Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 5. Сөздік қазынаның нормалану дәрежесі



Pdf көрінісі
бет38/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   161
§ 5. Сөздік қазынаның нормалану дәрежесі
Талдап отырған кезеңдегі қазақ поэзиясының сөз еткен не- 
гізгі тақырыптары жақсылық, жамандық, кісілік (адамгершілік) 
т.б. жөнінде ақыл, насихат, үлгі айтуға арналған дидактика мен 
қауымның әлеуметтік, саяси хал-ахуалын баяндау, ел қорғау
жауға аттануды әңгіме ету болғандықтан, осы салаларға тән 
сөздер көзге түседі. Олардың ішінде бірқатары белгілі мағы- 
нада тұрақталып, дәстүрлі дәрежеге – нормаға айналғаны 
байқалады. Мысалы, бұл кезде «территориялық-этникалық 
тұтастық» мағынасында (қазіргі «халық» ұғымында) жұрт 
сөзі норма болып келеді: «Теңселер ауыр ноғай жұртыңыз... 
Тебіренсе, ауыр жұртын тындырмас» (Шалкиіз). Осы мәнде 
халық арабизмінің ұшырасуы (мысалы: «Етектеп жиған көп 
халқың Сұлтан ием кімге асмар етерсің?» – Шалкиіз) – біздің 
байқауымызша, не кейінгі «редакциялардың» нәтижесі, не 
енді-енді ене бастаған кірме сөздің көрінісі сиякты. Осы 
ұғымда жұрт сөзімен қатар ел, алаш (бірақ алаш – тек «қазақ 
жұрты» мағынасында) сөздері де бар. Жиембет Есім ханға сес 
көрсете айтқан толғауында: «Арқаға қарай көшермін, Алашы-
ма ұран десермін», – дейді. Шалкиіз: «Ағаштан байтақ озбаса, 
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді», – дейді.


90
Сірә, бұл кезеңдерде жұрт, ел, алаш сөздері синонимдер 
ретінде өлең талғамына қарай бірінің орнына екіншісі қол- 
даныла бергенге ұқсайды. Айталық, жоғарғы жолдарда алаш 
сөзі Арқа сөзімен ассонансты қатар құрап тұр.
Әлеуметтік топтарға қатысты хан, сұлтан, құл, бай ұлы, 
би ұлы, төре, аға, шора сөздері көбінесе титулды (әлеуметтік 
дәреже-лауазымды) білдіретін элементтер болып келеді. Ай- 
талық, Доспамбет мұрасынан кездесетін: «Азаулының Аймә- 
дет ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несі жоқ? Би ұлынан 
несі кем?» деген жолдары немесе: «Азаулыда аға болған ерлер
көп еді» деген тармақтарындағы аға сөзі осы күнгі «жасы 
үлкен ер адам» мағынасынан басқа қолданыста тұрғанын 
аңғартады. Бұрын Түркияда аға титулы әскери адамға, комен- 
дантқа, янычарлардың бастығына берілетін болған. Сол сияқ- 
ты, сірә, XV-ХVI ғасырлардағы қазақ қауымында да аға сөзі 
басшыға, оның ішінде әскери басшыға да айтылатын атақ-
дәреже мағынасын бергенге ұқсайды. Шалкиіздің: «Батыр 
жігіт жау бастар, Аға жігіт қол бастар» дегені қолды (әскерді) 
бастайтын жігіттің аға аталатынын көрсетеді. «Қобыланды
батыр» жырыңда: «Қол ағалық қыламын» деген тіркес бар, 
мұнда қол аға «қолбасшы» деген мәнде жұмсалып тұр. Аға 
сөзінің «белгілі әскери топтың басшысы» деген атақты 
білдіретіндігін жалайыр руынан шыққан тарихшы Қадырғали 
Қосымұлының «Жами’ат-тауарих» атты шежіресінің (XVI 
ғасырдың соңы) тілінен де көреміз: «Уа Мүгеті баһадур мың 
кішінің бегі ерді, йа’ни мың ағасы» (Жами ’ат-тауарих. - Қазан, 
1851. - 39-б.). Мұнда автор бек сөзі мен аға сөзін синоним етіп 
ұсынған, ал бек сөзінің мағынасы – «басшы».
Аға сөзінің бір кездердегі «басшы» деген ауыспалы мағына- 
сы ертеректе қалыптасқан ел ағасы, отағасы деген тіркестер- 
дің бар екендігімен де дәлелдене түседі. Елағасы – белгілі бір 
ұжымның (айталық, бір ауылдың) басшы адамы, отағасы
бір отбасының иесі. Кейін отағасы сөзінің мағынасы жал-
пыланып, «ересек, сыйлы адам» дегенді білдіруге жұмсалып 
кеткені байқалады. XV-ХVI ғасырларда ата сөзінің осы 
күнгідей «бірге туғанның немесе туысқанның ішінде еркек
кіндіктің жасы үлкені» деген негізгі мағынасы да, әрине, 
болған.


91
Әскери ұғымы бар сөздер мен фразеология сол кездердегі 
құрал-жабдықты түгелге жуық атайды. Садақ, оқ, ала балта


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет