33
ескерткіш жайында толық мәліметті сілтемеде көрсетілген
еңбектен алуды ұсынамыз.
Кумандарды қыпшақтар, половецтер деп те атаған.
Қыпшақтар XII-ХIV ғасырларда мерейлері үстем болып ша-
рықтаған, осы кездерде құмандар (қыпшақтар) тілі Қара теңіз
бен Каспий айналасында жалпыға бірдей ортақ тілге айна-
лып, Еуропа елдері қыпшақтар туралы тиісті мәліметтер алып
отыруға мәжбүр болған.
Көрші отырған орыс, армян сияқты елдердің оны үйреніп
алуын өмірдің өзі талап еткен. Осылардың нәтижесінде «Ко-
декс Куманикус» сияқты
еңбектер жазылып қалған
42
.
Бұл ескерткіштің материалдарына қазақ әдеби тілінің бір
арнасы ретінде зер салсақ, лексика саласынан мынаны айтуға
болады: XIII ғасырлардағы қыпшақтардың ауызекі сөйлеу
тілінде адам, табиғат, қоғам, адамдардың өзара және табиғатпен
қарым-қатынасы сияқты тұстардағы нақты зат, құбылыс ата-
уларымен қатар, дерексіз ұғым аттары дараланып, едәуір
дамыған түрде қалыптасқанын көреміз. «Кодекс Куманикусқа»
қарасақ, қыпшақтар тіліне тән және бір ерекшелікті аңғарамыз,
ол – мұнда дерексіз (абстракт) зат есімдер негізінен түркі,
оның ішінде қыпшақ тілдерінің сөздері болып келеді. Мы-
салы,
айтмақ (хабар),
ақлық (ақтық, күнәсыздық)
алғыш
(алғыс),
аманат, ант, арувлық (тазалық, арулық),
асров
(тәрбие),
ачув (ашу),
базлық (бейбітшілік),
бейуклук (биіктік),
бошақ (бостандық),
бұйрук (бұйрық),
бұлғақ (қым-қуыт кезең),
бірлік, бүтүнлүк (бүтіндік),
егілік (игілік),
ексүк (кемшілік),
емгек (қиындық),
емінлік (қауіпсіздік),
йете (жете, ақыл, ес),
йеңмек (жеңіс),
уғат (ұят),
улулуқ (ұлылық) т.т. Бұл сөздер
қазіргі қазақ әдеби тілінде де дерексіз ұғым атаулары болып
табылады. Әрине, XIV-ХV ғасырлардан кейінгі даму кезеңінде
бірқатар түркілердің, соның ішінде қазақтардың әдеби тілінің
лексикасында дерексіз ұғым атауларын араб-парсы тілдерінен
енген кірме сөздермен білдіру басым болып келгені белгілі.
Бірен-саран дерексіз кірме атаулар
(ақыл, ашық «ғашық»,
бақт
42
Құрышжанов Ә., Жұбанов А., Белботаев А Құманша-қазақша жиілік сөздік. -
Алматы, 1978. - 27-б.
34
«бақыт»,
давлат «дәулет»,
дүние т.т.) «Кодекс Куманикус»
ескерткішінде де бар. Дегенмен негізгі бағыт – лексикалық
байлық түркінің өз сөздері болып келгенін аңғару қиын емес.
Мұндағы үш тілдік сөздікте берілген сөздердің мағына-
лары бойынша топтастырылған түрлеріне қарасақ, 70-беттегі
және оның атына байланысты сөздерден бастап, адам, зат,
табиғат, қасиет, сапа атаулары т. т. 110-беттегі дақыл аттары-
на дейін 40 түрлі топқа бөлініп берілген. Бұлар – қазіргі әдеби
тілдердің сөздік қазынасының бұдан 6-7 ғасыр бұрынғы көзін
танытатын материалдар.
Сөздік түрінде жеткен келесі ескерткіш –
«Терджуман тур-
Достарыңызбен бөлісу: