40
образын мал баласының күй-қалпына теңеп береді. Дулат
ақын сөз зергерінің образын беруде:
Тоят төс,салпы ерінді,
топтан торай бермейтін тұлпар аттай қунақпын деген
теңеуді таңдайды. Махамбет бір жерде:
Исатайды өлтіріп,
серкесінен айрылып, сергелдең болған біздің ел деп, Исатай-
дың образын серкеге теңеп бейнелесе, екінші бір өлеңінде:
Тайманның ұлы Исатайды
Шайбуыл салса нанғысыз арғы-
мақтан туған қазанатқа балап бастап, әрі қарай
күніне көз
көрінім жер шалғысыз қазанаттан туған қаз мойынға, нарға
жүгін салғысыз айырдан туған жанпозға, асылын айуан десе,
нанғысыз аруанадан туған маяға теңейді. Демек, Исатай
портретін жасауда ақын пайдаланған образдар мал баласының
жақсы тұқымдарын тани білген қазақтың көзімен, сөзімен
берілген.
Әрине, халықтың ауыз әдебиеті тіліндегі образдар тек қана
малшаруашылығы емес, қазақ қауымының тұрмыс-тіршілік
қалпынан да айналаны қоршаған табиғаттан да алынады.
Мысалы, «Қобыланды» жырындағы
аламанға жел берген,
азды көпке теңгерген деген фразеологизм «халық қамын жеп,
халықты азаттық үшін күреске шақырған ер» дегеннің образы
болса, «жауды жеңу» идеясын
керегесін отын қып, туырлы-
ғын тоқым қып немесе
керегесін кескілеп, туырлығын тіл-
гілеп деген образдар арқылы білдірсе, бұл тілдік құралдарды
Махамбет ақыннан да табамыз.
Ауыз әдебиетіне тән көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсілдің
бірі – стереотип формулалары еркін қолдану. Бұлар – жырдан
жырға көшіп отыратын әбден тұрақталған сіріленген ком-
позияциялар. Мысалы:
буырқанды, бұрсанды, мұздай темір
Достарыңызбен бөлісу: