Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет32/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   161
шымылдық (87-б.), қом су тіркесі құм су (88-б.), жол сөзі мол 
(89-б.) болып қате берілген. Бұл қателер – мәтінді түсінуді ау-
ырлатуымен қатар, тіл тарихшысын шатастыратын фактілер.
Кітап бастыру немесе қолжазба күйінде жазып сақтау 
дәстүрі өрбімеген елдердің ертерек дәуірлердегі көркем әде- 
биет мұрасы, сөз жоқ, күңгірттеніп, ішінара авторлықтан айры-
лып, асылдары халық мұрасына ауысып кететіндігі айтылды.
Ал аты-жөнімен сақталып, пәлен автордың шығармасы деп,
идеялық-тақырыптық жағынан әбден дәлелдеуге болатын- 
дарының өзі тілі жағынан қарастырғанда, едәуір тосқауылға 
душар етеді. Атап айтқандай шығарманың тақырыбы мен 
идеясы ғасырлар бойы өзгермей, сол күйінде сақталғанмен, 
оның тіліндегі жеке сөздер мен фразалары және бір алуан 
грамматикалық тұлға-тәсілдері өзгеріп, соңғы дәуірлерге 
басқаша жететіні – заңды құбылыс.
Ертедегі әдеби үлгілердің тілі жағынан өзгеріске ұшырауы- 
ның, біздіңше, бірнеше себебі бар. Ең алдымен, ол мұраның 
ауызша сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетуі өзгерістің 
объективтік-субъективтік себептерін туғызады: әдеби мұраны 
жеткізуші мен қабылдаушы өз бастарының ақындық дарында-
ры мен көркемдік талғамдарына қарай, кейбір тұлға-тәсілдер- 
ді өзінше жаңғыртып, мәтінді ішінара «редакциялау» құқы- 
ғына ие болады. Бұған эпостардың варианттарынан мы-
сал келтіруге болады. Айталық, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 
эпосының бір жырланысында:
81
Қодар, Қодар дегенің кім-ді, сірә,
Құлдан өлсем, жатайын, құным сұрама.
81
Орыс филологиясыңдағы список деген терминді біз кейде нұсқа деп, кейде 
орысшасын алып, кейде тіпті әрқилы атап жүрміз. Біз осы жерде жырланыс деген сөзді 
«списоктің» баламасы ретіңде қолдандық, өйткені список – шығарманың жазылып 
сақталған варианты, ал қазақ үлгілері – ауызша түрленгендер, сол себептен жырланыс 
деген термин дәлірек келетін тәрізді.


76
Екі сөздің ішінде елімді айта бердің,
Жорығаның қалай еді, жұртым, сірә? – 
деп келсе, осы шумақ екінші жырланыста:
Қодар, Қодар дегенің құл ма, сірә,
Құлдан өлсем, жатайын, тұрмай, сірә.
Бір сөз айтса, өледі дей бересің,
Жораң қалай жаман-дүр, жұртым, сірә? –
болып, едәуір өзгеше құрылған. Әрине, бұл жырланыстардың 
қайсысы бұрын, қайсысы кейін туғаны белгісіз (хатқа түскеніне 
қарап, мынауы ілгергісі, мынасы кейінгісі деуге мүлде бол-
майды: бұрын жырланғаны хатқа кейін түсуі де ықтимал ғой) 
және тәуірірегін кейінгісі деп кесіп-пішуге тағы болмайды, 
өйткені соңғы жеткізуші ақындық дарыны жағынан алдыңғы 
айтушыдан күштірек болу-болмауы екіталай. Бірақ қайткенде 
де әр жырлаушы өзінше редакция жүргізген және бұл жерде 
соңғысы тәуірірек жүргізген. Себебі алдыңғы вариантында 
өлең өлшемінде азын-аулақ ақаулық бар, соңғыда – жатық. 
Біреуінде қазақтың ескі әдет-ғұрып заңының бір «статьясы» 
– құн сұрау, құн төлетуді ескертсе, екіншісіңде қарапайым акт 
– өлсе, тұрмай жататыны ғана білдіріледі. Сол сияқты бір жыр-
лаушы өз заманына сай мұсылманның Алласын қыстыра кетуді 
дұрысырақ көреді: Алла бұйыртса, жұртым, мені жіберіңіз 
дейді. Немесе бір жырланыста «Ызаменен сарғайып іші тол-
ды» десе, екіншісінде «Санаменен сарғайып іші толды» деп, 
ассонансқа құрылған кәнігі фразаны пайдаланады (бұл салы-
стырулар Ы.Дүйсембаев жүргізген текстологиялық материал-
дар бойынша келтірілді)
82
Жеткізуші мен қабылдаушының өз дәуіріне бейтаныстау 
көне элементтерді өзгертіп, өз тұстарындағы жаңа вариант-
тарымен беріп отыруы әбден ықтимал да, заңды да. Мысалы, 
ноғайлы цикліндегі жырлардың бірқатарында Ал қара кіс тон 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет