манша ғылым-біліммен танысуға да әбден жарап келді. Соған 
қарамастан, XIX ғасырдың II жартысында қазақ мәдениетінде 
жазу (графика) проблемасы көтерілді. Араб жазуынан өзге жа-
зуды – орыс графикасын пайдалану идеясы пайда болды.
Қазақтар үшін орыс жазуын қабылдау идеясы орыстар 
тарапынан бұдан көп бұрын айтылған болатын. Этнограф 
Е.Масановтың ізденістеріне қарағанда, XVIII ғасырдың II жар- 
тысында (1768 жылы) Ресей үкіметі мен академиясы тарапы- 
нан қазақ даласына Екінші академиялық экспедиция ұйымдас- 
тырылады, ол қазақ жерінің географиялық жағдайын зерттеп, 
қазақ халқының этнографиясымен танысу мақсатын көздейді. 
Тұңғыш рет қазақ тілін танып-біліп, орысша-қазақша сөздік жа-
сау әрекетін бастаған осы экспедиция болатын. Мұның иници-
аторы, сірә, Ресей Ғылым академиясының рұқсатымен Петер-
бург академиялық гимназиясының инспекторы Г.Л.Бакмейстер 
болса керек. Оған Өскемен қамалынан қазақ тіліне қатысты 
материалдарды беріп тұрғандардың бірі генерал-майор Ска-
лон деген болды. Тұңғыш орысша-қазақша шағын сөздіктердің 
бірінің құрастырушысы да – осы кісі болатын. Осы сөздіктің ба-


342
сында Скалон қазақтар үшін орыс графикасымен азбука-әліппе 
тұрғызып, өзге де кітаптар жазуға болмас па еді дегенді 1774 
жылы айтқан екен
213
. Бұл әрекет, әрине, ол кезде жүзеге асқан 
жоқ. Дегенмен идеяның ұрығы себілді. Ол ұрық 100 жылдай 
өткен соң көктей бастады: қазақ жазуы үшін орыс графикасын 
іс жүзінде пайдалану әрекеті басталды. Ең бірінші болып орыс 
графикасын миссионерлік пиғылдағы Н.И.Ильминский пайда-
ланды. Оның 1861 жылы шыққан «Начальное руководство к 
изучению киргизского наречия» деген кітабы орыс әріптерімен 
басылды. Осыдан бастап қазақтарға арналған бірнеше кітап 
орыс графикасымен жарияланды. Ы.Алтынсарин өзінің 
«Қырғыз-қазақ хрестоматиясын» орыс әріптерімен шығарды. 
В.А.Васильевтің «Образцы киргизской народной словесно-
сти» (Вып.І. Киргизское сказки. - Оренбург, 1898) деген кітабы 
көпшілікке арналған жартылай ғылыми кітапшалар және хри-
стиан дінінің миссионерлік мақсат көздеген кітаптары да орыс 
жазуын пайдаланды.
А.В.Старчевский де өз сөздіктерінде орыс әріптерін пайда- 
ланды. 1893, 1897, 1899, 1909, 1910, 1911 жылдары шыққан 
орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктер мен И.Лап- 
тевтің (1900) сөздіктері орыс әріптерімен жарық көрді.
Қазақ жазуы үшін араб таңбаларынан гөрі орыс (славян)
жазуының таңбалары қолайлырақ деп табудың бірнеше мотив- 
тері болды: 1) араб жазуы түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ 
тілінің, фонематикалық жүйесін дұрыс көрсете алмайтындығы 
– арабша дауысты дыбыс таңбаларының өте аздығы; 2) сол 
кездегі оқыту әдісімен арабша хат танытудың өте ұзақ уақытқа 
созылатындығы; 3) орыс графикасын қазақ тілінің фонетика-
сына сәйкестендірудің әлдеқайда оңай екендігі; 4) орыс жазуы 
орыс халқының мәдениетімен танысуға жәрдемдесетіндігі 
т.т. Бұл уәждемелердің астарында, сөз жоқ, Ресейдің қазақ 
жерін түпкілікті отарлап, қазақ халқының мәдени-рухани 
даму бағытын орысшылдыққа бұру саясаты тұрды. Бұл сая-
сат Ыбырай Алтынсарин сияқты тұңғыш ағартушыларды да 
өзіне бағындырды. Бұл жөнінде Ы.Алтынсариннің өзі бы-
213
Масанов А.Э. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в 
СССР. - Алма-Ата, 1966. - С. 74.


343
лай деп жазады: «...Жалпы білім беретін кітаптардың Азия 
халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай 
жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге 
мәжбүр болдық, сондықтан бұл шығарғалы отырған кітабымыз 
көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жал-
пы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беруі үшін және 
сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да 
қайшы келмеуін көздеп, біз осы кітабымызды орыс әрпімен 
бастырғанды қолайлы деп таптық»
214
.
Бұл саясаттың екінші ұшы қазақтар арасында XIX ғасырда 
етек жая бастаған татар тілінен (сондай-ақ жалпы «түркіден») 
қазақ тілін орыс жазуын қолдану арқылу алшақтату әрекетіне 
барып тіреледі. Мүмкін, бұл арада қазақ халқының өз тілін дер-
бес жазба тіл ретінде айырып жұмсау ниеті де көзделген болар. 
Оған Ы.Алтынсарин, В.В.Радлов, А.В.Васильев, А.Е.Алек- 
торов, О.Әлжанов, Т.Т.Тихоновтардың айтқан пікірлері дәлел 
болды
215
. Бірақ миссионерлік, ұлы державалық мүлде де басым 
болды, бұған христиан дінін уағыздайтын кітаптардың орыс 
әрпімен шығуы, Н.И.Ильмийскийдің кейбір хаттарындағы 
пікірлер – дәлел
216
.
Үшіншіден, орыс жазуы арқылы орыс мәдениетін, білім-
ғылымын жақын тани түсу, тілін білу сияқты адал ниет те 
орын алды, өйткені сол кездегі Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, 
А.Құнанбаев тәрізді озат ойлы қазақ қайраткерлері өз халқының 
тарихи тағдыры, болашағы орыстың демократиялық-прогрес- 
шіл мәдениетімен тығыз байланысты болатынын жақсы 
түсінді.
Сөз болып отырған кезеңде жазу мәселесі – әлеуметтік мән 
алған проблеманың бірі болды. Қолданылып отырған жазудың 
214


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет