Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет45/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   161
мын вариантының орнына -ман (фонетикалық түрлерімен) 
жұрнақты тұлғасы да кездеседі. Және бұл амал жиі жұмсал- 
ған: «Тоғай қондым – өкінбен. Ару сүйдім – өкінбен» (До-
спамбет). «Көбе сайлап кимен-ді. Алдыма алып сүймен-ді» 
(Шалкиіз). «Мұныңа, ханым, шыдаман» (Жиембет). Бұл тұл- 
ғаның беретін мағынасында үзілді-кесілділік реңкі (катего-
ричность) бар. Жоғарғы мысалдарда осы реңк сақталған. Ал 
кейінгі дәуірлерде, айталық, XIX ғасырдың II жартысында, 
Абай тілінде бұл тұлға аталған мағынаны білдірмей-ақ, жай ха-
барлау үшін де жұмсалатын болған.
Шылаулар қазақ тіліне тән түрлерінде ғана кездеседі. Жаз-
ба тілдерге тән арабша уа, лекин, парсыша һәм шылауы бір-
екі жерде ғана көрінеді: «Жайыңды білген қарындас. Ол – 
қарындас һәм жолдас» (Шалкиіз). Соң шылауының соңратын 
деген көне варианты да қолданылған.
Сөз тудыру жүйесінде. Туынды түбірлердің ең бір жиі 
қолданылған сипатты топтары – -лық, -лы, -сыз, -дай жұр- 
нақтарымен жасалғандар. -лық жұрнағы бұл кезде тек дерексіз 
есім жасайды: ерлік, өрлік, зорлық, беріктік, әділдік, ал -лы, 
-сыз, -дай (- дайын) жұрнақтарының беретін мағыналары 
қазіргі кездегідей. Бір ерекшелігі бұл күнде жанаса байланыса-
тын қатысты сын есімдер біз талдап отырған үлгілер тілдерінде 
-лы қосымшасымен келеді: алтынды кесе, айдынды көл. 
Қалған жұрнақтардан -шы (қызметші, жарақшы),  (жүріс, 
беркініс), -ім (көрінім жер), шылық (сыпайшылық), - сын 
(сүйесін, демесін), -шық (сызашық, ботташық) қосымшалары 
бір-екі реттен ғана көрінеді. Демек, бұлар – әлі жүйелі түрде 
келетін, актив жұрнақтар емес.
Грамматикалық ерекшеліктердің қатарында дүр (-ды /-ді, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет