(путь, стезя, тропа, долина, юдоль, пустыня, степь: «Про-
сти, печальный мир, Где темная стезя, Над бездной для меня
лежала
207
)» болса, Абайдың өмірді соқтықпалы соқпақсыз
жер деп бейнелеуі тегін емес. Белгілі бір сезімді сұйық
затқа (сусын, у, шарап т.б.), отқа, жалынға ауыстырып атау да
XVIII-ХIX ғасырлардағы орыс поэзиясы тілінде кең тараған
болатын. Абайдың махаббат сезімін бейнет сусыны деп атауы
немесе іштегі жалынға балауы, өкініш сезімін өткен күннің
207
Григорьев А.Д. Поэтическая фразеология Пушкина. - М, 1969. - С. 171.
314
улары деуі орыс тіліндегі образдармен үндесіп жатыр. Ал
жүректің көзі (саналылық), қараңғылық пердесі (надандық),
үміттің оты (үміттену), көңілдің сызығы (уайым), тағдырдың
сызығы (жазмыш), өмірдің шыжығы (қайғы, трагедия)
сияқтылар – Абайдың өзі енгізген перифраздары.
Белгілі бір жай-күйді, іс-әрекетті ауыстырып, өзге сөздер-
мен беретін тіркестердің бір тобы – етістікті перифраздар.
«Қартаю» дегенді Абай ажары қайту, ажары тозу, өмірдің
өрін тауысу, қайратсыз тарту деп те атайды. Алдыңғы зат
есімді топқа қарағанда, етістікті перифраздар қазақтың Абайға
дейінгі поэзиясында едәуір дамыған болатын. Мысалы, Шор-
танбай ақын «өлді» деген қимыл ұғымын Құдайдан бұйрық
жетті, дүниеден көшті, бұйрық дәмі бітті, Құдайдың
құрған тезіне жолықты деп құбылтып береді. Көркемсөзді
жалықтырмайтындай құбылмалы, сезімге әсер ететіндей эмо-
циялы етіп көрсететін – осы типтес фразеологиялық құры-
лымдар. Бұлардың бірсыпырасы – «консервіленген» штам-
птар, яғни идиомдар болып келеді. Поэзия тілі, тіпті ауызекі
сөйлеу тілі де бұларға жиі жүгінеді: Абай басқа шауып, төске
өрлеу, малына шылбыр беру, қырқын мінсе – қыр артылмау,
із жоғалту, титығы құру сияқты идиомдарды халық тілінен,
бұрынғы қазақ поэзиясы тілінен алып жақсы пайдаланады.
Фразеология саласында Абай істеген өзгеріс-жаңалықтар-
дың екінші түріне жаңа тіркестер жасауы жатады. Фразеоло-
гизмдер – жылдар, ғасырлар жемісі. Бұл, бір жағынан. Екінші
жағынан, ол – жеке қаламгерлер табысы, еңбегі, ізденісі. Фра-
зеологиялық тіркестер – семантикалық шоғырлар, яғни жеке
сөздер беретін мағыналардың бір-бірімен түйісуінен туған
жаңа тұтастық (семантикалық единица).
Сөз әр алуан тіркесте келгенде ғана нақты бірлік (единица)
ретінде танылатын болса, жазушының сөзқолданыс шеберлі-
гін, әдісін, табысын, әдеби тілге қосқан үлесін өзі жасаған
жаңа тіркестерден іздеуіміз керек. Жазушы жаңа сөздерді
қаншама көп ұсынса да, оның саны жаңа тіркестерден артық
болмайды. Абай қазақ әдеби тіліне едәуір жаңа сөздер қосты,
бірқыдыру сөздердің мағынасын саралап, жаңғыртып, оларды
315
жаңа сөздер (неологизмдер) ретінде ұсынды, дегенмен бұлар
Абай жасаған жаңа тіркестермен сан жағынан да, сипаты
жағынан да теңесе алмайды.
Абай үлгі алған ұлы Пушкин: «тіл – сөздерді бір-бірімен
жанастыруға келгенде сарқылмас бұлақ» десе, осы қағиданы
Абай да жақсы сезінеді. Сондықтан қызметі мен құрылымы
жағынан әр алуан мынадай жаңа фразеологизмдерді ұсынады.
а) Мағыналары жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді
тіркестіреді. Үміттің оты, көңілдің жайлауы, ұяттың
күзетшісі тәрізді изафет тіркестердің компоненттері – жеке-
жеке алғанда, мағына жағынан бір-біріне «үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын», мүлде алшақ ұғымдардың атаулары. Олардың
алшақтығы – бірінің дерексіз ұғым, екіншісінің нақты зат ата-
уы екендігінде. Сондықтан бұлар бір-бірімен тіркесе қалған
күнде, олардың туғызатын мағынасы (ассоциациясы) мүлде
жаңа болмақ: үміттің оты, талаптың тұлпары дегенде,
үміт те, талап та алға қарай ұмтылатын нақты зат ретінде
елестейді де образ пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |