36
қыпшақ ауызекі сөйлеу тілінде сөз басындағы
б дыбысының
орнына
м (мұрын, бұрын емес;
мойын, бойун емес),
ғ/г орнына
сонор
у (тау, тағ емес),
й орнына
ж (жақсы, йахшы емес),
ш
орнына
с (жас, йаш емес),
ч орнына
ш (шал, чал емес),
д орны-
на
т (тау, дағ емес) т.т. заңдылықтары бар болғанын көреміз.
Қысқасы, қазақ халқын құраған ру-тайпалардың өте әрі-
ден, бірқатар зерттеушілердің (мысалы, Қ.Өмірәлиевтің) тұ-
жырымдауынша, біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі III-
II ғасырларда және жыл санау дәуіріміздің басында өмір
сүрген үйсін, қаңлы сияқты түркі тайпалары мен тайпалық
одақтардың ауызекі сөйлеу тілін қазақ халқының ауызша, жаз-
ба әдеби тілдерінің негізгі көзі деп тануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: