бай, кедей, болыс, пысық, аларман, қазы сөздері образдық эле-
менттер ретінде де келеді.
Сөйтіп, қазақ поэзиясы тілінің лексикалық құрамын кеңейту,
яғни бұрын актив қатыстырылмайтын сөздер тобын өлең тіліне
енгізу және оларды тура да, ауыспалы да мағыналарында пай-
далану – Абайдың әдеби тілге, оның ішінде өлең тіліне қосқан
үлесі, саналы түрде істеген қызметі деп айтуға болады.
Үшінші. Абай поэзиясының тіліне айқындық пен дәлдік
тән. Дәлдік үшін өмір шындығына сай образдарды алу – ба-
сты шарт. Сондықтан Абай қолданған образдардың басым бір
тобы – қазақ халқының көп ғасырлық күн көріс тіршілігінің
негізі – малға байланысты болып келетіндігін көреміз. Еңбексіз
күнкөрісті жөн көретін замандастарының жағымсыз портретін
беруде: «Үш күн қолың босаса, Бола қалдың бас асау» немесе:
«Ұрлық пенен қулыққа Байлағанда кестің бау» деп келтірген
образдары – жылқыға қатысты. Болыстың: «Күштілерім сөз
айтса, Бас изеймін шыбындап» деуі, «алқыны күшті асау-
лардың ноқтаға басы керілуі» – осылардың баршасы мал
өсіру тіршілігінен алынған. Абай өлеңдерінде күлкіні мәліш
саудаға, алыс-берісті асық ұтысқа, бозбаланы оңғақ бұлға,
311
жапырағынан айрылған ағаш-қурайды қайыршы кемпір-шалға
баласа, мұндағы мәліш сауда, асық ұтыс, оңғақ бұл, қайыршы
кемпір-шал – барлығы да өз тұсындағы қазақ тіршілігіне өте
таныс нәрселер.
Суреткер талаптың аты, асау жүрек, жүйрік уақыт,
үміттің аты, қу тілмен қулық сауу тәрізді соны тіркестер жа-
сауда да қазақ оқырманына таныс образдарды алады. Сонымен
қатар Абай образдар жасауда айналадағы болмыс-тіршіліктің
малдан басқа да жақтарын қатыстырады. Өз үйінде өзендей
Күркірейді айтса дау десе, өзеннің күркіреуі – қазақ оқырманы
үшін жат емес, өмір шындығы. Сөйтіп, шындықтан алынған
образдарды келтіру – Абай үшін поэзия тілін айқын, түсінікті,
оқырман көкейіне қонымды ететін тәсілдің бірі.
Абай өлең сөзінің «іші – алтын, сырты – күміс» болуын
қалағанда, сырттай әсер беретін әсіреқызыл сөздерден аулақ
болуын тілегенде, ол поэзияның терең (көп) мәнді, аз сөзді
болу принципін ұстаған. Сондықтан да болар, Абайда дәстүрлі
эпитеттерден гөрі, сонылары көбірек кездеседі. Қанша әдемі
болса да, кәнігі образдар (тұрақты эпитетті тіркестер) кез
келген идеяға, әсіресе жаңа ойларға сай келе бермей, құр
жылтырақ фраза болып шығуы мүмкін. Мұны ақынның өзі де
бірнеше рет ескертіп өтеді. Бірде: (сөзім) әсіреқызыл емес деп
жиренбеңіз десе, енді бірде: өлең деген – әр сөздің (орайлы)
жарасымы дейді.
Төртінші. Қазақ поэзиясы тілінің даму барысында Абай
енгізген өзгеріс-жаңалықтардың ең бастысы фразеология са-
ласында болды. Ең алдымен, ол фразеологияны поэтикалық
экспрессияның құралы ретінде жұмсауды күшейтті. Белгілі
бір образды беруде бейнелі тұрақты тіркестер – аса бір оң-
тайлы құрал екені мәлім. Ақын жас адамның (Әбдірахман-
ның) өнер-білімге ұмтылғанын құр «талаптанды, ұмтылды»
деп қойса, ол сөздердің поэтикалық бояуы «талаптың мініп
тұлпарын» дегенмен шендесе алмас еді. Алғашқы сөздерде
хабарлау (констатация) бар, образ жоқ, соңғы тіркесте бояуы
қою поэтикалық образ бар. Сол сияқты қуатты, қажырлы,
күшті деген сөздер мен осы мағынада берілген қуаты оттай
бұрқырау деген тіркестің экспрессиясы бірдей емес.
312
Поэтикалық жүк арқалауда сөз тіркестерінің арасын-
да айырмашылық бар. Кез келген тіркес көркем образ жасау
міндетін көтере бермейді. Мысалы өмір сүру, өмір кешу де-
гендер де – фразеологизмдер, бірақ осылар өмір тонын кию,
Достарыңызбен бөлісу: |