296
Ыбырай шығармалары тілінің лексика-фразеологиялық
құрамы қазақ әдеби тілінің байлығынан алынған. Грамма-
тикалық құрылысында да Ыбырай кітаби тілге тән тұлға-
тәсілдерді қолданбайды. Тіпті ол сол кезде қазақтың жазба
әдеби тілі ішінара пайдаланған кітаби орфографиялық дәстүрді
де қабылдамай, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын
ескеріп, қазақша жазу принципін ұстады. Оған Ыбырайдың
қазақ жазуы үшін орыс графикасын ұсынуы себепкер болды.
Қазақтың жазба әдеби тілінің даму бағытын белгілеудегі
Ыбырай Алтынсариннің рөлі мен орнын сөз еткен тұста оның
араб-парсы тілдері мен орыс тіліне қатысын айқындап алу қажет.
Сөз жоқ, Ыбырай қазақ әдеби тіліне араб-парсы элементтерін
кітаби тілдегіше молынан және өнімді түрде енгізуді қостамады,
бірақ жалпы араб-парсы сөздерінен үзілді-кесілді бас тартқан
жоқ. Өйткені қазақтың сөйлеу тілінде де, байырғы әдеби
тілінде де араб-парсы сөздері едәуір мол болып келгендігін,
олардың көбінің қазақ тіліне етене сіңіп кеткендігін Ыбырай
жақсы түсінді. Сондықтан ол Н.И.Ильминскийге жазған бір
хатында: «Меніңше, қазақ жазбалары үшін осы тілдің өзінде
жоқ сөздердің орнына парсы немесе араб сөздерін алуға бо-
латын тәрізді», – деген ойын білдіреді
196
. Бұл айтқанына және
өзінің мәтіндеріне қарағанда, Ыбырай араб-парсы сөздерін
екі жағдайда ғана актив қолдануды ұсынады: бірі – ежелден
еніп, қазақ тіліне сіңісіп, қолтума болып кеткен, ауызекі сөйлеу
тілінде әбден қалыптасқан сөздер тобы, екіншісі – қазақша
баламасы жоқ ұғымдардың араб-парсыша атаулары. Мыса-
лы, соңғы топқа дінге, оқу-ағартуға, әлеуметтік қоғам өміріне
қатысты бірқатар сөздерді жатқызуға болады. Ыбырайдың жал-
пы оқу орнын
медресе, мұғалімді
молда деуі,
патса, патсаза-
Достарыңызбен бөлісу: