§ 8. Қазақ тілінің эпистолярлық стилі
Бұл стиль – жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттары-
ның тілін танытатын сөз мәнері.
Әдетте, бұл салада зерттелуге тиісті материал кез келген
адамның күнделікті тұрмысқа, үй ішіне, қара басына қатыс-
ты жайларды сөз еткен хаттары емес, белгілі бір қоғам
қайраткерлерінің, қалам иелерінің, ғылым-білім өкілдерінің,
көбінесе әлеуметтік не өзге де мәні бар мазмұндағы корреспон-
денциялары болуға тиіс.
Қазақ тілінде жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хат-
тары XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап табылады. Олар,
әрине, санаулы ғана. Дегенмен әзірге бізге жеткендерін сөз
етуге болады. Бұлар: атақты жауынгер ақын Махамбет Өтеміс-
ұлының 1839 жылы жазған хаты, ол бұл хатты Жем, Сағыз,
Қайнар бойын жайлаған Әлім, Шөмен руларының бірнеше
беделді адамдары – Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұхамбет,
Амантай батырларға жолдаған
186
.
Қазақ фольклоры мен әдет-ғұрып заңдарын жинаушы,
М.В.Ладыженский дегеннің 1840 жылы Шыңғыс Уәлихановқа
жазған хатының қазақша мәтіні; атақты ғалым Шоқан
Уәлихановтың әкесі – Шыңғысқа 1857 жылы Омбыдан 1860
жылы 9 августе және сол жылы 4 ноябрьде Петербургтен
қазақша жазған хаттары; інісі – Жақыпқа 1857 жылы 10 де-
кабрьде Омбыдан жазған хаты; Шоқанға әкесінің 1860 жылы
6 июльде және 19 сентябрьде жазған екі хаты; Садуақас
Мұсаұлы Шормановтың Григорий Николаевич пен Алексан-
дра Викторовна Потаниндерге 1887 жылы 25 февральда
186
Аманшин Б. Махамбеттің хаты // Қазақ әдебиеті. - 1970, 31 июль. Хаттың
трансқрипцияланған толық мәтінімен осы мақалада танысуға болады.
280
және мартта Омбы қаласынан қазақша жазған хаты
187
; Қазан
университетінің профессоры Н.И.Ильминскийдің Сәмреке
деген мұғалімге 1859 жылы 7 декабрьде қазақша араб графи-
касымен жазған хаты
188
; Құнанбайдың Омбыда кадетский кор-
пуста оқып жүрген баласы Халиоллаға 1866 жылы 8 ноябрьде
жазған хаты; Абайдың Халиоллаға осы жылдың 8 мартында
жазған хаты; Ыбырай Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге және
Баянділ Кейкин деген кісіге 1883 жылы 28 январьда жазған
хаттары.
Бұлардың бірде-біреуін, мысалы, XIX ғасырдағы орыс
жазушыларының әлеуметтік, ғылымдық мәселелерді сөз ет-
кен әрі көркем әдеби тілде жазылған ой-толғаныстарымен
қатар қоюға болмайды. Қазақша хаттарда қоғамдық ой-пікір
ішінара Ильминский мен Махамбет хаттарында болмаса,
өзгелерінде жоқ. Соған қарамастан бұларды тілдік тұрғыдан
көңіл аударарлық материалдар деп санаймыз. Біріншіден, осы-
лар арқылы өткендегі қазақша хат жазысу мәнерін (стилін)
аңғарамыз, екіншіден, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің
өзара тоғысу құбылысын байқаймыз.
Түркі жазба әдеби дәстүрінде қалыптасқан хат жазу мәнері
болған. Онда ең әуелі, өзге тілдердегі сияқты, хат иесінің
адресатқа құрмет көрсете, сый білдіре арнаған қаратпа сөздері
келеді. Бұл қаратпада қайткенде де эпитеттер болуы керек (хур-
матау, ғизатлу, сүйүклу, меһрбанлу т. т.): хурматлу батыр-
лар... (Махамбет хатынан); хурматлу улуғ мансаблу атамызға,
меһрбанлу анамызға; Сізге улуғ хурматлу уа сүйүклү атамызға
(Шоқанның хаттарынан), зияда хурметтілеріміз Григорий
Николаевич, осындай ардақты ханымымыз Александраға
(С.Шормановтың хаттарынан); ғизатлу уа хурматлу болғучы
баламыз Халиоллаға... (Құнанбайдың хатынан); Сізге ғизатлу
уа хурматлу азиз мұқарам ініміз Халиолла мырзаға... (Абайдың
хатынан); зияда ғизатлу уа хурматлу...Шыңғыс Уали уғлына
(Ладыженскийдің хатынан); айналайын шырағым сүйікті
Сәмреке (Н.И.Ильминскийдің хатынан).
187
Шоқан Уалиханов есіміне қатысты қазақ тіліндегі хаттардың мәтіндері
ғалымның бес томдық енбегінің IV томында казіргі қазақ графикасымен жарияланған
// Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в 5-ти томах. - Алма-Ата, 1968. - Т. IV. - С. 47, 48, 49, 51,
52, 54, 121, 122, 232, 233.
188
Әбілқасымов Б. Орыс ғалымының қазақша хаты // Қазақ ССР ҒА Хабаршысы.
- 1973. - №3. - 70-73-б.
281
Бұл дәуірдегі қазақша эпистолярлық стильдің келесі бір
белгісі – түркі жазба әдеби тілдеріне тән кейбір грамматикалық
тұлға-тәсілдерді пайдалануы. Мысалы, өлеңдері таза қазақша
Махамбет «хурматлу батырларға» жазған хатында уа, уа һәм,
бірлән, білән деген шылауларды, бек, нечүк деген үстеулер мен
есімдіктерді қолданады; еді, емес деген көмекші етістіктері
кейде ерді, ермәс түрінде көне ұйғыр жазба дәстүрінен
келе жатқан тұлғада жазады, бірер жерде шығыс септіктің
көне ұйғырлық тұлғасы – - дын/-дін жалғаулы түрін де,
көсемшенің дейүр тұлғасын да жұмсап жібереді (бұндын соң,
сәлемдеріміздің соңыра); сөз басында келетін ж-ның орнына
й-ді жазу хат иесі үшін норма (йыл, йолланды, йазғучы, Иар-
мухамед, йазайын); септік жалғауларына келгенде, дыбыс
заңдарын сақтамайды: үйні, жайсызлығы, йуртының, сізләрнің
т.т.; бүл хаттағы алатұрған, алтмыш, бірісін деген тұлғалар да
– қазақтық емес. Жіктеу есімдігі мен, маған тұлғасында емес,
бән, бәңә түрінде келген. Қазақша ш дыбысы естілетін сөздер
Достарыңызбен бөлісу: |