Майкөт, Бақтыбай, Күдері, Кемпірбай, Шөже, Түбек,
Нұрым, Арыстан, Бала Ораз, Базар, Нысанбай, Досқожа,
Майлықожа, Мәделіқожа, Біржан, Жаяу Мұса, Мұрат,
Жамбыл т.б. Зерттеуші М.Жолдасбеков Жамбылдың ұстаздары
деп (демек, XIX ғасыр ақындары) Сүйінбай, Қабандардан ба-
стап, 10 шақты ақынды, 4-5 шешенді атайды, шәкірттері деп
15 шақты есімді көрсетеді
163
. Бұл тек бір өңірдің – Жетісу
алқабының ғана ақындарының саны, ал қазақтың кең даласын
түгел алғанда, XIX ғасырдың өн бойында жырлап өткен сөз
шеберлерінің саны өте көп екені байқалады.
Бұлардың ішінде Майлықожа, Мұрат, Жаяу Мұса сияқты
мұсылманша сауатты ақындардың шығармалары бұрынғы
көркем әдебиет үлгілерімен қатар жаңа жазба әдебиеттің ны-
шандарын да танытады.
3. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің жаңа кезеңін бастаушы
Достарыңызбен бөлісу: |