Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет123/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   180
1.  Лексика  саласында.  Қазақ  тілінде  баламасы  бар  сөз- 
дердің  орнына  араб-парсы,  шағатай,  яғни  көне  түркі,  оғұз, 
қарлұқ  сөздерін  қолдану:  нәма  (хат),  құртқа  (кемпір),  біту 
(жазу), нәма біту (хат жазу), рауан болу (жүріп кету), тармар 
қылу  (талқандау),  ағлам  қылу  (хабарлау),  хуб  (жақсы),  биһуш 
(есінен айрылу), баднама (жаман атты), лафз (сөз), туғры йол 
(тура жол), шул (сол), яқ-яққа (жан-жаққа), ат ашайтын құрақ 
(жылқы жейтін), алтмыш (алпыс), ұгұл (ұл бала). Түзүк, тірік, 
ұлуғ, мұндағ, шундағ, кішідек (кісідей) сияқты сөздер де XIX 
ғасырдың қазақ тіліне тән емес: ерді (еді), олтурды (отырды), 
ашығланды (ашуланды), тұғды (туды) деген сөз тұлғалары да 
– қазақша емес. Бұл белгі әсіресе діни мазмұндағы қиссаларда 
көбірек көрінеді.
173
 Осы күнгі «Ғашықнаме» деген атпен жарияланып жүрген дастандар – осындай 
«қазақшалау»  қиссалардың  одан  әрі  редакцияланып,  емлесі  мүлде  жаңартылып, 
қазіргі  түрге  көшіріліп  берілген  түрлері.  Бұл  жинақтарға  кейбір  қиссалардың  XIX 
ғасырдағы  варианты  емес,  XX  ғасырдың  басында  қайта  жырланған  «қазақша» 
нұсқалары  енгізілгені  байқалады.  Мысалы,  «Ғашықнамедегі»  «Бозжігіт»  қиссасы  – 
А. Сабалұлының 1911 жылы өңдеп қайта жырлаған варианты, тілі таза қазақша (оған 
қазіргі шығарушылардың қолдары да едәуір тигені сезіледі), ал ол қиссаның «ноғай 
уа  қазақ  лұғатынша»  Ахмед  Оразаев  жырлаған  1876,  1878,  1881,  1889,  1890,  1896, 
1903, 1907 жылдардағы басылымдарының тілін талдаған Б. Әбілқасымов «Бозжігіт» 
қиссасында  өзге  қазақша  қиссаларға  қарағанда,  түркі  әдеби  тіл  дәстүрі  көбірек 
сақталған деп түйеді. Аталған кітап: Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың II жартысындағы... 
36-б.


242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет