Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 4. ХV-ХVІІ ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің



Pdf көрінісі
бет36/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   161
§ 4. ХV-ХVІІ ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің
лексикалық сипаты
Өткен кезеңдердегі көркем әдебиет үлгілерінің тілін сөз
ету үшін оларды тақырыбы мен мазмұнына қарай өз ішінен
топтастыру керек. Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет,
Шобан, Марғасқа, Жиембеттер негізінен екі-үш жанрда
жырлаған: бірі – дидактикалық толғау, оның тақырыбы – жал- 
пы ақыл, насихат айту, екіншісі – арнау толғау, яғни нақтылы 
біреуге, не оқиғаға, не өзіне қарата айтылған сөз, оның 
тақырыбы көбінесе қоғам, адам, ел қорғау, үшіншісі – портрет 
өлеңдер. Оның өзінде де бұл жанрлар жыраулардың барлы- 
ғына бірдей тән емес: Қазтуған мен Доспамбетте, Шобан-
да, Марғасқа мен Жиембетте дидактикалық толғаулар жоқ 
(кезінде, мүмкін, болған да шығар, бірақ сақталмаған).
Ақыл-насихат сөздердің иелері – Асан мен Шалкиіз. Үлгі-
насихат айту – толғаныстың нәтижесі (кейбір зерттеушілер 
мұны поэзиядағы философиялық бағыт деп атайды). Бұл 
тұрғыдан қарағанда, М.Мағауиннің Шалкиізді «қазақтың 
барлық жырауларының атасы» деп атауының жөні бар. Сірә, 
бұл «атаның» алдында Асанқайғы тәрізді «ата» да тұрған 
сияқты, қалған жыраулардың ішінде Қазтуған – портрет пен 
арнаудың шебері: ол «Бұдырайған екі шекелі» деп басталатын 
өлеңінде батырдың – өзінің портретін ұсынады. «Алаң да алаң, 
алаң жұрт» және «Салп, салпыншақ анау үш өзен» деп баста-
латын толғауларын «атасы күйеу болып келген, анасы келін бо-
лып түскен» туған жеріне – Еділ жұртына арнайды. Доспамбет 
те сондай: батырдың портретін жасайды. Шобан болса, пор-
треттер галереясын ұсынады, ол бірнеше батырға «мінездеме» 
береді.
Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқалар көп толғауын 
өз қожалары – сөзерендеріне немесе өзге хандарға арнай ай-
тады: Асан толғауларына Жәнібек хан, Шалкиізден Би Темір, 
Жиембеттен Еңсегей бойлы Ер Есім, Марғасқадан Тұрсын хан 
деген билеушілердің аттарын көреміз.
Шешендік-дидактикалық толғауларда ой түйіндері («фило-
софия») болатындықтан, оны білдірудің бірден-бір амалы – 


85
аналогияға бару. Мысалы, Шалкиіз «бір жаманмен дос болсаң, 
жүмле ғаламға күлкі етер» дегенді айту үшін, сол тәріздес 
өмірде болатын өзге құбылыстарды атап, аналогия жасайды, 
яғни шағырмақ бұлттың жай тастайтындығы, ағытқан қойдың 
жол бастайтыны т.т. айтылады. Асанқайғы «әр нәрсенің қадірін 
соған қатысы бар адам білер» деген «философияны» айту үшін 
көлде жүрген қоңыр қаздың қыр қадірін білмейтінін, қырда 
жүрген дуадақтың су қадірін білмейтінін т.т. айтады, яғни 
біртектес шындықты ұсынады.
Мұндай аналогиялар тек дидактикалық толғауларда емес, 
арнау толғауларда да орын алады. Міне, осындай параллельдер 
үшін жыраулар образды айналадағы болмыстан, табиғаттан 
алады. Сол себептен бұлардың шығармаларында аң-құс, 
мал, жан-жануарлар, өсімдік, ландшафт сияқты табиғатқа 
қатысты атаулар молынан кездеседі. Мысалы, Асанқайғыдағы 
күз, тырна, тауық, тұйғын, сұңқар, тұрымтай, торғай, 
қаршыға, арғымақ, қой, қошқаризен, бозжусан деген сөздер, 
Шалкиіздегі қу, көкшілі, көгілдір, сұңқар, бүркіт, жапалақ, 
ат, бие, көк қоян, ор қоян, құба арлан, құлан, тарпаң, қасқыр, 
қыршын, тал, терек, тобылғы, бұлт, күн, көл, аспан, айдын 
сөздері осыны танытады.
Әсіресе төрт түлік малға, аң-құсқа қатысты есімдер де, 
етістіктер де, түр-түс атаулары да тіл айналымына молынан 
түскен элементтер екені көрінеді. Бұлардың барлығы да об-
раз үшін, яғни салыстыру, теңеу т.б. үшін қолданылған. Мы-
салы, Асанқайғы Жәнібек ханның қисынсыз ісін бетіне басып, 
оған өзінің разы еместігін айту үшін аналогияға аққу, құладын 
сияқты құстардың сипатын келтіреді. Қазтуған өз портретін – 
батыр бейнесін беру үшін қойдың көсемін, қашағанның ұзын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет