Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Кемпірбай,  Сүйінбай,  Бала  Ораз,  Майлықожа



Pdf көрінісі
бет120/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   180
Кемпірбай,  Сүйінбай,  Бала  Ораз,  Майлықожа  т.б.)  –  жеке 
туындылармен  қатар,  айтыс  өлеңдерінің  иелері.  Ал  бұл 
кездегі айтыс – тұрмыс-салттық тақырып шеңберінен шығып, 
әлеуметтік  үн  ала  бастаған  жанр.  Демек,  бұл  –  айтыстардың 
сөз  байлығы  да,  көркемдеуіш  құралдары  да,  тіпті  көлемі  де 
өзгерді  деген  сөз.  Айтыс  компоненттері  монологке  ауысады. 
Ал  монолог  –  ақынның  өз  айналасына,  заманына,  өмірге, 
қоғам  тіршілігіне,  жеке  адамдардың  іс-әрекеттеріне  деген 
көзқарасын, ойын, мінездемесін көрсететін сөз түрі.
Үлкен  айтыстарда  ақындар  қарсыласын  жеңу  үшін  тек 
тақырып,  факт,  логика,  аргумент  мықтылығын  ғана  көздеп 
қоймайды,  сөз-образдардың  орынды,  әсерлі  әрі  соны  болуы-
на да қам жейді. Ол үшін тілдік-көркемдік дүниенің дәстүрлі 
түрлерін пайдаланумен бірге, жаңаларын да тудыруға тырыса-
ды.  Біржан  сал  Сара  ақынмен  айтысқанда,  «әншінің  кең  ты-
нысты, зор дауысты» дегеннің тың образын әнімді он екі взвод 
жіберемін  деп  ұсынады.  Сол  сияқты  XIX  ғасырдың  соңғы 
ширегінде етек алған шығыс әдебиеті әсерімен келген білім-
түсініктер  де  осы  айтыста  образ  жасауға  қатыстырылады. 
Біржан: Тұлпармын Көрұғлының Пырағындай немесе: Рүстем 
дастандаймын  дәл  өнерге  деген  теңеулерді  келтірсе,  Сара 
ақын:  Болғанда  аузым  –  сағат,  ернім  –  қақпақ  деп  бұрын 
қазақ  қызы  портретінде  кездеспейтін  мүлде  тосын  теңеу  
жасайды,  бұл  да  –  өз  кезеңінің  өмір  шындығынан  алынған  
образ:  сағаттың  өзі  ол  кезде  екінің  бірінің  қолына  түсе 
бермейтін бағалы бұйым болса, ақын қыздың дарыны да (аузы, 
яғни  сөзі)  –  сондай  сирек  дүние,  сағаттың  қақпағы  қандай  
дөп-дөңгелек, мінсіз, көзтартарлық алтын не күміс болса, қыз 
ерні де сондай әсем!


234
Үшіншіден, бұл кезеңдегі ақындардың бірқатары – әр алу-
ан  эпикалық  шығармаларды  (дастандарды,  эпостық  жырлар-
ды) тудырушылар және таратушылар. Мысалы, Сүйінбайдың 
қырғыздың  «Манасын»,  шығыстың  «Шаһнама»,  «Тотының 
тоқсан  тарауы»,  «Көрұғлы»  сияқты  жырларын  ел  арасы-
на  таратуда  еңбегі  зор  болған
165
.  Жанақ  пен  Шөжелер  «Қозы 
Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  өз  варианттарын  ұсынған
166

Ақтан  Керейұлының  даңқы  негізінде  өзі  жырлаған  ерлік  да-
стандарымен шыққан
167
.
Дастан – көлемді, күрделі туынды болмақ. Демек, тіл жағы- 
нан  бұл  да  –  өзгерістер  мен  жаңалықтарды  туғызатын  жанр. 
Осы тұста пайда болған дастан-жырлардың тамыры бұрынғы 
поэзия дәстүріне терең бойлап кетеді. Авторлар образ таңдауда 
болсын, суреттеуде болсын кәнігі сөздер мен тіркестерге иек 
артады. Солай бола тұрса да, бұларда нақты суреттер басым-
дау. Мысалы, «кешегі өткен Қарасай бабасын»: Еменнен найза 
алатын, Қорамсаққа қол салатын. Қырық мың дұшпан келсе 
де, Тайсалмай қарсы баратын. Кереге көз тор сауыт, Жеңсіз 
берен киетін... деп бұрынғы образдармен суреттеген Сүйінбай 
«Сұраншы  батыр»  дастанында  ұрыс  картинасын  былайша 
береді: Қарсы келген дұшпанның Қылышпен басын қияды. Най-
заменен түйреді. Өлігін жаудың иледі... Әрине, бір қарағанда, 
мұңда жаңалық жоқтай: картина бұрынғыша қимыл, іс-әрекетті 
атау арқылы берілген, сөйлемдер шағын (бір тармақтық), өлең 
етістік  ұйқасқа  құрылған  т.т.  Ал  салыстыра  қарасақ,  қимыл 
құралдары  (найза,  қылыш,  шоқпар)  баяғыдай  эпитетпен  кел- 
мейді: толғамалы немесе қималы я болмаса ырғай сапты най-
за емес, тек найза, қылыш та алмас, наркескен, алдаспан емес
жалаң  қылыш  сөзі  арқылы  бейнеленген.  Мұнда  ұрыс  карти-
насын жалпы сипаттау жоқ, нақты суреттеу бар. Нақты сурет 
– тілдік қолданыстарға өзгеріс енгізетін құбылыс: ол дәстүрлі 
эпитеттерге,  кәнігі  штампарға  көп  жібермейді,  оның  есесіне 
сөздердің  жаңа  тақырыптық  топтарын  қосады,  оларды  сан 
жағынан молайтады.
165
 Садырбаев С. Мұзбалақ ақын //Сүйінбай Аронұлы. Ақиық. - Алматы, 1975. 6-б.
166
 История казахской литературы. В 3-х томах. - Т. ІІ. - Алма- Ата, 1979. - С. 53.
167
 Сыдиықов Қ. Алты сөз // Ақберен. - Алматы, 1972. - 22-б.


235
Төртіншіден, тағы бір сипатты белгілердің бірі – бұл кездегі 
қазақ ақындарының дені мұсылманша, кейбіреулері әрі орыс-
ша  сауатты  болады.  Шортанбай,  Мұрат,  Базар,  Майлықожа, 
Мәделіқожа,  Қашағандар  мұсылманша  жақсы  сауатты,  араб, 
парсы,  түркі  (шағатай)  тілдерінен  хабарлары  бар  сөз  шебер- 
лері болса, Ыбырай, Шәңгерей, Ақандар мұнымен қатар орыс-
ша  да  сауатты  болды.  Бұл  жайт  аталған  ақындардың  шығар- 
машылығына да, олардың тілдеріне де үлкен ықпалын тигізді.
Мұсылманша сауатты ақындарда ортаазиялық жазба әдеби 
тілдің  әсері  байқалады.  Мысалы,  Ақан  серінің  ғашықтық 
цикліндегі  өлеңдерінің  біразында  шағатай  поэзиясыңдағы  
образдар, соған орай «түркілік» элементтер орын алған. Оның: 
«Біз бұлбұл қызыл гүлге тартқан сада, Нәркес көз, қалам қасты, 
лағыл бала. Иранның құсни зия тотысындай, Гауһардан әзкен 
нәсіл тудың зада» деген төрт тармағында сада, нәркес, лағыл, 
құсни зия, гауһар, зада сияқты жеке сөздер ғана емесиранның 
тотысы, гауһардан туу тәрізді образдар да – төл қазақ поэти-
касына тән емес, шағатайлық дүниелер. Ақынның сұлу қыздың 
образын беруде «гүл жүзің, зипа бойың, қалам қабақ» деуі не-
месе  «жұмақтың  шарап  кәусер  қауасында  Сен  едің  шапшып 
тұрған інжі шабақ» деген теңеулері, сол сұлуға ғашық болған 
лирикалық  кейіпкерін  «шыраққа  түсіп  жанған  пәруанаға»  
балауы  –  осылардың  баршасы  қазақ  поэзиясы  тілінде  XIX 
ғасырдың II жартысында бой көрсете бастаған белгілер.
Бірақ шағатай әдебиеті және тілінің үлгі-әсері мен ондағы 
образдардың, солар арқылы келген сөздері мен тұлғаларының 
қазақтың  төл  поэзиясы  тілінен  орын  ала  бастауы  жүйелі 
түрде  емес  және  басым  емес.  Жоғарыда  мысал  келтірілген 
«Тағырыпың»  деген  көлемді  шығармасында  Ақан  сері  негі- 
зінен қазақтың байырғы образдарын пайдаланады. Сол сияқты 
«Ғаламға он сегіз мың патша болсам» деген өлеңінде араб-пар-
сы  сөздері  мен  шағатай  әдебиеті  образдарын  мол  қолданған 
Шәңгерей  Бөкеев  өзге  туыңдыларында  қазақтың  байырғы 
әдеби тіл кестесіне иек артады.
Өткен  ғасырдың  II  жартысындағы  қазақ  ақындарының 
тілінде бұрынғы ақын-жырауларда да, халықтың сөйлеу тілін- 


236
де  де  қолданылмаған  бірсыпыра  араб-парсы  сөздері  орын 
алған. Мысалы, Ақан серіде: натараккі, тағырып, сарби зат, 
кәстәран, мақбуб, пәруана, шаһбазия, ағлан т.б. Шәңгерейде: 
килап, өршат, ғарапат, ықырам, шарғығалал т.б. Тіпті бұрынғы 
қазақ көркем тілінің дәстүр-тәртіптерін берік ұстаған Шортан-
бай,  Майлықожа  сияқты  ақындардың  өзі  бейтаныс  арабизм-
фарсизмдерді мол қолданбаса да, тілге ене бастағандарын ак-
тив пайдалану бағытын ұстаған. Мысалы, Майлықожа гауһар, 
жаһан, пайым, бейқайрат, насихат, нақлиқат, мехнат, уәж, 
қадірден, ләззат сияқты сөздерді еркін және жиі қолданған.
Сөз  етіп  отырған  дәуірдегі  қазақ  поэзиясы  тілінің  және  
бір  айрықша  белгісі  –  оған  орыс  әдеби  тілінің  де  әсер-ық- 
палының тие бастауы. Бұл әсіресе Абай тілінде көзге түседі. 
Абайдан өзге ақындардың тілінде де орыс тілінің әсері күшті 
сезілмегенмен, бұл тілмен қарым-қатынасқа түскені байқала- 
ды:  өлең  тіліне  орыс  сөздерін  қатыстыру  әрекеті  активтене 
бастайды, оларды образ үшін пайдалану нышаны байқалады. 
Мысалы,  Ақан  сері  ғашығына  арнаған  сөздерін  «телеграмда 
тартылған сымға» теңейді немесе «қалқаға анда-санда жазған 
назын» «ғылымның дәптеріндей томда жатыр» дейді.
Орыс  сөздерін,  образдарын  еркінірек,  молынан  қолдану 
Абайдың  шәкірттері  –  Мағауия,  Ақылбайларда  айтырлықтай 
сезіледі.  Мысалы,  Мағауия  қазақ  ақындары  бұрын-соңды 
қолданбаған банкрот, мот, сутки  тәрізді дерексіз ұғымдағы 
сөздерді  де,  насос,  кран,  балкон,  нарядчик  сияқты  нақты  зат 
атауларын да өлең тіліне енгізеді.
Сөйтіп,  XIX  ғасырдың  II  жартысында  қазақ  әдеби  тілінің 
басты  стилі  –  көркем  әдебиетте,  оның  ішінде  поэзия  тілінде 
өзгеріс-жаңалықтар мен даму белгілері айқын көрінеді, бірақ 
үлкен сапалық өзгеріс Абай шығармалары тілінен басталады. 
Оған  дейінгі  және  онымен  тұстас  қазақ  ақындарының  тілі, 
әсіресе  ауызша  тараған  үлгіде  жырлағандардың  сөз  өрнегі 
бұрынғы дәстүрдің жалғасы болып танылады.


237


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет