275
Қазақша діни әдебиеттің екінші тобы және көлем жағынан
молырағы – христиан дініне қатысты жазба дүниелер. Бұлар
да – өткен ғасырдың II жартысының жемісі. Патша үкіметінің
өзіне тәуелді халықтарды тізгіндеп ұстаудағы бір саясаты
оларға христиан дінін қабылдату болғаны мәлім. Сол мақсатпен
бірнеше миссионерлік қоғамдар жұмыс жүргізді. Әсіресе
«Братство святого Гурия» деген миссионерлік қоғамның жа-
нындағы «Аударма комиссиясы» атты советі қазақтар мен Сібір
түркілерін шоқындыруға керек әрекеттің бірі ретінде христи-
анша діни кітаптарды орысшадан аударып таратты, арнайы
екі тілдік сөздіктер құрастырды. Зерттеушілердің мәліметіне
қарағанда, XIX ғасырдың II жартысы мен Қазан революция-
сына дейінгі 50-60 жылдың ішінде (1860-1917) христиан діні
мазмұнында 72 кітап қазақ тіліне аударылған
183
.
Тіл тарихын зерттеуде бұл кітапшалардың мәні бар: бірін-
шіден, бұлар қазақтың сөйлеу тілі негізінде, әдеби нормалар-
ды сақтай отырып жазылған, екіншіден, олардың барлығы да
орыс графикасын пайдаланғандықтан, сол кездегі қазақ тілі-
нің фонетикалық ерекшеліктерін араб жазуына қарағанда,
біршама дұрыс көрсеткен. Үшіншіден, біздің байқауымызша,
бұлардың тілін аударма әдебиеттің (прозаның) алғашқы
үлгілері ретінде қарастыруға болады.
Көбінесе араб-парсы, ортағасырлық түркі тілдерінен по-
эзия түрінде қайта жырланған шығарма ретіндегі аударма-
лармен салыстырғанда, бұл циклдегі кітапшалардың тілдік
сипаты мүлде басқа екенін айту қажет. Тақырыбы қатаң – дін
қағидалары болғандықтан, оларды аударуда еркіндік кем болуға
тиіс. Сондықтан мұнда орыс тіліндегі сөзқолданыстарды,
әсіресе діни атауларды, сөйлем құрылымын дұрыс, дәл беру
шарты тұрады. Бұл жағынан алғанда, қазақ тіліндегі христиан-
ша миссионерлік әдебиет осы күнгі дәл (сәйкес) аудармалардың
алғашқы нышандарын танытады. Мұнда христиан дініне
қатысы бар ұғым атауларын қазақтың өз сөздерімен аударып
беру шарты ұсталынған:
үгіт – наставление,
құтқаршы – спа-
ситель,
тұрушылық – житие,
бұрыс дінде тұрушы – иноверец,
Достарыңызбен бөлісу: