Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


§ 9. Аударма ісінің пайда болуы және оның



Pdf көрінісі
бет146/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   180
§ 9. Аударма ісінің пайда болуы және оның 
қазақ әдеби тіліне тигізген әсері
Біреуі  13  жыл  бойы,  екіншісі  14  жыл  бойы  қазақ  тілінде 
шығып  тұрған  «Түркістан  уалаятының  газеті»  (1870-1883) 
және «Дала уалаятының газеті» (1888-1902) атты екі баспасөз 
органының екеуі де және «Торғай газеті», «Ауыл шаруашылық 
листогі» сияқты қосымшалар негізінен аударма газеттер болды. 
Бұлардың  ресми  бөлімдері  орыс  тілінен  аударылған  матери-
алдардан тұрды. Сондай-ақ информациялардың да дені орыс-
шадан  аударылып  басылып  отырды.  Өткен  ғасырдың  соңғы 
ширегінде қазақ тілінде аударма үлгілер дүниеге келе бастады. 
Олар – орыс және араб тілдерінен, ішінара ортаазиялық түркі 
тілінен аударылған әдебиеттер болды. Орыс тілінен аударылған 
материалдар  мерзімді  баспасөз  бетінде  және  шаруашылық,  
медицина,  ветеринария  тақырыптарына  жазылған  көпшілік-
қолды  кітапшаларда  орын  алды.  Ал  араб,  түркі  тілдерінен 
аудармалар  көбінесе  көркем  әдебиет  саласында  болды,  ол 
әдебиетті  аударма  дегеннен  гөрі  сол  тілдердегі  белгілі  бір 
шығарма мазмұнын қазақша еркін түрде баяндау (жырлау) деп 
таныған жөн.
Ресми іс-қағаздарының орыс тілінен аударылуы осы стиль- 
дің кейбір белгілерін орнықтыруға септігін тигізді. Сондай-ақ 
аударма  публицистикалық  стиль  лексикасының  жаңа  сөздер- 
мен толығуына, жеке сөздердің терминдік дәрежеге көтерілуі- 
не әсер етті. Жаңа сөздер қазақ тілі қорынан да, орыс тілінен 
қабылдау  арқылы  да  келді.  Мысалы,  газет  беттерінде  жүз 
жыл (век), қара жұмыс (физический труд), егін салу шаруасы 
(хлебопашество),  бұйрықнама  (циркуляр),  дүниежүзілік  (ми-
ровой), іс қорғау (защита) сияқты сөздер аударма арқылы тер-
минделе бастаған-ды. Аударма әдебиет, сөз жоқ, орыс тілінен 
сөз  қабылдауды  жандандырды.  Зерттеуші  Б.Әбілқасымовтың 
материалдарына  қарағанда,  бұл  кезеңде  аударма  әдебиет 
арқылы орыс сөздері қазақ жазба тіліне едеуір мөлшерде енген. 
Оларды  мынадай  тақырыптық  топтарға  бөліп  атауға  болады: 
әкімшілік  және  заң-сот  істеріне  қатыстылар:  император,  на-
следник, началник, помощник, облус, губірнатыр, мироуай по-


288
средник, чиновник, колежский асессор, переуадчик, сауетник, 
консул,  прикауор,  председатіл,  кандидат,  помощник,  дозна-
ниа,  канселариа,  акраном,  инспектір,  каталешке,  нота,  под-
писке, адуакет, статйа, партия, сияз, губерна, чин. Бұл топқа 
бұрынырақ енген болыс, оязжандарал, шар, закүн сөздерін де 
қосуға болады, әлеуметтік тап, топ атаулары: кнәз, граф, көпес. 
Сауда-саттық  пен  финанс  операцияларына,  шаруашылық  пен 
кәсіпке қатыстылар: жәрмеңке, ярмеңке, бексел, лафка, приказ-
чик,  аренда,  расход,  зауыт,  фабрик,  машина  т.б.  Оқу-ағарту, 
мәдениет  саласына  қатысты  сөздер: казит,  униуерситет,  се-
минарийа, кінеге, уистафка, нөмір, школ, награт, студент т.б.
Аударма әдебиет арқылы енген кірме сөздер көбінесе түп- 
нұсқа  тілдегі  түріне  жуық  тұлғада  қабылданады,  сондықтан 
орыс тілінен және орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен алын- 
ған  сөздерді  орысша  түрінде  жазу  принципі  XIX  ғасырдың 
II  жартысынан  басталады  деуге  болады.  Осы  кезде  тек  орыс 
тілінен қабылданған создер емес, араб-парсы тілдері сөздерін 
де көбінесе түпнұсқаша жазу дәстүрі орын тепті. Соның сал-
дарынан  кірме  сөздердің  варианттылығы  орын  алды.  Мұның 
салқыны  күні  бүгінге  дейін  тиіп  келеді.  Бұл  –  араб  әрпімен 
басылған дүниелерге қатысты жайт. Ал орыс тілінен аудары- 
лып, орыс графикасымен басылған үлгілерде араб-парсы тіл- 
дерінен  кірген  сөздер  көбінесе  халықтың  сөйлеу  тәжірибе- 
сіне  қарай  жазылды.  Әсіресе  Ы.Алтынсариннің  «Хрестома- 
тиясында»,  екі  тілдік  сөздіктерде  және...  христиан  дініне 
қатысты  қазақша  діни  кітапшаларда  араб-парсы  сөздері 
«қазақша» түрінде берілді (калык, кабар, аулие, берісте, сада-
ка, күна, рақым, тамак, тозак, пайда, ақыл, мұндағы к әрпін 
қазақша қ дыбысы етіп оқысақ: қалық, қабар, садақа, рақым).
Соңғы  әдебиет  қазақ  тіліне  бірнеше  орысша  діни  маз- 
мұнды  сөздерді  ұсынды:  христос,  монастырь,  священник,  
кнеге,  евангелие,  преподобный  т.б.  Бірақ  сан  жағынан  едәуір 
 болып (миссионерлік мақсатпен христиан дінін уағыздайтын 
қазақтарға  арналып  200-ге  жуық  кітапша  шығыпты)  жария- 
ланғанмен,  қазақтың  қалың  көпшілігіне  тарамағандықтан,  
бұл әдебиет қазақ әдеби тіліне айтарлықтай үлес қоса алмады, 
сондықтан бұлардағы діни кірме сөздердің де көпшілігі тілге 


289
енбеді  (кнеге,  преподобный  т.б  ).  Ал  монастырь,  Христос, 
Евангелие  сияқты  сөздер  осы  күнгі  қазақ  тілінде  қолданыла- 
тын болса, ол – бұл кітапшалардың «үлесі» емес (Абайдың ау-
дарма поэмасындағы «Ол монастырь – сопылар тұрған жері» 
дегенін еске түсірелік).
Орыс  тілінен  аударма  үлгілердің  үшінші  тобын  көркем 
әдебиет құрайды. Бірақ бұлар – тура мәніндегі аударма шығар- 
малар  емес,  еркін  аудармалар,  яғни  қазақша  қайта  әңгімелеу, 
қайта  жырлау  болды.  Оларға  орыс  мысалдарының  (басня- 
лардың)  аудармалары,  Ыбырайдың  орысша  шағын  әңгіме- 
лердің  негізінде жазғандары,  Абайдың Пушкин  мен  Лермон- 
товтан,  Крыловтан  аударған  өлеңдері  жатады.  Бұл  аударма- 
лардың қазақ әдеби тіліне қосқан сөз үлесінен гөрі өзге әсері 
күшті  болды.  Әрине,  бұл  аудармаларда  орыс  сөздері  қол- 
данылды.  Қолданылмауы  мүмкін  де  емес.  Және  көркем  ау-
дарма дүниелердегі орыс сөздері – қазақтың халық тіліне де, 
бұрынғы  поэзия  тіліне  де  енбеген  соны  сөздер.  Ол  сөздер 
–  аударылған  шығарманың  тақырыбына  байланысты  енген-
дер.  Мысалы,  Ыбырай  әңгімелеріндегі  князь,  граф,  награт, 
франк,  закон,  фабрика,  завод,  мужик,  судья,  жәрмеңке,  то-
вар,  приказщик,  купес,  фонарь,  ящик,  солдат  т.б.  Абайдың 
аударма өлендеріндегі монастырьладанкрестштык, кар-
течь,  такт  сөздері  осы  қатардан  табылады.  Бір  ескертетін 
жайт – Ыбырайдың да, Абайдың да аударма шығармаларында 
орыс  сөздерін  өте  сараң  қолданғандықтары.  Оның  себебі  – 
«өз  тұсындағы  оқушыларының  шама-шарқымен,  дін-санасы, 
ұғым-нанымдарымен  есептескендіктен  «  (М.Әуезов)  қалың 
көпшілікке  түсініксіз  сөздерді  көп  қолданбау  принципін 
ұстауларында.  Абай  аудармалары  арқылы  қазақ  әдеби 
тіліне  калька  тәсілі  енді,  әсіресе  калькалау  арқылы  соны  сөз 
тіркестерін  жасау  басталды.  Мысалы,  Абайдағы  үміттің 
нұры (светило надежды), жабырқаңқы жазған сөз (стих уны-
лый), суық ақыл (рассудок холодный), ойды қозғау (шевелить 
ум), қараңғы көңіл (мрачная душа) деген тіркестер – аударма 
өлеңдерінде жасалғандар (семантикасы алшақ сөздерді жана-
стырып жасаған бұл типтес соны тіркестерді Абайда өте мол 
екендігі және оның барлығы тек калька арқылы тумағандығы 
жайында келесі тақырыптарды қараңыз).


290
Аудармаға  қатысы  бар  жазба  әдебиеттің  бір  түрі  «кітаби» 
өлеңдер  –  қиссалар  болды.  Бұл  жанр  қазақ  әдеби  тіліне  шы- 
ғыстық  образдарды,  сол  образдар  арқылы  араб-парсы,  түркі 
(шағатай)  тілдерінің  жеке  сөздері  мен  тіркестерін  әкелді  (ол 
жөнінде осы кітаптағы VI тараудың 3-параграфын қараңыз).
Қысқасы, өткен ғасырдың II жартысында қазақтың ұлттық 
жазба әдеби тіліне аударма ісі белгілі бір ізін салды, лексикалық 
қазынаның молығуына әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет