Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет113/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   180
-  сыз,  -ды,  -дай/-дайын  (барлығы  да  фонетикалық  вариант-
тарымен)  жұрнақтары  табылады.  Сонымен  қатар  сиректеу 
түрде  -ым  (бағым,  келім,  кешірім),-ыс  (жүгініс,  күн  батыс, 
күн шығыс), -ғы (бұл заманғы) аффиксті сөздер қолданылған. 
Бұлар да – негізінен бұрыннан келе жатқан сөздер.
Сөз  тудырудың  екінші  амалы  –  сөз  мағынасын  жаңғырту. 
Заман, қоғам өмірі әкелген жаңалықтар жаңа атауларды қажет 
етті. Ол атаулар – пысық, ұлық, атқамінер, аға сұлтан, төре, 
ақыр  заман,  зар  заман,  сайлау,  шығын,  малай,  қара  шығын, 
алым, шаңырақ салығы, несие, өсім, жол сауда, мәселе кітап, 
насихат,  қағаздату,  елу  басы,  он  басы  т.б.  сияқты  сөздер. 
Бұлар – қазақ тілінде бұрыннан бар сөздерден жасалып, жаңа 
мағынада  қолданылғандары.  Пысық,  атқамінер  сөздері  – 
жаңа типтегі әлеумет топтарын атап, терминдік мәнге ие бола 
бастаған элементтер болса, аға сұлтан, елубасы, онбасы, ұлық, 
төре сөздері – жаңа әкімшілік иелерінің атаулары, бұлардың 
да бірқатары (аға сұлтан, онбасы, елубасы)бір ғана мағынада 
тұрақталып, терминдік сапаға ие болған.
Ұлық, төре сөздері де бұрынғы жалпы ұғымынан ауысып, 
белгілі бір әкімдерді атауға бейімделе түскен: екеуі де көбінесе 
орыс  әкімшілігі  тағайындаған  бастықтарды  атайды.  Сайлау, 
шығын, қара шығын, алым, шаңырақ салығы, несие, өсім, жол 
сауда, қағаздату сөздері де белгілі бір ұғымды білдіретін жаңа 
атаулар  қатарына  көтерілген,  яғни  оларды  мағына  жаңғыру 
арқылы жасалған жаңа сөздер деп тануға болады.
Шортанбай,  Дулаттар  насихат,  жыршы  сияқты  сөздердің 
мағынасын өзгертіп қолданған: насихат – өмірден түйіп-біл- 


226
генін баяндау, біршама философиялық ойлар, өлең-жыр арқы- 
лы арттағыларға қалдырар ақыл-үгіт деген нақты ұғымда қол- 
данылған, мәселе кітап – осы философиялық ақыл-үгіттің ба-
спа  бетіндегі  көрінісі  деген  мағынадағы  атау.  Қысқасы,  XIX 
ғасырдың алғашқы жартысы, орта тұсы мағына жаңғыртып, сөз 
тудырту процесінің активтене бастаған кезі. Бұл – қазақ әдеби 
тілі  грамматикасы  дамуының  нақтылы  сатысын  көрсететін 
белгінің бірі.
Етістік  тудыратын  жұрнақтар  да  тұлғасы  мен  қызметі 
жағынан  бұрынғыдай  және  қазіргідей.  Азын-аулақ  айырма- 
шылық  –  бұл  күнде  -ла  жұрнағын  тікелей  жалғамайтын, 
жалғаған  күнде  өзгеше  мағынада  келетін  бес-он  тұлғаның 
кездесетіндігі. Мысалы, Шернияз «Жентті жүз атанға жүктеу- 
ші  едік»  дегенінде  жүктеу  етістігін  «жүк  тиеу»  деген  тура 
мағынасында  қолданып  тұр.  Ал  бұл  күнде  жүктеу  етістігі 
«міндет  арту»  деген  ауыспалы  мәнде  жұмсалады.  Ар  арлау, 
ер  ерлеу  («Айқайлап  арын  арлаған»  –  Шернияз,  «Бежін  ерді 
ерлетіп»  –  Дулат)  сияқты  тұлғалар  да  –  қазіргі  норма  үшін 
кәнігі емес. Бірақ мұндай фактілер өте сирек кездеседі.


227


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет