241
Сөйтіп, қиссалардың тілі емлесінен бастап, сөз таңдау,
морфологиялық тұлға-тәсілдерді қолдану саласына дейін
«кітаби тіл» сипатын алды. Бірақ бұл сипат барлық қиссаларда
бірдей дәрежеде, қатаң түрде сақталған жоқ. «Шағатай»
элементтері бірінде аз, бірінде көп кездесіп отырды. Мы-
салы, діни мазмұнды қиссалар мүлде «кітапшылап» кетсе,
классикалық шығыс әдебиеті сюжетіне жазылған дастандарда
қазақ тілі
элементтері басымдау болды
173
.
Қисса мәтіндеріндегі шағатай элементтерінің көп-аздығы
авторына да байланысты болды. Автордың қазақша ақындық
дарыны неғұрлым күштірек болса (мысалы, XX ғасырдың
басындағы қиссашыл Ақылбай Сабалұлы сияқты), соғұрлым
оның кітапшылауға құмарлығы да кемдеу болғанға ұқсайды.
Қиссалардың «кітаби тілдік» белгілері топтастырып талда-
ғанда мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: