Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет27/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   180
пурчақ пул/малу пул, фарзандым/оглум т.б.
«Хикметтер»  мәтінінде  парсы  тілінің  сын  есімдері  де 
(дәрди  «үлкен»,  бәд  «жаман»,  худ  «жақсы»,  нәу  «жас»,  жу-
ван  «кәрі»),  үстеулері  де  (асан  «оңай»)  орын  алады.  Мұнда 
парсының  дәнекерлеуші  -у  деген  шылауы  жиі  кездеседі,  ол 
көбінесе  араб  және  парсы  сөздерін  бір-біріне  дәнекерлейді: 
дүрр-у гауһар, қанду әсел, дағ-у хасрат, дил-у жан. Бұл шы-
лау ішінара түркі сөздерінің арасында да келеді: сач-у сақал, 
оң-у сол, іч-у таш (іші-тысы) бірақ көбінесе жинақтау мәнін 
беретін  қосар  қолданыстар  -у  дәнекерінсіз  келеді.  Мысалы: 
төшәк-йастуқ,  тағ-ташлар,  түн-күн.  Бұл  да  Ясауи  тілінің 
лексика-фразеологиялық негізінің түркілік, қыпшақтық халық 
тілі екенін көрсетеді.
Парсы  сөздерінің  көбінің  түркілік  эквиваленттері  де  ак-
тив  қолданылады.  Мысалы:  бийабан/чөл,  бустан/бағ,  гунаһ/
йазуқ,  нәу/жууан,  улуг/кічіг,  фарзанд/оғул.  Ясауи  тіліндегі 
фарсизмдердің  бірқатары  қазақ  тілінде  бұрыннан  қолданыла 
келе күні бүгінге дейін жеткені байқалады. Мысалы, пәрмен, 
перзент, әуес, кінә, дерт, айна деген сөздер тек Ясауи тілінің 
ерекшеліктері  емес.  Сондықтан  «Хикметтер»  текстеріндегі 
парсы элементтерінің күллісі – тек қос тілділіктің нәтижесі не-
месе кейінгі авторлардың қолы болып табылмайды.


61
Ясауи мұрасы тілінің үшінші қабатын араб сөздері құрайды. 
Олар  ислам  дініне  қатысты  және  діни  ұғымдарға  қатыссыз 
сөздер болып екіге бөлінеді. Ясауидің мұраты – ислам дінінің 
бір  ағымы  сопылықты  (суфизмді)  насихаттау  болғандықтан, 
мұнда  аят,  хадис,  ахирет,  зикр,  маһшар,  тарикат,  сират, 
заһид  сияқты  сөздер  жиі  қолданылған.  Ясауидің  айтпақ  ойы 
қалың бұқараға түсінікті болу үшін араб сөздері көбінесе ау-
дарылып берілсе керек еді, бірақ ие, тамуғ, йазуқ, учмах деген 
діни  мазмұнды  түркі  варианттары  кездескенімен,  «Хикмет-
терде» олардың арабша, парсыша Алла, Худа, гунаһ, жаннат 
сияқты альтернаттары жиірек кездеседі. Демек, «Хикметтер» 
халықтың  ауызекі  сөйлеу  тілінде  ғана  емес,  өз  заманындағы 
әдеби  тіл  нормасын  ұстай  да  шығарылған  туындылар  екенін 
танытады. Мұнда лексикалық араб және парсы қабаты шама-
мен  44,8  пайызын  қамтиды,  бұл  пайыз  ішіне  дінге  қатыссыз 
ұғымдарды  білдіретін  арабизмдер  де  кіреді.  Соңғы  топтың 
дені  –  дерексіз  (абстракт)  ұғымды  білдіретін  зат  есімдер  бо-
лып  келеді:  адаб,  афат,  уафа,  уаһм,  ’умр,  жаза,  ихлас  т.т. 
Бұл сөздердің көбі түркілік қыл-, бол-, тұт- сияқты көмекші 
етістіктермен  тіркесіп,  күрделі  етістіктер  жасайды:  ахир  бол
«біту, таусылу», байан қыл- «баяндау», ғазаб қыл- «ашулану», 
ихсан қыл- «сыйлау», матам тұт – «жоқтау» т.т.
Егер қазіргі қазақ әдеби тілінің лексика қазынасының 14-15 
пайыздайын  араб,  парсы  сөздері,  әсіресе  дерексіз  ұғым  атау- 
лары  құрайтын  болса,  оның  пайда  болу  себебін  қазақтардың 
араб, иран халықтарымен тікелей қарым-қатынас жасау нәти- 
жесінен  немесе  өзбек,  татар  жазба  әдеби  тілдерінің  әсерінен 
іздемей,  Ясауи  хикметтері  сияқты  халық  ішіне  сан  ғасыр 
бойы кең таралып келген әдеби мұралардың тілдік дәстүрінен 
іздеу керек болады. Бұл – қазақтың ауызша да, жазба да әдеби 
тілдерінің қайнар көздерімен іліктестігін, жалғастығын таны-
татын белгі.
Ясауи тілінің морфологиялық сипатына келсек, мұнда сөз 
жасау,  сөз  құбылту  амалдарын  білдіруде  «қыпшақтық»  та, 
«қыпшақтық  емес»  те  фактілер  бар.  Мысалы,  қазіргі  қазақ 
әдеби тілінің нормасы сияқты, мұнда да сан есіммен тіркескен 
зат  есімдер  көптік  жалғаусыз  келеді:  төрт  дәфтерім,  йуз 


62
мың  бәла,  екі  ‘алам.  Көптік  мағына  мұнда  негізінен  қазіргі 
түркі  тілдеріндегідей  -лар/-лер  аффиксімен  беріледі,  көне 
түркілік  -ан/-ин  (еран)  көптік  көрсеткіші  ретінде  танылудан 
гөрі,  арабтың  «ломаное  множество»  деп  аталатын  тұлғасы 
сияқты  (жекеше  шайх,  көпше  машайих,  халқ/халайиқ,  малик/
малайик  т.т.)  ескерткіш  тілінде  көптік  мағынаны  білдірмей, 
дербес тұлға ретінде келген тәрізді, өйткені халқ пен халайиқ 
тұлғаларының  жекелік-көптік  немесе  өзге  де  бір  мағыналық 
айырмашылығы жоқ (қазақ тілінде де солай), -лар жалғауының 
сын  есімдерді,  есімшелерді  заттандыру  (субстантивтендіру) 
қызметі  қазіргі  тілдердегі,  айталық,  қазақ  тіліндегі  сияқты: 
йахшылар, білгенлер.
Септеу, жіктеу парадигмаларында да «Хикметтер» тілі қа- 
зақ тілінен алшақтамайды. Мұнда атау, табыс, барыс, жатыс, 
шығыс,  ілік;  септіктері  бар,  ал  А.М.  Щербак  шектік  септік 
(предельный падсж) деп атаған -ғача/-гече қосымшаларымен 
жасалатын тұлға мұнда жоқ, ол ескі өзбек тілінде бар. Сондай-
ақ көмектес септікті білдіретін -ын/-ін көрсеткішімен келетін 
тұлға  да  жоқ,  бұл  тұлға  Шығыс  Түркістандық  ескерткіштер 
тіліне тән екені мәлім. Көмектестік мағына бірлә шылауымен 
берілген: үмид бірлә келібмән дәргәһіңә Аллаһым.
Септіктер  көрсеткіштеріндегі  ерекшелік  (қазақ  тілімен 
салыстырғанда) – шығыс септік жалғауының -дын/-дін (-дан/-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет