фель, горчица, гір/кір (гиря), десте, землянке, капуста, картош-
ке, карта, көзір, қарандаш, кінеге, кірауат, минут, линейка,
лот, патнос, содия, стул, ыскамия, іскірт, салом, скрипка, се-
кунт, тетрат, труба, шот, шкаф, шарф, шайнек, шілия, шет-
пертек. Бұдан әсіресе оқу құрал-жабдықтарына, үй-тұрмыс
бұйымдарына, азық-түлік түрлеріне қатысты сөздерді орысша
күйінде қабылдау принципі байқалады. Осы күнгі газет, на-
337
град, минут, секунд, почта, шот, жәмшік, магазин, доктор,
штат сияқты орыс сөздері қазақ тілінде қолданылу тари-
хын өткен ғасырлардан бастағаны осы сөздіктерден көрінеді.
Қазірде орнықпаған боблық – публикация, земтемір – земле-
мер, кінеге – книга, мүлиеншік – миллионер, кірен – граница,
задетка – задаток, көкпараз – купорос, мұнанай – меновой двор
сияқты сөздердің қазақ тілінде бір кезде қолданылғандығын да
жоғарыдағы сөздіктер білдіреді.
5. Біздің байқауымызша, бұрынғы екі тілдік сөздік авторла-
ры тек регистраторлық емес, ішінара шығармашылық қызмет
те атқарған тәрізді. Бұған бірінші дәлел – бұл авторлар әсіресе
жаңа ұғымдардың атауларын беруге ұмтылады, ол үшін кейбір
жасанды жаңа сөздерді ұсынады. Мысалы, мектепте бола-
тын дежурный-ды кезу/кезі деп береді (қазірде кезекші), уче-
ный дегенді оқымыс, сочинитель, автор – кінеге жазушы,
шығарушы, товарищество – ептестік, құрама – совет, со-
брание людей. Екінші факт – түбірлес сөздерді мағынасына
қарап айырып жіктеу әрекеті байқалады. Мысалы, 1897 жылғы
сөздікте жиналыс – собрание, вообще съезд, жиын – собра-
ние народа (по случаю поминок), бастық – начальник, басшы
– вожак, білік, білім – знание, білімдік – премудрость, өнербет
– искуссный, өнерші(л) – ремесленник, нажағай – зарница,
найзағай – молния. Бұлар көп емес, өте аз. Дегенмен сол аздың
өзі – қазақ тілі лексикалық кұрамының даму процесін таныта-
тын фактілердің бірі.
6. Екі тілдік сөздіктерден қазірде қолданылмайтын неме-
се жергілікті ерекшелік ретінде табылатын бірқатар сөздер
мен тіркестердің мағынасын біле аламыз. Ал кейбіреулерінің
өткен ғасырларда қазіргіден өзгеше ұтымды білдіргенін де осы
сөздіктерден көруге болады. Мысалы, бір ғана А.Старческийдің
сөздігінде: «айбана – наказание за воровство, когда изобличен-
ный в воровстве возвращает трижды девять за украденное; ау-
дандау – подготовить дело настолько, что немного остается до-
кончить; жазушы – писец, гражданский чиновник; жарылғас
– высочайшая награда; жортуыл – предполагаемая добыча;
көмбе – зарытое имущество (при перекочевке с зимовок неко-
торые вещи зарываются); құлақ, сүйінші – вознаграждение до-
338
казчика; сара қайсақ (сарқазақ) – степные казахи, так называют
себя сами киргизы; сасығыт – поймавший вора с поличным
имеет право отобрать от него все, кроме рубахи с подштанни-
ком. Эта добыча называется сасығыт. Он должен представить
вора к бию. Если вор убежит, то не имеет право на сасыгыт, не
может требовать сүйінші, если докажет на вора, если же нет,
то подвергается ответственности сам; шоқыншық – новокре-
щенный.
7. Әңгіме етіп отырған сөздіктердің барлығына тән ортақ
белгінің бірі – оларда қазақ тілінің сөз байлығын реттеуші,
нормалаушы сипатының болмауы. Әдетте, лексикографияның,
әсіресе қазіргі әр алуан сөздіктердің басты міндетінің бірі
– әдеби тіл нормаларын беркітіп, жалпы тіл мәдениетін
көтеруге көмектесу екендігі белгілі. Ол үшін сөздікке енетін
реестр сөздер мен тіркестер сұрыпталып, таңдалып алына-
ды. Көрсетілген дексикографиялық еңбектерде бұл принцип
жоқ. Іріктеу жоқ, қолға түскен материалды енгізу бар. Егер
кейбіреулерінде біраз сөздер бірдей түсіп отырса, ол сол
сөздерді тұрақтандыру, нормаға айналдыру мақсатымен болған
іс-әрекет емес, бірінің материалын келесісі пайдаланғандық
қана. Тілдің сөздік байлығын ортақ әдеби нормаға келтіру
мақсаты көзделінбегендіктен, бұл сөздіктерде не стильдік,
не өзге көрсеткіш-белгілер жоқ. Мысалы, сөз диалектизм
бе, қарапайым ауызекі сөйлеу тіліне тән ғана элемент пе,
мағынасы күңгірт көне сөз бе, енді қолданыла бастаған жаңа
сөз бе – бұлардың ешқайсысы көрсетілмеген. Сондықтан Таш-
кентте шыққан сөздіктер де (Воскресенскийдің, Букиннің
сөздіктерінде) оңтүстік қазақтарына тән жергілікті сөздерді
былай қойғанда, өзбек, парсы әдеби тілдерінің әсерімен
сөздікке енгізілген масхарабас (актер), кәтте орыс мулла-
Достарыңызбен бөлісу: |